«2025 жылғы Қашар кенті бюджетінің орындалуы туралы»
түсіндірме жазба
2025 жылға арналған кент бюджеті «2024 жылғы 31 желтоқсандағы Рудный қалалық мәслихатының № 192 «Горняцк және Қашар кенттерінің 2025–2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешімін іске асыру туралы» шешімімен бекітілді.
2025 жылы жергілікті бюджет 8 рет нақтыланды, аудан бюджетіне 7 рет түзету енгізілді.
2025 жыл ішінде Қашар кенті бюджетінің шотына 1 млрд 23 млн 276,3 мың теңге түсті, оның ішінде кірістер (1-2-3 санаттар) – 151 млн 643,1 мың теңге, жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдарынан Қашар кентінің бюджетіне берілген трансферттер – 825 млн 574,9 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер – 590 млн 189,9 мың теңге, аудандық бюджеттен берілген субвенциялар – 235 млн 385,0 мың теңге.
Жыл басындағы пайдаланылған бюджет қаражатының бос қалдықтары – 46 млн 58,3 мың теңге.
2025 жылға салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша жоспар-болжам 132 млн 766,4 мың теңге көлемінде бекітілді, ал 2025 жыл кезеңіндегі нақты түсімдер сомасы 151 млн 643,1 мың теңгені құрады. Пайыздық көрсеткіште жоспардың орындалуы 114,2%-ды құрады, ал ақшалай түрде жоспардың артығымен орындалуы 18 млн 876,7 мың теңгені құрады. Бюджеттің кіріс бөлігінің артығымен орындалуы келесі факторлар есебінен қамтамасыз етілді: төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан алынатын жеке табыс салығының 8 880,1 мың теңгеге артық түсуі, бұл тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бағасының өсуіне байланысты салық салынатын базаның ұлғаюы нәтижесінде қалыптасты; жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтың 1 934,8 мың теңгеге артық түсуі, бұл Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімнен бұрын төлем жасауымен (2025 жылға алдын ала төлем) түсіндіріледі; біржолғы төлемдердің (шарттық міндеттемелерді уақтылы орындамағаны үшін өсімпұл) 6 млн 624,8 мың теңге көлемінде түсуі.
2025 жылғы есепті кезеңнің соңында бюджет қаражатының бос қалдығы 21 млн 458,0 мың теңгені құрады.
2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қашар кенті бюджетінің шығыстары 1 млрд 4 млн 399,5 мың теңгені құрады. Функционалдық топтар бөлінісінде шығыстар мыналарды құрайды:
|
Функционалдық топтардың атаулары: |
Сома (мың теңге) |
% жалпы шығыстар сомасынан |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
283 991,0 |
28,3 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
137 776,3 |
13,7 |
|
Көлік және коммуникациялар |
470 252,0 |
46,8 |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік |
110 082,0 |
11,0 |
|
Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару |
2 298,2 |
0,2 |
124-001-015 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер» жергілікті бюджет қаражаты есебінен. Орындалуы 102 665,4 мың теңгені құрады, нақтыланған жоспар 103 751,4 мың теңге болғанда, игерілмеу сомасы – 1 086,0 мың теңге, пайыздық көрсеткіште – 98,95%. Қабылданған міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының игерілмеуі келесі шығыс баптары бойынша қалыптасты:
–111 ерекшелік «еңбекақы төлеу» – 258,7 мың теңге;
– 112 ерекшелік «қосымша ақшалай төлемдер» – 240,3 мың теңге;
– 113 ерекшелік «өтемақы төлемдері» – 2,3 мың теңге;
– 116 ерекшелік «жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары» – 50,1 мың теңге;
– 122 ерекшелік «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар» – 71,8 мың теңге;
– 124 ерекшелік «міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар» – 111,5 мың теңге;
– 149 ерекшелік «басқа да қорларды сатып алу» – 12,2 мың теңге;
– 151 ерекшелік «коммуналдық қызметтерге төлем» – 18,8 мың теңге;
– 152 ерекшелік «байланыс қызметтеріне төлем» – 42,7 мың теңге;
– 159 ерекшелік «өзге де қызметтер мен жұмыстарға төлем» – 277,4 мың теңге.
Штат санының лимиті 10 бірлікті құрайды.
Әкім аппаратының қызметін қамтамасыз ету жүктелген функцияларды орындау мақсатында мемлекеттік қызметшілердің штат саны 10 бірлік жоспарға сәйкес 10 бірлік көлемінде, ал келісімшарт бойынша қызметкерлер саны 6,5 бірлік жоспарға сәйкес 6,5 бірлік көлемінде сақталды.
Еңбекақы төлеу ерекшеліктері бойынша игерілмеу жыл ішінде бос жұмыс орындарының болуына және қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданылуына байланысты (сыйақы төлеу мүмкін еместігі) еңбекақы қорының үнемделуімен түсіндіріледі.
Басқа да қорларды сатып алу бойынша игерілмеу жеткізуші тарапынан қаржы жылының соңына дейін шот-фактураның ұсынылмауына байланысты шарт бойынша төлемнің жүргізілмеуімен түсіндіріледі.
Өзге де қызметтер мен жұмыстарға төлем бойынша игерілмеу жеткізуші тарапынан қаржы жылының соңына дейін шот-фактураның ұсынылмауына байланысты шарттар бойынша төлемдердің жүргізілмеуімен түсіндіріледі.
Коммуналдық қызметтерге төлем бойынша игерілмеу желтоқсан айына коммуналдық төлемдер бойынша шот-фактуралардың ұсынылмауына байланысты, тиісінше төлемнің жүргізілмеуімен түсіндіріледі.
Байланыс қызметтеріне төлем бойынша игерілмеу қаржы жылының соңында жүргізілген түзетулерден кейін «Қазақтелеком» АҚ қызметтері бойынша шарт сомасының 42,6 мың теңгеге азайтылуына байланысты түсіндіріледі.
124-022-015 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» жергілікті бюджет қаражаты есебінен. Орындалуы 1 330,6 мың теңгені құрады, нақтыланған жоспар 1 330,6 мың теңге, немесе 100,00 %. Аталған қаражат 3 ноутбук, сканер және өзге де жабдықтарды сатып алуға бағытталды.
124-022-028«Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» жергілікті бюджет қаражаты есебінен. Орындалуы 176 860,9 мың теңгені құрады, нақтыланған жоспар 176 861,1 мың теңге, немесе 100,00 %. Аталған қаражат:
«Қашар кенті әкімінің аппараты» ММ №38 ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына(Рудный қаласы)172 033,2 мыңтеңге;аталған ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстары бойынша техникалық қадағалау қызметтеріне–4 020,3мыңтеңге; аталған ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстары бойынша авторлық қадағалау қызметтеріне – 807,5 мың теңге бағытталды.
Барлық жұмыстар жоспарланған іс-шараларға сәйкес орындалды.
124-032-015 «Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» жергілікті бюджет қаражаты есебінен. Орындалуы 2 047,9 мың теңгені құрады, нақтыланған жоспар 2 047,0 мың теңге, немесе 100,00 %. Аталған қаражат 23 дана музыкалық аспаптарды сатып алуға бағытталды.
Барлық жұмыстар жоспарланған іс-шараларға сәйкес орындалды.
2.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
124-008-015 «Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру» жергілікті бюджет қаражаты есебінен. Орындалуы 27 577,7 мың теңгені құрады, нақтыланған жоспар 27 577,8 мың теңге, ауытқу – 0,09 мың теңге, дөңгелектеу есебінен, пайыздық көрсеткіште – 100%. Қаражат келесі бағыттарға жұмсалды:түнгі уақытта көшелерді жарықтандыру үшін коммуналдық қызметтерге төлем–15175,7мыңтеңге; Қашар кентіндегі көшелерді жарықтандыру желілерін күтіп-ұстау жұмыстары – 2 566,9 мың теңге; кенттің 1 шағынауданында тіректерге жарықдиодты шамдарды орнату (35 тірек, 42шам)–9 450,1 мыңтеңге; кенттегі саябақтың көшелерді жарықтандыру электр желісін (0,4 кВ) жөндеу жұмыстары – 385,0 мың теңге.
Барлық жұмыстар жоспарланған іс-шараларға сәйкес орындалды.
124-009-015 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» жергілікті бюджет қаражаты есебінен. Орындалуы 24 063,6 мың теңгені құрады, нақтыланған жоспар 24 063,7 мың теңге, ауытқу – 0,09 мың теңге, дөңгелектеу есебінен, пайыздық көрсеткіште – 100%. Шығыстар келесі жұмыстарға қарастырылған: аумақты дезинсекциялау (масаға қарсы өңдеу) қызметтері – 5 040,0 мың теңге, өңделген жалпы аумақ 150 000 м² (мамыр–қыркүйек 2025 жыл); заңсыз қоқыс үйінділерін жою – 1 742,5 мың теңге, шығарылған қалдық көлемі 100 тонна; ірі көлемді қалдықтарды (ІКҚ) жинау, шығару және кәдеге жарату – 10 717,2 мың теңге (жүк тиегіш техникасы – 222 маш/сағат, самосвал–496маш/сағат); Қашар кентінің аумағын ҚТҚ-дан санитарлық тазалау – 5 984,9 мың теңге (жүк тиегіш – 159 маш/сағат, самосвал 355 маш/сағат); бояу және сырлау жұмыстары (орындықтар, қоқыс жәшіктері, аялдамалар) – 579,0 мың теңге.
Барлық жұмыстар жоспарланған іс-шараларға сәйкес орындалды.
24-011-015 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» жергілікті бюджет қаражаты есебінен. Орындалуы 84 735,3 мың теңгені құрады, нақтыланған жоспар 86 134,8 мың теңге болғанда, ауытқу – 1 399,5 мың теңге, пайыздық көрсеткіш – 98,38%. Орындалмау себептері төмендегідей түсіндіріледі:Қашар кенті аумағында автомобиль тұрақтарын (паркингтерді) орнату бойынша жасалған шартта сметалық есепке сәйкес жоспарланған сома 7 788,4 мың теңге болған. Бұл шарт бір көзден алу тәсілімен мердігерге жолданған. Алайда аталған жеткізуші ҚҚС төлеуші болмағандықтан, 834,5 мың теңге көлемінде үнем қалыптасып, шарт 6 953,9 мың теңгеге жасалды. Асфальтбетоннан тротуарлар салу бойынша жасалған шартта сметалық есепке сәйкес жоспарланған сома 5 273,6 мың теңге болған. Жеткізуші ҚҚС төлеуші болмауына байланысты 565,0 мың теңге үнем қалыптасып, шарт 4 708,6 мың теңгеге жасалды. Осылайша, шарттар жасалу нәтижесінде жалпы 1 399,5 мың теңге үнем қалыптасты. Аталған сома қаржы жылының соңында пайда болып, 2025 жылғы нақтылау барысында бюджетке қайтарылмаған. Шығыстар сомасы 84 735,3 мың теңге келесі жұмыстар мен қызмет түрлеріне бағытталды: балалар, ойын және спорт алаңдарын техникалық күтіп-ұстау және қызмет көрсету – 7 547,3 мың теңге; сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары – 418,8 мың теңге; гүлзарларды сатып алу, отырғызу, суару және күтіп-ұстау – 5 000,0 мың теңге; шөп шабу жұмыстары – 12 500,0 мың теңге; ағаштар мен бұталарды санитарлық қырқу (кронация) – 5 491,1 мың теңге; автокөлік тұрақтарын орнату – 14 742,3 мың теңге; аумақты жөндеу/абаттандыру жұмыстары (қоқыс жәшіктері мен орындықтарды жөндеу, автопавильондарды бояу) – 1 266,4 мың теңге; шағын сәулет нысандарын орнату – 1 094,6 мың теңге;қаңғыбас малға арналған қора (загон) дайындау және орнату – 990,0 мың теңге;көгал шөп егу (жаңа егілген газондарды күтіп-ұстау) және ағаш көшеттерін отырғызу бойынша күтім жұмыстары – 9 296,5 мың теңге; саябақты күтіп-ұстау және қызмет көрсету – 4 931,5 мың теңге; асфальтбетоннан тротуарлар салу – 4 708,6 мың теңге; көшелік сырғанақ (горка) дайындау және орнату – 3 148,3 мың теңге; көше гирляндаларын демонтаж/монтаждау – 1 981,9 мың теңге; хоккей кортына мұз төсеу – 450,0 мың теңге; жол үстіндегі жарықдиодты безендіру элементтерін орнату (5 дана) 3 560,0 мың теңге; ағаштар мен бұталарды сәндік қырқу – 2 671,0 мың теңге; арқалығы бар көше орындықтарын және қоқыс жәшіктерін дайындау және орнату (14 дана) – 1 876,0 мың теңге; жаңа жылдық безендіру элементтерін дайындау (шарлар, сыйлықтар, снеговик, шырша) – 3 061,0 мың теңге.
Барлық жұмыстар жоспарланған іс-шараларға сәйкес орындалды.
3.Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
124-006-015 «Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау» жергілікті бюджет қаражаты есебінен. Орындалуы 110 082,0 мың теңгені құрады, нақтыланған жоспар 110 082,0 мың теңге, немесе 100%. Қашар кенті әкімі аппаратының «Юность» мәдениет үйі» КМҚК субсидиялар берілді. Бұл қаражат «Юность» мәдениет үйі» КМҚК-ның үздіксіз қызметін қамтамасыз етуге бағытталды.
Барлық жұмыстар жоспарланған іс-шараларға сәйкес орындалды.
4.Көлік және коммуникация
124-013-015 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» жергілікті бюджет қаражаты есебінен. Орындалуы 48 740,3 мың теңгені құрады, нақтыланған жоспар 48 830,3 мың теңге болғанда, ауытқу – 90,0 мың теңге, пайыздық көрсеткіш – 99,82%. Орындалмау себептері: жаяу жүргіншілер өткеліне жол таңбасын салу бойынша жасалған шарттың орындалмауына байланысты келісімшарт бұзылған. Жыл қорытындысы бойынша нақтылау жүргізілген кезде аталған сома тиісті бағдарлама бойынша қысқартуға ұсынылмаған. Қаражат келесі жұмыстарға бағытталды: Қашар кентіндегі көшелер мен жолдарды қысқы күтіп-ұстау жұмыстары – 21 375,2 мың теңге; кентішілік көшелерді жазғы күтіп-ұстау жұмыстары – 7 194,6 мың теңге; жол белгілерін дайындау және орнату – 3 381,5 мың теңге; жасанды жол кедергілерін (ЖЖК) дайындау және монтаждау – 2 928,0 мың теңге; жолдарды ағымдағы жөндеу (1 938,744 шаршы метр) – 12 544,0 мың теңге; автопавильондарды ағымдағы жөндеу жұмыстары – 1 317,0 мың теңге.
Барлық жұмыстар жоспарланған іс-шараларға сәйкес орындалды.
124-045-015 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу» жергілікті бюджет қаражаты есебінен. Орындалуы 8 092,8 мың теңгені құрады, нақтыланған жоспар 8 092,9 мың теңге, ауытқу – 0,09 мың теңге, дөңгелектеу есебінен, пайыздық көрсеткіш – 100%. Қаражат келесі мақсаттарға жұмсалды: Қашар кентіндегі ішкі кенттік көшелердің орташа жөндеу жұмыстарын техникалық қадағалау – 1 594,7 мың теңге; орташа жөндеу бойынша сараптама жүргізу (Рудный–Қашар трассасынан 1-ші шеңберге дейін, 2-ші шағын аудан 70Б үйге дейінгі көше, 2-ші және 3-ші шеңбер аралығы және басқа учаскелер) – 3 469,3 мың теңге; «Қашар кентіндегі автомобиль жолдарын орташа жөндеу» бойынша техникалық құжаттама әзірлеу – 2 000,0 мың теңге; автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша ведомстволық сараптама – 1 028,8 мың теңге.
Барлық жұмыстар жоспарланған іс-шараларға сәйкес орындалды.
124-045-028 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу» облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен. Орындалуы 403 245,55 мың теңгені құрады, нақтыланған жоспар 403 245,6 мың теңге болғанда, ауытқу – 0,05 мың теңге, дөңгелектеу есебінен, пайыздық көрсеткіш – 100%. Қаражат келесі бағыттарға жұмсалды: Қашар кентіндегі ішкі кенттік көшелердің орташа жөндеу жұмыстары – 402 031,1 мың теңге; «Қашар кентіндегі ішкі кенттік көшелердің орташа жөндеу» бойынша техникалық құжаттаманы әзірлеу – 700,0 мың теңге; орташа жөндеу жұмыстары бойынша ведомстволық сараптама жүргізу (Рудный–Қашар трассасынан 1-ші шеңберге дейін, 2-ші шағынаудан 70Б үйге дейінгі көше, 2-ші және 3-ші шеңбер аралығы, оң және сол жақ желілер) – 514,4 мың теңге.
Барлық жұмыстар жоспарланған іс-шараларға сәйкес орындалды.
124-045-029 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу» аудандық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен. Орындалуы 10 083,15 мың теңгені құрады, нақтыланған жоспар 10 083,2 мың теңге болғанда, ауытқу – 0,05 мың теңге, дөңгелектеу есебінен, пайыздық көрсеткіш – 100%. Қаражат Қашар кентіндегі ішкі кенттік көшелердің орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша техникалық қадағалау қызметтеріне бағытталды – 10 083,2 мың теңге. Барлық жұмыстар жоспарланған іс-шараларға сәйкес орындалды.
5.Трансферттер
124-048-015 «Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару» жергілікті бюджет қаражаты есебінен.
Орындалуы 2 298,2 мың теңгені құрады, нақтыланған жоспар 2 298,2 мың теңге, немесе 100%. Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару сомасы 2 298,2 мың теңгені құрады.
Барлық жұмыстар жоспарланған іс-шараларға сәйкес орындалды.
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредиторлық берешек 3 453,5 мың теңгені құрайды, соның ішінде:
124001015 бюджеттік бағдарламасы бойынша – 1 235,3 мың теңге, оның ішінде:
– төлем мерзімі әлі келмеген міндеттемелер бойынша – 371,4 мың теңге, соның ішінде:
111 ерекшелік–116,0 мың теңге (МЗТ қайтарымы);
121 ерекшелік – 255,4 мың теңге (әлеуметтік салық);
құжаттардың кеш ұсынылуына байланысты – 863,9 мың теңге, соның ішінде: 152 ерекшелік – 1,5 мың теңге «Қазақтелеком» АҚ (телефон байланысы қызметтері);
151 ерекшелік – 862,4 мың теңге, оның ішінде: «Рудный жылу желілері» ЖШС – 736,6 мың теңге (жылу және ыстық су) «ЭПК Atica» ЖШС – 125,8 мың теңге (электр энергиясы).
124008015 бюджеттік бағдарламасы бойынша – 1 861,1 мың теңге, оның ішінде:
құжаттардың кеш ұсынылуына байланысты – 1 861,1 мың теңге:
151 ерекшелік – 1 861,1 мың теңге («ЭПК Atica» ЖШС – электр энергиясы үшін төлем).
124045029 бюджеттік бағдарламасы бойынша – 357,1 мың теңге, оның ішінде:
жеткізушілердің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты – 357,1 мың теңге, соның ішінде: 159 ерекшелік – 357,1 мың теңге, «Азиза+7» ЖК (ЖСН 900529401514). Аталған берешек сот талқылауларының болуына, төлем құжаттарының уақтылы ұсынылмауына, сондай-ақ электрондық шот-фактураның салық заңнамасы талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қалыптасқан.
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша дебиторлық берешек 255,7 мың теңгені құрайды.
124001015 бюджеттік бағдарламасы бойынша – 255,7 мың теңге, оның ішінде: төлем мерзімі әлі келмеген міндеттемелер бойынша – 255,7 мың теңге, соның ішінде 111 ерекшелік «еңбекақы төлеу» бойынша жеке табыс салығының артық төленуі – 255,7 мың теңге.
Қашар кентінің әкімі М.Раймбекова М