В соответствии с пунктом 5 статьи 88 Конституции Республики Казахстан, пунктом 3 статьи 101 Конституционного закона Республики Казахстан «О выборах в Республике Казахстан», пунктом 2 статьи 23 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» ПОСТАНОВЛЯЮ:
1. Досрочно прекратить полномочия маслихатов всех уровней.
2. Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан принять меры по назначению, организации подготовки и проведения внеочередных выборов депутатов маслихатов всех уровней.
3. Правительству Республики Казахстан, акимам города Астаны, областей, городов Алматы и Шымкента принять меры по организационному, материально-техническому и финансовому обеспечению внеочередных выборов депутатов маслихатов всех уровней.
4. Настоящий Указ вводится в действие со дня его опубликования.
Президент Республики Казахстан
К. Токаев
2026 жылғы 12 қазанда Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы хабарлама
2026 жылғы 12 қазанда сағат 10.00-де ZOOM режимінде Қостанай облыстық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтеді.
Отырысты Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы С.Е.Ещанов ашып, жүргізеді.
Отырыстың күн тәртібі:
Анықтама және қатысуға өтінімдер телефон арқылы: 8 (7142)542430, 542080.
e-mail: 575601@mail.kz
Онлайн-көрсетілімге сілтеме:
Қостанай облыстық мәслихатының отырысы https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty?lang=ru интернет-ресурста онлайн режимде, сондай-ақ мәслихаттың Facebook парақшасында https://www.facebook.com/share/18Z6eC5X4f/?mibextid=wwXIfr тікелей эфирде көрсетіледі.
Архивтік жазба ресми https://t.me/+zmkoI_xYIggwZWMy телеграм-арнада орналастырылады.
2026 жылғы 5 қазанда сағат 15.00-де
Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссиясының
жоспарлы отырысы туралы хабарлама
2026 жылғы 5 қазанда сағат 15.00-де ZOOM режимінде Қостанай облыстық мәслихаты әлеуметтік сала және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жоспарлы отырысы өтеді.
Отырысты әлеуметтік сала және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы М.С. Жутаев ашып, жүргізеді.
Отырыстың күн тәртібі:
Қатысуға өтінімдер телефон бойынша қабылданады : 8 (7142) 575603
Электрондық пошта: 575601@mail.kz.
Онлайн көрсетілімге сілтеме:
Бүгін, 2026 жылғы 30 қыркүйекте С. Ш. Манасбаевтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың бюджеттік комиссиясының жоспарлы отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде «Инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйі туралы» мәселе қаралды.
Отырыс барысында коммуналдық инфрақұрылымды жылыту маусымына дайындау туралы ақпарат ұсынылды. Қостанайда жылу көздері мен жылу желілерін дайындау бойынша негізгі іс-шаралар аяқталды.
Ағымдағы жылы ҚТЭК инфрақұрылымын қалпына келтіруге және жаңғыртуға шамамен 5,7 млрд теңге бағытталды. Қазандықтарға, түтін құбырларына, технологиялық жабдықтар мен жылу желілеріне жөндеу жүргізілді.
Жылу магистральдарын қайта жаңарту аясында Тәуелсіздік, Дощанов және Шақшақ Жәнібек батыр көшелерінің бойындағы учаскелерде 2,7 км жылу трассасы ауыстырылды.
Сондай-ақ материалдардың авариялық қоры қалыптастырылды және резервтік отынның қажетті 10 тәуліктік қоры қамтамасыз етілді.
КТЭК ақпараты бойынша, негізгі жөндеу жұмыстары аяқталды. Дайындық паспорттары 20 жылу көзінің 13-і бойынша алынды, қалған объектілер бойынша құжаттарды ресімдеу жалғасуда.
Отырыс қорытындысы бойынша Қостанай қаласының коммуналдық инфрақұрылымын жылыту маусымына дайындау жұмыстары жалпы алғанда аяқталғаны атап өтілді. Сонымен қатар бюджет комиссиясы қалған жылу көздерінің дайындық паспорттарын рәсімдеуді аяқтап, жылыту кезеңінде жылумен жабдықтаудың сенімділігін тұрақты бақылауды қамтамасыз етуді ұсынды.
2026 жылғы 30 қыркүйекте сағат 15.00-де
Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының
жоспарлы отырысы туралы хабарлама
2026 жылғы 30 қыркүйекте сағат 15.00-де ZOOM режимінде бюджет және өңір экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі мәслихаттың тұрақты комиссиясының жоспарлы отырысы өтеді.
Отырысты жүргізеді: С.Ш. Манасбаев, бюджет және өңір экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
Отырыстың күн тәртібі:
Қатысуға өтінімдер телефон бойынша қабылданады : 8 (7142) 542430.
Электрондық пошта: 575601@mail.kz.
Онлайн трансляцияға сілтеме:
Қостанай облыстық мәслихатының отырысы интернет-ресурста онлайн режимінде көрсетіледі
https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty?lang=ru, а также в прямом эфире на страничке маслихата фейсбук https://www.facebook.com/share/18Z6eC5X4f/?mibextid=wwXIfr.
Архивтік жазба ресми телеграм-арнада орналастырылады https://t.me/+zmkoI_xYIggwZWMy
25 қыркүйек — Жалпыұлттық аза тұту күні
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін орындау кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Осы қаралы күні қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.
2026 жылғы 28 қыркүйекте тамызда Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы хабарлама
2026 жылғы 28 қыркүйекте сағат 15.00-де ZOOM режимінде Қостанай облыстық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтеді.
Отырысты Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы С.Е.Ещанов ашып, жүргізеді.
Отырыстың күн тәртібі:
Анықтама және қатысуға өтінімдер телефон арқылы: 8 (7142)542430, 542080.
e-mail: 575601@mail.kz
Онлайн-көрсетілімге сілтеме:
https://www.facebook.com/events/2617003568777451/
Қостанай облыстық мәслихатының отырысы https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty?lang=ru интернет-ресурста онлайн режимде, сондай-ақ мәслихаттың Facebook парақшасында https://www.facebook.com/share/18Z6eC5X4f/?mibextid=wwXIfr тікелей эфирде көрсетіледі.
Архивтік жазба ресми https://t.me/+zmkoI_xYIggwZWMy телеграм-арнада орналастырылады.
«Қазақстан халқы Кеңесі» отырысына қатысу
Бүгін Қазақстан халқы Кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
Отырыста қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, сондай-ақ қоғамның өзекті мәселелері талқыланды.
Іс-шараға Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссия төрағасы Жутаев Махаббат қатысты.
Әрбір жануар АЖЖ базасында тіркелуі тиіс
Облыстық мәслихат комиссиясының отырысында ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру және ақпараттық жүйедегі мәліметтердің дұрыстығы мәселесі қаралды.
Отыста облыс әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы Төлеген Иманбаев баяндама жасады.
2026 жылы жас төлді сәйкестендіруге жергілікті бюджеттен 148 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Ірі қара, ұсақ мал, шошқа және түйелерді сәйкестендіруге 382 мыңнан астам құлақ сырғасы сатып алынды.
Жыл басынан бері сәйкестендірілген мал саны:
ІҚМ — 101 497 бас
ҰММ — 134 266 бас
шошқа — 33 642 бас
жылқы — 23 863 бас
түйе — 7 бас
Жоғалған сырғаларды ауыстыру жұмыстары да жүргізілуде. Жаңа нөмір АЖЖ базасында жануардың бұрынғы сәйкестендіру нөмірімен байланыстырылып, оның қозғалысы мен тарихын сақтауға н береді.
2025 жылдан бастап мал басының нақты санын АЖЖ базасындағы мәліметтермен салыстыру мақсатында аулаларды аралап түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Негізгі міндет — базадағы ақпаратты нақты мал басына сәйкестендіру.
Отырыс қорытындысы бойынша мал басын түгендеуді жалғастыру, АЖЖ базасын өзектендіру және енгізілетін мәліметтердің дұрыстығын бақылауды күшейту қажеттігі атап өтілді.
АЖЖ базасындағы нақты әрі өзекті мәліметтер — жануарлардың қозғалысын бақылаудың, ветеринариялық іс-шараларды тиімді жоспарлаудың және Қостанай облысының ветеринариялық-санитариялық әл-ауқатын қамтамасыз етудің маңызды негізі.
Қостанай облысында жайылым тапшылығы сақталуда
Облыстық мәслихат депутаттары комиссиясының отырысында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Есимжан Баймақанов жайылымдық жерлерге қатысты жағдай туралы баяндады.
2026 жылдың басындағы жағдай бойынша жеке қосалқы шаруашылықтарда 471,8 мың шартты бас ауыл шаруашылығы жануары бар.
Мал басын жаю үшін қажетті жайылым көлемі 1,769 млн гектарды құрайды, ал қолда бар жайылым көлемі — 1,3549 млн гектар. Осыған байланысты 332,5 мың гектар жайылым тапшылығы қалыптасып отыр.
Тапшылықты азайту мақсатында:
* облыс әкімдігі 735,3 мың гектар босалқы жерді резервке алды, оның 203 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерді қайта бөлу шеңберінде;
* ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ауыл тұрғындарының мал жаюы үшін 179,2 мың гектар жайылымды өтеусіз ұсынды;
* ауылдық елді мекендердің аумақтары 44,6 мың гектарға ұлғайтылды;
* ауылдар мен ауылдық округтерге 109,1 мың гектар жайылым пайдалануға берілді.
Отырыс барысында депутаттар Ғайния Есеева, Валерий Розумович, Қайрат Оспанов және Александра Сергазинова да өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, ауыл тұрғындарын жайылыммен қамтамасыз ету, қайтарылған жерлерді пайдалану және тозған жайылымдарды қалпына келтіру мәселелері талқыланды.
Жайылым тапшылығы Әулиекөл, Қостанай, Қарасу, Жітіқара аудандарында және Арқалық қаласында жоғары деңгейде қалып отыр.
Отырыс қорытындысы бойынша жайылым тапшылығын азайту және олардың жағдайын жақсарту бойынша жұмысты жалғастыру жөнінде ұсынымдар берілді.