![]() |
Булгацевич Татьяна Борисовна
Қостанай облыстық мәслихаты халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, гендерлік және жастар саясаты, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі. |
|
1965 жылы 1 қыркүйекте Қостанай облысы, Қостанай қаласында дүниеге келген. Білімі: жоғары медициналық, акушерлік және гинекология және патологиялық анатомия мамандықтары бойынша медицина ғылымдарының кандидаты. 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі мамандығы бойынша бітірген. 1991 жылдың тамызынан 1992 жылдың шілдесіне дейін – «В.И. Ленин атындағы Қостанай облыстық ауруханасының» дәрігер-интерні. 1992 жылдың шілдесінен 1997 жылдың қаңтарына дейін – «В.И. Ленин атындағы Қостанай облыстық, ауруханасының» акушер-гинеколог дәрігері. 1997 жылдың қаңтарынан 2007 жылдың қыркүйегіне дейін – «Қостанай облыстық ауруханасы» КМК перзентхана бөлімінің меңгерушісі. 2007 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың наурызына дейін – «Қостанай перинаталдық орталығы» КМК бас дәрігері. 2019 жылдың ақпанынан – «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының төрайымы. Марапатталды: 2008 жыл - «Шапағат» медалі 2011 жыл - «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы» медалі 2012 жыл - «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі 2015 жыл - «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» медалі 2015 жыл - «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалі 2016 жыл - Парламент Сенатының Құрмет грамотасы 2016 жыл - «Ерен еңбегі үшін» медалі 2016 жыл - ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хаты 2018 жыл - «Астана 20 жыл» медалі 2018 жыл - «Народный любимец года» ұлттық премиясының жеңімпазы 2019 жыл - «Белсенді қызметі үшін» медалі 2019 жыл - «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» медалі 2020 жыл - «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалі |
|
Ақпарат жаңартылуда.Толығырақ 8-7142-575-601 телефоны бойынша.