Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ қызметінің есебі.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ қызметінің есебі.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

"Сарыкөл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлім) жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Жұмыс тәртібі басшымен бекітілген Бөлімнің жұмыс регламентіне сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.
Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, Свобода көшесі, 1, индекс 111600

 


Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

 

Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, Свобода көшесі, 1, (2-қабат), индексі 111600. Байланыс телефоны 8 (71451) 36-9-59, факс 36-9-59.

 

Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

 

Сарыкөл ауданының жер қатынастары бөлімі 2018 жылы 7 мемлекеттік қызмет түрін көрсетті.:

ХҚО арқылы;

электрондық үкімет порталы арқылы;

Мемлекеттік орган арқылы.

2018 жылы жер қатынастары бөлімі 186 қызмет көрсетті. Оның ішінде:

Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту-0;

Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту – 142

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-36;

Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру-2;

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру-4;

 


Қызмет алушылармен жұмыс.

 

Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар ету үшін бөлімде Мемлекеттік қызмет көрсетуді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер (стандарттар, регламенттер және өзге де анықтамалық ақпарат) орналастырылған "Мемлекеттік қызметтер" стенді жабдықталған. Стендте орналасқан барлық ақпарат үнемі өзектіленеді.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат жүйелі түрде жергілікті БАҚ-та жарияланады, сондай-ақ жыл сайын Сарыкөл ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

Жер қатынастары бөлімі "ММ басшысы

әкімдіктің

"Сарыкөл ауданы Н. Батырашев

Тел. 8 (71451)36959

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ қызметінің есебі.
Дата публикации
05 июня 2020