Меню

Страницы

Статья

Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерлерін айқындау туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Қостанай облысының ауылдық жерге және кенттергемөлшері 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге, Қостанай облысының аудандық және облыстық маңызы бар қалаларғамөлшері 1 000 000 (бір миллион) теңге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету көлемі айқындалсын.
  3. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерлерін айқындау туралы» 2019 жылғы 14 маусымдағы № 407 шешімінің (2019 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған,Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 8544 болып тiркелген) күші жойылды деп танылсын.
  4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                                            

 

Қостанай облыстық

мәслихатының хатшысы                                                  С. Ещанов

Қосымша

Дата публикации
03 августа 2020
Дата обновления
03 августа 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 мая 2026
Жиі қойылатын сұрақтар
22 апреля 2026
Жария тыңдаулардың қаулылары
Азаматтардың өтініштеріне шолу
12 февраля 2026
Депутаттық өтініштер 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы