Меню

Страницы

Статья

Мәслихаттың 2018 жылғы 23 мамырдағы № 265 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай облыстық мәслихатының «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы» 2018 жылғы 23 мамырдағы № 265 шешіміне (2018 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7837 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы»;

көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша:

дәрілік заттар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;

бейімделген емдік өнімдер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес;

медициналық бұйымдар осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес берілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша берілетін дәрілік заттар»;

мынадай мазмұндағы 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:

«9. «Митотан» препараты, таблетка, онкологиямен ауыратын азаматтарға.

  1. «Стирипентол» препараты, капсула, таблетка, Драв синдромымен ауыратын азаматтарға.»;

көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында:

мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша берілетін бейімделген емдік өнімдер»;

мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Энтеральдық қоректендіруге арналған бейімделген емдік өнім, көмей стенозымен ауыратын азаматтарға.»;

көрсетілген шешімнің 3-қосымшасында:

мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша берілетін медициналық бұйымдар»;

мемлекеттік тілдегі 1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«1. Буллезді эпидермолизбен ауыратын азаматтарға арналған медициналық бұйымдар:»;

мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:

«2. Көмей стенозымен ауыратын азаматтарға арналған медициналық бұйымдар:

аспираторлық катетер;

асқазандық сүңгі;

трахеостомаға арналған жылуалмастырғыш;

энтеральдық қоректендіруге арналған шприц.».

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
03 марта 2020
Дата обновления
03 марта 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 мая 2026
Жиі қойылатын сұрақтар
22 апреля 2026
Жария тыңдаулардың қаулылары
Азаматтардың өтініштеріне шолу
12 февраля 2026
Депутаттық өтініштер 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы