«Қашар кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 1 жартыжылдықтағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы №193бұйрығына

2-қосымша

 

 

 

«Қашар кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы  1 жартыжылдықтағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

 

  1. Жалпы ереже

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына) сәйкес «Қашар кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлім) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 4 түрін көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету орны (мекенжайы, телефоны): Қашар кенті, 1 шағынаудан, 7А құрылыс, байланыс телефондары: 2-75-35, 2-75-36.

    2024 жылдың 1 жартыжылдығында көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны -30-ды құрады, оның ішінде: «электрондық лицензиялау» порталы арқылы -5.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

1 . Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту бойынша-9 қызмет көрсетілді;

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру бойынша -5 қызмет көрсетілді;
  2. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру бойынша-11 қызмет;
  3. Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу бойынша -6 қызмет көрсетілді;
  4. Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеуге сату бойынша - 4 қызмет көрсетілді.
  5. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

Қашар кентінің әкімі аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат Қашар кентінің әкімі аппаратының ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидалар мен стандарттар» бөлімінде орналастырылған. Сондай-ақ, ақпарат әкімдіктің әкімшілік ғимаратының 1-қабатының фойесінде және басқа да қоғамдық орындарда орналастырылған. Қашар кенті әкімінің аппаратында  1 «komek alany» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған.

Көрсетілетін қызметті берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша іс - шаралар өткізу бойынша 12 жұмыс жүргізілді.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша): мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар көрсетілетін қызметті алушылардан түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері: мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетіледі. Көрсетілген уақыт кезеңінде Қашар кентінің әкімдігі мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдерін бұзушылықтарды анықтаған жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау шеңберінде Рудный қаласы әкімі аппаратының ішкі бақылау, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар қызметіне көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есеп ай сайын ұсынылады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері:

Рудный қаласы әкімі аппаратының ішкі бақылау, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар қызметінің басшысы бөлімге қатысты мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы сақтау тұрғысынан бақылау іс-шарасын өткізді, онда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту үшін жазбаша ұсынымдар берілді.

Дата публикации
11 сентября 2024