2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОБ саны 1215 бірлікті құрады, оның ішінде заңды тұлғалар – 58 бірлік, дара кәсіпкерлер – 595 Бірлік, шаруа қожалықтары – 562 бірлік, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі – 99,5% құрады.
Сарыкөл ауданы бойынша жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің 1215 бірлігінің ішінде ауыл шаруашылығына – 608 бірлік немесе 50,0%, саудаға – 259 бірлік немесе 21,0%, көлікке және қоймаға – 117 бірлік немесе 9%, өңдеуші өнеркәсіпке – 40 бірлік немесе 3,0%, басқа да қызмет түрлерін көрсетуге – 106 бірлік немесе 9%, өзге де қызмет түрлері – 85 бірлік немесе 8,0%.
ШОБ саласында жұмыспен қамтылғандар саны 3157 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-қыркүйек), оның ішінде заңды тұлғалар – 1262 адам, жеке кәсіпкерлер – 1068 адам, шаруа қожалықтары – 827 адам.
ШОБ субъектілерінің өнім шығаруы 42,7 млрд.теңгені (2025 жылғы қаңтар-қыркүйек) құрады, оның ішінде заңды тұлғалар – 22,4 млрд. теңге, жеке кәсіпкерлер – 6,5 млрд. теңге, шаруа қожалықтары – 13,8 млрд. теңге.
2025 жылғы 1 қарашаға өңдеу секторында 950 млн. теңгеден астам сомаға өнім өндірілді.
Нақты көлем индексі 103,1% құрады. 2025 жылғы 1 қарашаға бөлшек сауда көлемі 694,2 млн. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі-100,4%. 2025 жылғы 1 қарашаға көтерме сауда көлемі 1,9 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі-148,4%. 2025 жылдың 1 қарашасына аудан кәсіпорындарымен 166,3 млн. теңге инвестиция салынды. Нақты көлем индексі-4,0%.