Қашар кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының 07 ақпан 2025 ж. ХАТТАМАСЫ №6

 

Қашар кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының

ХАТТАМАСЫ

№6

 

Қашар кенті                                                          07 ақпан 2025 жыл

әкімдік ғимараты                                                 16-00 сағат

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығымен бекітілген жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгілік регламентіне сәйкес Қашар кенті тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізіледі.

         Қатысқандар:  Қашар кентінің әкімі М.Қ. Раймбекова; Жиынға жергілікті қоғамдастық мүшелері берген 15 адам, оның ішінде 9  адам қатысты: Васильковская Е.В., Кожемяко В.В., Кавтаскин В.В.,  Костюкова С.Н., Шрам И.П., Жежа Н.И., Штро Т.В., Лобач Н.А., Шульгат Г.А. Жиналыс заңды.

Қашар кентінің әкімі М.Қ. Раймбекова жиналысты ашады және жүргізеді: хаттаманы ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы төраға мен хатшыны сайлау қажет. Жергілікті қоғамдастық жиналысының өкілдері                     Е.В. Васильковскаяны төраға, В.В. Кавтаскинаны  хатшы етіп сайлауды ұсынды.  

         Жиналыс төрағасын сайлау:

Дауыс берді:

«қолдайды» -  9 адам.

«қарсы» - жоқ.

«қалыс қалды» - жоқ.

Жиналыс хатшысын  сайлау:

Дауыс берді:

«қолдайды» -  9 адам.

«қарсы» - жоқ.

«қалыс қалды» - жоқ.

 

Күн тәртібінде:

         Қашар кентінің 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті келісу туралы мәселені қарау.

         Сөз алды: Қашар кентінің әкімі М. Қ. Раймбекова: Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 131-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына сәйкес жергілікті қоғамдастық мүшелеріне Қашар кентінің 2024 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебінің жобасын (жоба) келісуді ұсынамын ( жиналыс мүшелеріне ұсынылды).

         Қашар кентінің 2024 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебінің жобасын қарау қорытындысы бойынша оны жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерімен келісу туралы мәселені дауысқа салу қажет деп санаймын.

Дауыс берді:

«қолдайды» -  9 адам.

«қарсы» - жоқ.

«қалыс қалды» - жоқ.

Бірауыздан қабылданды.

 

Жиналыста шешті:

1.Қашар кентінің 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есептің жобасы келісілсін.

 

Төраға                                                                         Васильковская Е.В.

                                                                

    Хатшы                                                                     Кавтаскин В.В. 

        

         Қарастырылды

         Қашар кеетінің әкімі                                             Раймбекова М.Қ.

        

         МО

         Күні: 07.02.2025 жыл

                                                                                                       

 

Дата публикации
30 июня 2025