Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылғы 24-26 мамырда Астана қаласында өтетін «KIOSH 2023» еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 11-мерейтойлық Қазақстандық халықаралық конференция мен көрме өткізілетіні туралы хабарлайды.
Осы конференция мен көрме аясында «ХҚЭДО – Қазақстан» ЖШС Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетімен бірлесіп жұмыс берушілер арасында «Сенім» еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша конкурс өткізеді.
Бұл байқау келесі номинациялардан тұрады:
- «Еңбекті қорғаудың үздік қызметі»;
- «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік инженер»;
- «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор»;
Сіздерді жоғарыда аталған номинациялар бойынша осы конкурсқа қатысуға шақырамыз.
Өтінімдер мен сауалнамалар 2023 жылғы 21 наурызға дейін "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мекенжайына ұсынылуы, сондай-ақ электрондық мекенжайға көшірілуі қажет ozsp_sarykol@mail.kz.
Қосымша: конкурсқа қатысу шарттары, сауалнама-өтінім.