Меню

Страницы

Статья

Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау бойынша қосымша шара туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес, Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Санаторлық-курорттық емделуді ұсыну түрінде ардагерлерді және «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарды (бұдан әрі – азаматтар) әлеуметтік қолдау бойынша қосымша шара белгіленсін.
  2. Анықталсын:

1) санаторлық-курорттық емделуге жолдамалармен қамтамасыз етуді «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады;

2) азаматтарға санаторлық-курорттық емделуді ұсыну олардың кезектілігі (тіркелуі) тәртібінде берілген өтініштерге және санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы денсаулық сақтау ұйымының қорытындысына сәйкес және тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделген сома шегінде жүзеге асырылады;

3) санаторлық-курорттық емделуді ұсынуға құжаттарды ресімдеу, тіркеу және жолдамалар беру азаматтардың тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті органдар) жүзеге асырады;

4) азамат санаторлық-курорттық емделуден бас тартқан жағдайда ақшалай өтемақы төленбейді.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
12 мая 2020
Дата обновления
12 мая 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 мая 2026
Жиі қойылатын сұрақтар
22 апреля 2026
Жария тыңдаулардың қаулылары
Азаматтардың өтініштеріне шолу
12 февраля 2026
Депутаттық өтініштер 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы