«Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
«Сарыкөл ауданы Златоуст
ауылы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Әкімдіктің 2020 жылғы «__» ____________ № ___ қаулысымен бекітілген «Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1 тарау. Жалпы ережелер 1. Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы әкімінің аппараты (бұдан әрі – әкім аппараты) ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады. 2. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкім аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Әкім аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Әкім аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Әкім аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық- құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 6. Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы әкімінің аппараты туралы ереже, оның құрылымы Сарыкөл ауданы әкімдігімен бекітіледі. 7. Толық атауы «Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111604, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Златоуст ауылы, Целинная көшесі, 3 үй. 8. Әкім аппараты Сарыкөл ауданының әкімдігімен құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады. 9. Жергілікті бюджеттен арқылы қамтылатын әкімнің аппараты мемлекеттік мекемесі болып табылады. 10. Әкім аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 2 тарау. Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы әкімі аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері 11. Міндеттері: әкімнің қызметінде ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу. 12. Функциялары: 1) Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы әкімінің аппараты өз құзыретінің шеңберінде: жергілікті қоғамдастық жиынын, бөлек жергілікті қоғамдастық тұрғындардын жиынын ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй, жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету; шақырылған бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиыны мен жиналысының және талқыланатын мәселелері бойынша кемінде он күннен бұрын күнтізбелік күнге дейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олардың өткізілетін уақытын хабарлау; Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы әкімінің мақұлданған және жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету; Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы бюджетін жоспарлауы мен атқарылуын қамтамасыз ету; Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы бюджетінің орындалуы туралы есебін аудандық маслихат және жергілікті қоғамдастық жиналысына ұсыну; Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы бюджетін іске асыру туралы шешімін қабылдау; жергілікті қоғамдастық дамыту бағдарламасын жергілікті қоғамдастық жиналысына әзірлеу және бекітуге ұсыну; Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы коммуналдық мүлігіне жататын қайта жаңарту және жөндеу объектілерінің құрылысы бойынша тапсырыс беруші болу; коммуналдық мүлікті мақсатты және тиімді пайдалану жергілікті өзін-өзі басқару арқылы бақылауды жүзеге асыру; коммуналдық заңды тұлғаларға жергілікті өзін-өзі басқару байланысы бойынша коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асыру; коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын белгілеу, Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы коммуналдық меншігінде орналасқан мүлік (жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық меншігі), келесі баланстан шығара отырып өзге тұлғаға бергенге дейін қойылған мүлікті мерзімі мен мазмұнының сақталуын қамтамасыз ету; мемлекет мүддесіндегі коммуналдық мүліктін мәселелері бойынша жергілікті өзін-өзі басқару өкілдік ету, Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы меншіктік құқықтық қорғауын жүзеге асыру (жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық меншігі); жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық мүліктік басқармасының сенімгерлік шарты бойынша басқарушының міндеттемелері сенімгерлікпен орындалуын бақылауды жүзеге асыру; Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы (жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық меншігі) коммуналдық меншікте тұрған мүлікті коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру; жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастыру, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету; 2) Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы әкімінің аппаратының келісімі бойынша жергілікті қоғамдастықтың жиналысында: нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқару саласында жергілікті өзін-өзі басқаруды өз құзыретінің шегінде жобаларын әзірлеу; жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық мүлікті басқарады, егерде Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру; жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық мүлікті жекешелендіру шешімін қабылдау және жүзеге асыру, соның ішінде жекешелендіру объектісін дайындау жүйесінде оның сақталуын қамтамасыз ету, жекешелендіру жүйесін ұйымдастыруда делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауын дайындау, алып-сату шарттарының талаптарын сақталуын бақылау мен алып-сату шарттарының жекешелендіру нысанының келісім-шарттарын жасасу және жүзеге асыруды қамтамасыз ету; Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы коммуналдық меншігінде орналасқан мүлік (жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық меншігі), сондай-ақ коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар түрі (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын), осындай қызметті жүзеге асыратын, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындау; жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің жеке шаруашылық қызметінің нәтижесінде алынған, алып қою немесе мүлікті қайта бөлуді жүзеге асыру; жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық заңды тұлғаларға мүлікті пайдаланылмайтын не пайдаланылмаған, артығын алып қоюды жүзеге асыру; жеке тұлғаларға сенімгерлікпен басқаруға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз немесе кейіннен сатып алу құқығымен, коммуналдық мүлікті жергілікті өзін-өзі басқарудың мүліктік жалдауға (жалға алу) ұсыну; Сарыкөл ауданы әкімінің келісімі бойынша жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық заңды тұлғалардыңатауын өзгерту және тарату, қайта ұйымдастыру, құру туралы шешім қабылдау; коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынды иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен билік етуге келісім беру, өзіне бекітілген мүлікті қоспағанда (өзі өндірген өнімді сату), филиалдар мен өкілдіктерін құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беру және есептен шығару; жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік заңды тұлғалардың жарғысын (ережесін) бекіту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу; бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар, Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы коммуналдық меншігінде тұрған мүлік (жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық меншігі), қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін айқындау; Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы коммуналдық меншігінде тұрған мүлік (жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық меншігі), «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңыңда көзделген жағдайлармен келісу, қарау, және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын бекіту және олардың орындалуы бойынша есеп беру; жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық мүлікті пайдалану туралы шешім қабылдау, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру; жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық заңды тұлғаларға коммуналдық мүлік жергілікті өзін-өзі басқаруды бекіту; жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық мүлікті иеліктен шығару туралы шешім қабылдау; Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген өзге де өкілетті жүзеге асыру. 13. Әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде құқығы бар: мемлекеттік органдардын лауазымды тұлғаларынан және басқа да ұйымдардан құжаттар мен басқа да материалдарды, қажетті ақпаратты сұратуға және алуға; мүліктік және мүліктік емес құқықтарын жүзеге асыру мен алуға ; мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің деректер базасының ақпаратын пайдалануға; шарттар, келісімдер жасауға; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға. 14. Әкімінің аппараты өз құзыретінің шегіндегі міндеттері: қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету; Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдарының, облыс әкімінің және әкімдігінің, ауданның, Златоуст ауылы актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау; қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру. 3 тарау. Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыру 15. Әкімнің аппаратын Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы әкімі басқарады. 16. Әкімнің өкілеттігі: 1) әкімнің аппарат жұмысын ұйымдастырады, оның басшылықтық қызметін жүзеге асырады; 2) жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді; 3) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, бюджет қаражатын үнемдеу және (немесе) түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлерді қабылдайды; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, олардың иелігінде қалған, мемлекеттік мекемелердің тауарларын (жұмыс, қызмет) іске асырудағы шығын ақша мен түсім жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді; 5) Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді; 6) Сарыкөл ауданы әкімінің келісімі бойынша және Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы жергілікті қоғамдастық жиналысымен авариялық тұрғын үйді бұзуды ұйымдастырады; 7) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттарының шеңберінде ауыл тұрғындарын шағын несиелеумен жәрдем көрсетеді; 8) Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 17. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес әкімде әкімнің орынбасары болуы мүмкін. 18. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкімнің орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін әкім айқындайды. 19. Әкім аппаратының қызметкерлері мемлекеттік қызметшілердің этикасының нормаларын сақтауын әкім қамтамасыз етеді. 4 тарау. Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы әкімі аппаратының мүлкі 20. Әкімінің аппараты заңнамада көзделген жағдайлардажедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Әкімі аппаратының мүлкі, оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда), Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. 21. Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы әкімінің аппаратымен бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады. 22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастықтың жиналысындағы келісімі бойынша өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етеді. 5 тарау. Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату 23. Әкімнің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. ________________________________
Дата публикации
21 декабря 2020