Құрметті Қашар кентінің тұрғындары!
20 мамырда сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін «Қашар кенті әкімінің аппараты» ММ Отбасы Банкінің қызметкерлері тұрғын үй мәселелері бойынша кеңес береді.
Кеңес беру аясында келесі сұрақтар бойынша ақпарат ала аласыз:
* ипотекалық бағдарламалар
* Қазақстанда тұрғын үйге кезекке тұру
* зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ арқылы пайдалану
* 2006, 2007, 2008 жылдары туған балаларға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бағдарламасының қаражатын пайдалану
* депозиттер ашу және клиенттерді сүйемелдеу
Барлық ниет білдірушілерді банк мамандарынан толық кеңес алуға шақырамыз.