"Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты" ММ АХАТ бөлімінің 2019 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы жыл сайынғы есебі
Жалпы ережелер.
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
"Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты" ММ АХАТ бөлімі Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл селосы, Тәуелсіздік көшесі, 72, индекс 111600 мекенжайы бойынша орналасқан. Байланыс телефоны 8(71451) 23-0-48.
2) мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Бекітілген Мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес 2019 жылы АХАТ бөлімі 1516 Мемлекеттік қызмет көрсетті.
- "Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты" ММ АХАТ бөлімі азаматтық хал актілерін тіркеу саласында 2019 жылы 9
алуға болатын мемлекеттік қызмет түрлерін:
- "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ арқылы);
- электрондық үкімет порталы арқылы;
- Мемлекеттік орган арқылы.
2019 жылы АХАТ бөлімі азаматтық хал актілерін тіркеу саласында 1516 Мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде 110 Мемлекеттік қызмет тікелей мемлекеттік орган арқылы көрсетілді, 1325 қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ (ХҚКО) арқылы көрсетілді, 81 - мемлекеттік қызмет электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілді. Түрлері бойынша 608 азаматтық хал актілері жасалды
Оның ішінде:
- "Тууды тіркеу, оның ішінде өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік қызметі-256.
- "Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік қызметі-204.
- "Неке қиюды тіркеу, оның ішінде өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" – 105 .
- "Некені бұзуды тіркеу, оның ішінде өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" - 119
- "Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" -52.
- "ТАӘ өзгертуді тіркеу, оның ішінде өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – - 6 .
- "Қайталама құжаттар мен анықтамалар беру" мемлекеттік қызметі – 769, оның ішінде 758 - ХҚКО, 11 – ЭҮП.
2019 жылдың қорытындысы бойынша мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағым түскен жоқ.
Қызмет алушылармен жұмыс.
1) көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар ету үшін бөлімде Мемлекеттік қызмет көрсетуді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер орналастырылған "Мемлекеттік қызметтер" стендімен жабдықталған.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдары 2019 жылы түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған жоқ.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
АХАТ бөлімінің басшысы Ю. В. Ляхова