29.10.2024ж. Қашар кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының №28 ХАТТАМАСЫ

Қашар кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының

ХАТТАМАСЫ №28

 

 

Қашар к.                                                      29 қазан 2024 жыл

құрылыс № 7А                                            уақыты 16:00 сағат

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығымен бекітілген жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгілік регламентіне сәйкес Қашар кенті тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізіледі.

Қатысқандар:  Қашар кентінің әкімі М.Қ. Раймбекова; Жиынға жергілікті қоғамдастық мүшелері берген 15 адам, оның ішінде 9  адам қатысты:

Васильковская Е.В., Кожемяко В.В., Кавтаскин В.В., Ружьёва И.В., Костюкова С.Н., Лобач Н.А., Погольская М.В., Штро Т.В., Шульгат Г.А. Жиналыс заңды.

Қашар кентінің әкімі М.Қ. Раймбекова жиналысты ашады және жүргізеді.: хаттаманы ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы төрайым мен хатшыны сайлау қажет. Жергілікті қоғамдастық жиналысының өкілдері                     хаттаманы ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы төрайым мен хатшыны сайлау қажет. Жергілікті қоғамдастық жиналысының өкілдері                                         С.Н. Костюкованы төраға, В.В. Кожемяконы хатшы етіп сайлауды ұсынды.  

         Жиналыс төрағасын сайлау:

Дауыс берді:

«қолдайды» -  9 адам.

«қарсы» - жоқ.

«қалыс қалды» - жоқ.

 

Жиналыс хатшысын  сайлау:

Дауыс берді:

«қолдайды» -  9 адам.

«қарсы» - жоқ.

«қалыс қалды» - жоқ.

 

Күн тәртібінде:

Қашар кентінің 2025 – 2027 жылдарға арналған бюджетінің жобасын қарау.

Сөз сөйледі: Қашар кентінің әкімі М.Қ. Раймбекова:

2025 – 2027 жылдарға арналған Қашар кентінің бюджетінің кіріс бөлігінің болжамы бойынша мәселені қарау бойынша 14.10.2024 жылғы Рудный қаласының бюджеттік комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді көшірмеге сәйкес; бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің лимитін, 2025 - 2027 жылдарға арналған жаңа бастамаларға лимиттерді айқындау жөніндегі мәселені қарау бойынша; Қашар кентінің 2025 – 2027 жылдарға арналған бюджеттік қамтамасыз ету жөніндегі мәселені қарау.

Бірінші мәселе бойынша Қашар кентінің 2025 – 2027 жылдарға арналған бюджетінің кіріс бөлігі қабылдансын, оның ішінде: 2025 жылға – 74 510,0 мың теңге; 2026 жылға – 75 942,0 мың теңге; 2027 жылға-77 620,0 мың теңге. Екінші мәселе бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің лимиттері, 2025 – 2027 жылдарға арналған жаңа бастамаларға лимиттер мынадай мөлшерде қабылдансын: 2025 жылға – 309 895,0 мың теңге, 2026 жылға – 322 211,0 мың теңге, 2027 жылға – 329 850,0 мың теңге.

Қашар кенті бюджетінің кіріс бөлігі бойынша жеткізілген жоспар – болжамға және бюджеттің шығыс бөлігі бойынша лимиттерге сәйкес, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 73,73-1-бабы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы негізінде жергілікті атқарушы органдардың қоғамдастық мүшелеріне Қашар кентінің 2025 – 2027 жылға арналған бюджетінің жобасын қарастыруды және келісуді ұсынамын (жоба жиналыс мүшелеріне ұсынылды.)

 

Дауыс берді:

«қолдайды» - 9 адам.

«қарсы» - жоқ.

«қалыс қалды» - жоқ.

 

Жиналыс шешті:

 

  1. Қашар кентінің 2025-2027 жылға арналған бюджетінің жобасы келісілсін.

 

Жиналысты өткізу бойынша ескертулер, ұсыныстар түскен жоқ.

 

 

Төараға                                                            Костюкова С.Н.

 

                              

Хатшы                                                               Кожемяко В.В.

 

 

Қарастырылды                                                  

Қашар кентінің әкімі                                      М.Қ. Раймбекова

 МО

  Күні: 29.10.2024 жыл.

 

 

 

        

 

 

 

Дата публикации
26 февраля 2025