Қылмыстық-атқару жүуйесін сауықтыру жөніндегі кеңес

Қылмыстық-атқару жүуйесін сауықтыру жөніндегі кеңес

 

Ағымдағы жылдың 7 қарашасында облыстық мәслихат депутаты Александра Сергазинова Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтыру жөніндегі жол картасын іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс кеңесіне қатысты.

Отырысты облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ұйымдастырды, оған басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Егер бұрын бұл мәселелерге тиісті көңіл бөлінбесе, қазір жағдай өзгеруде.

Талқылау барысында депутат А. Сергазинова: "Ең бастысы, азат етілгендер біздің қоғамның мүшесі болады және оларды табысты оңалту үшін оларға көмек пен қолдау қажет", - деп атап өтті.

Кеңес барысында осы бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірленді.