20.09.2024 ж. Қашар кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының №25 ХАТТАМАСЫ

Қашар кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының

ХАТТАМАСЫ №25

 

Қашар к.                                              20   қыркүйек  2024  жыл

құрылыс 7А                                        16:00 сағат

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығымен бекітілген жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгілік регламентіне сәйкес Қашар кенті тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізіледі.

Қатысқандар:  Қашар кентінің әкімі м.а. А.Т. Қойшынов,  ; Жиынға жергілікті қоғамдастық мүшелері берген 15 адам, оның ішінде 8  адам қатысты. Жиналыс заңды..

                Қашар кентінің әкімі м.а. А.Т. Қойшынов жиналысты ашады және жүргізеді: хаттаманы ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы төрайым мен хатшыны сайлау қажет. Жергілікті қоғамдастық жиналысының өкілдері                     В.В. Кожемяконы төраға, Н.А. Лобачты хатшы етіп сайлауды ұсынды.

 

         Жиналыс төрағасын сайлау:

Дауыс берді:

«қолдайды» -  8 адам.

«қарсы» - жоқ.

«қалыс қалды» - жоқ.

 

Жиналыс хатшысын  сайлау:

Дауыс берді:

«қолдайды» -  8 адам.

«қарсы» - жоқ.

«қалыс қалды» - жоқ.

 

Күн тәртібінде:

Рудный қалалық мәслихатының 2023 жылғы  29 желтоқсандағы № 94 «Горняцк және Қашар кенттерінің 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешімін іске асыру туралы» әкімнің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 123 – ш шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасын қарау. Жоғары тұрған бюджеттерден бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді қайта бөлу. Аудандық бюджетке нысаналы трансферттердің қалыптасқан үнемдеуін қайтару.

Сөз сөйлеген: Қашар кенті әкімінің м. а. А.Т. Қойшынов: Жасалған шарттың қорытындысы бойынша: 008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша аудандық бюджеттен көшелерді жарықтандыру желілерін ұстауға бөлінген трансферттер есебінен (51 дана жарықтандыру жабдығын ауыстыру) 497,7 мың теңге сомасында ақшалай қаражатты үнемдеу қарастырылуда, онда бөлінген сома 2 128,0 мың теңгені, жасалған шарт сомасы «Тендер Профи» ЖШС қызмет көрсетушісімен 1 630,2 мың теңгені құрайды, 497,7 мың теңге сомасындағы үнемдеу аудандық бюджетке қайтарылуға жатады.

013 «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша «SPECO» ЖШС-мен жасалған 22.02.2024 жылғы № 14 шартты бұзу нәтижесінде қалыптасқан 17 017,3 мың теңге мөлшерінде үнемдеу сомасы «Қашар кентіндегі күзгі және қысқы кезеңдерде автомобиль жолдарын және жалпы пайдаланылатын орындарды күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарға» 045 «Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу» бағдарламасына қайта бөлу қажет, оның ішінде 2024 жылға - 1,0 мың теңге; 2025 жылға – 17 016,3 мың теңге сомасы 2024-2025 жылдарға арналған Солнечная көшесі мен Тихий тұйық көшесі, Первостроителей көшесі бойындағы автомобиль жолын орташа жөндеуге арналған шарт жасасу үшін. Жобаланатын учаскенің ұзақтығы: 0,345 км. автомобиль жолының жоғарыда көрсетілген учаскесі бойынша орташа жөндеу жүргізу үшін сметалық құжаттама «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК ведомстволық сараптамасынан өтті және 09.09.2024 жылғы техникалық құжаттама бойынша Қостанай-1364/2024 ММ оң ведомстволық қорытындылар алынды.

    Егер сұрақтар мен ескертулер болмаса, «Әкімнің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 123 - ш шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  Рудный қалалық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 94 «Горняцк және Қашар кенттерінің 2024 – 2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешімін іске асыру туралы» шешімінің жобасын келісуді ұсынамын.

Дауыс берді:

«қолдайды» -  8 адам.

«қарсы» - жоқ.

«қалыс қалды» - жоқ.

Жиналыс шешті:

«Рудный қалалық мәслихатының 2023 жылғы  29 желтоқсандағы № 94 «Горняцк және Қашар кенттерінің 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешімін іске асыру туралы» әкімнің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 123 – ш шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы келісілсін.

 

Төраға                                                                     Кожемяко В.В.

 

 Хатшы                                                                     Лобач Н.А.

Дата публикации
26 февраля 2025