Меню

Страницы

Статья

Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 «Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң жасыл екпелерiн күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң жасыл екпелерiн күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту туралы» 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 шешіміне (2017 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7014 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендер аумақтарының жасыл екпелерiн күтiп-ұстау және қорғау қағидаларында:
3-тармақтың 18) тармақшасыжаңаредакцияда жазылсын:
«18) өтемдік отырғызу жоспары – отырғызудың сандық бөлігін, тұқымдық құрамын, көлемін, күнтізбелік мерзімін, сонымен қатар жоспарлы негізге орайластырылған отырғызуды орналастырудың графикалық схемасын қамтитын кесуге ұшыраған ағаштарды отырғызу жоспары;»;
28-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«28. Ағаштарды кесу кезінде ағаштарды өтемдік отырғызу ағаш көшеттерін отырғызу жолымен жүргізіледі.»;
29-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«29. Уәкілетті органның рұқсаты бойынша ағаштарды кесу кезінде қалпына келтірілетін ағаштарды өтемдік отырғызу он есе көлемде жүргізіледі.»;
31-тармақ жаңаредакцияда жазылсын:
«31. Ағаштарды өтемдік отырғызуды заңды және жеке тұлғалар өздерінің жеке меншік жерлерінде немесе маңындағы аумақтарда өз беттерінше, ал ағаштарды мәжбүрлі түрде кесу кезінде көгалдандыруды, жасыл екпелерді күтіп-ұстауды жүзеге асыратын ұйымды қатыстыра отырып, жалпыға ортақ жерлерде жүзеге асырады.
Заңды және жеке тұлғалар ағаштардың өтемдік отырғызу жұмыстарын аяқтаған соң ағаштарды кесуге рұқсат алу кезінде берілген кепілдік хатқа сәйкес уәкілетті органды өтемдік отырғызу жоспарына сәйкес жұмыстардың орындалғаны туралы хабардар етеді.
Екі жыл уақыт өткен соң уәкілетті орган ұласып өскен ағаштарды жасыл екпелер тізіліміне енгізеді.».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессиятөрағасы

Қостанай облыстық
мәслихатыныңхатшысы

Дата публикации
22 мая 2020
Дата обновления
22 мая 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 мая 2026
Жиі қойылатын сұрақтар
22 апреля 2026
Жария тыңдаулардың қаулылары
Азаматтардың өтініштеріне шолу
12 февраля 2026
Депутаттық өтініштер 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы