![]() |
Өтебаева Динара Қайырбекқызы
Қостанай облыстық мәслихаты әлеуметтік сала және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі |
|
1978 жылы 07 сәуірде Қостанай облысы Урицкий (Сарыкөл) ауданының Златоуст ауылында дүниеге келген. Қазақ. Жоғары экономикалық, заңгерлік білімі бар. Қостанай Есеп-сауда колледжінде (1997 ж.), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде (1999 ж.), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде (2014 ж.), Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде (2018 ж.) білім алған. Мамандығы – бухгалтер-экономист.
30.06.1997 жыл мен 12.05.1998 жыл аралығында «Алдамжаров орталығы» ҚҚ жұмыс істеген, ЭВМ операторы; 18.05.1998 жыл мен 19.07.1999 жыл аралығында «Тұрмыс» АҚ, бухгалтер; 17.09.2000 жыл мен 26.06.2000 жыл аралығында – «Жас-талап» ЖШС, бас бухгалтер; 26.06.2000 жыл мен 10.02.2003 жыл аралығында – «Алғабас» ЖШС, бас бухгалтер; 12.05.2003 жыл мен 10.08.2004 жыл аралығында – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің облыстық Қазынашылық басқармасы» ММ, қаржы бөлімінің жетекші маманы; 11.04.2004 жыл мен 18.04.2006 жыл аралығында – «Алғабас» ЖШС, қаржы директоры; 18.04.2006 жыл мен 14.07.2008 жыл аралығында – «Алгабас-Трейд» ЖШС, өндіріс директоры; 14.07.2008 жыл мен 04.06.2012 жыл аралығында – «Алғабас» ЖШС, директор; 05.06.2012 жыл мен 10.12.2014 жыл аралығында – «Д-Консалтинг» ЖШС, директор; 10.12.2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «ГрИн» Қостанай облысының Азаматтық альянсы» ҚҚ, Қостанай облысы бойынша «Асыл бала» РА» ЖКЗТБФ төрайымы, директоры.
Келесі марапаттар мен наградаларға ие: - Қазақ хандығының 550-жылдығына мерекелік медалі (2015); - ҚР Президентінен ерекшелік белгісі (2019); - «Халық алғысы» медалі (2020); - «Белсенді қызмет үшін» медалі (2021), Қостанай облысы Алтын жастар кітабының лауреаты (2006 ж., №43 сертификат); - Қостанай облысы медиаторлары қауымдастығының мүшесі, кәсіби емес медиатор (№0024 сертификат); - көптеген алғыс хаттар, хаттар. |
|
Ақпарат жаңартылуда.Толығырақ 8-7142-575-601 телефоны бойынша.