13.11.2024 ж. Қашар кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының  ХАТТАМАСЫ № 31

Қашар кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының

 ХАТТАМАСЫ № 31

 

 

Қашар к.                                                                  13 қараша 2024 жыл

құрылыс 7А                                                             11:00 сағат

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығымен бекітілген жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгілік регламентіне сәйкес Қашар кенті тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізіледі.

Қатысқандар: Қашар кентінің әкімі М.Қ. Раймбекова ;  Жиынға жергілікті қоғамдастық мүшелері берген 15 адам, оның ішінде 8  адам қатысты.: Васильковская Е.В., Кожемяко В.В., Кавтаскин В.В., Ружьёва И.В., Костюкова С.Н., Погольская М.В., Штро Т.В., Шульгат Г.А. Жиналыс заңды.

                Қашар кентінің әкімі әкімі М.Қ. Раймбекова  жиналысты ашады және жүргізеді: хаттаманы ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы төраға мен хатшыны сайлау қажет. Жергілікті қоғамдастық жиналысының өкілдері С.Н. Костюкованы төраға, Т.В. Штроны хатшы етіп сайлауды ұсынды.

 

         Жиналыс төрағасын сайлау:

Дауыс берді:

«қолдайды» -  8 адам.

«қарсы» - жоқ.

«қалыс қалды» - жоқ.

 

Жиналыс хатшысын  сайлау:

Дауыс берді:

«қолдайды» -  8 адам.

«қарсы» - жоқ.

«қалыс қалды» - жоқ.

 

Күн тәртібінде:

 

Салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің жылдық жоспары – болжамы азайтыла отырып, бюджет қаражатының бос қалдықтарына қайта бөлуге жататын 2024 жылдың қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу нәтижесінде қалыптасқан үнемдеуді қайта бөлу.

Рудный қалалық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 94 «Горняцк және Қашар кенттерінің 2024 – 2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» әкімнің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы            № 123 – ө шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасын қарау.

Қашар кентінің әкімі М.Қ. Раймбекова сөз сөйледі:

2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу нәтижесінде 5 062,3 мың теңге сомасында ақшалай қаражатты үнемдеу қалыптасты, ол 1 – қосымшаға сәйкес салық және салықтық емес түсімдер бойынша жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің жылдық жоспары – болжамы азайтыла отырып, бюджет қаражатының бос қалдықтарына қайта бөлуге жатады.

 

Егер сұрақтар мен ескертулер болмаса, «Әкімнің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 123 – ө шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Рудный қалалық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 94 «Горняцк және Қашар кенттерінің 2024 – 2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасын келісуді ұсынамын.

 

 

Дауыс берді:

«қолдайды» - 8 адам.

«қарсы» - жоқ.

«қалыс қалды» - жоқ.

Бірауыздан қабылданды.

 

Жиналыста шешті:

Рудный қалалық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 94 «Горняцк және Қашар кенттерінің 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Әкімнің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 123 – ө шешіміне өзгерістер енгізу туралы» жоба келісілсін.          

 

Төраға                                                            Костюкова С.Н   

                                                

Хатшы                                                               Штро Т.В.

 

   

Қарастырылды

Қашар кентінің әкімі                                       М.Қ. Раймбекова

 

МО

Күні: 13.11.2024 жыл.                                                                                      

 

 

 

Дата публикации
26 февраля 2025