Меню

Страницы

Статья

Есеева Гайния Калимжановна

← Вернуться к списку депутатов

Қостанай облыстық мәслихатының әлеуметтік сала және үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі

 

 

1981 жылы 13 наурызда Қостанай облысы Науырзым ауданының Докучаевка кентінде дүниеге келген, қазақ.

 

Білімі жоғары, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор. 2003 жылдың наурызында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Мал шаруашылығы өнімдері өндірісі, қайта өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі «мал шаруашылығындағы менеджер».

Трудовая деятельность:

  • 2003 жылдың сәуірінен 2003 жылдың мамырын қоса алғанға дейін «Стандарттау, метрология және сертификаттау» кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді.
  • 2007 жылдың мамырынан 2009 жылдың мамырын қоса алғанға дейін – «Стандарттау, метрология және сертификаттау» кафедрасының аға оқытушысы.
  • 2005 жылдың қыркүйегінен 2008 жылдың шілдесін қоса алғанға дейін - агротехникалық институт директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары.
  • 2009 жылдың қыркүйегінен 2011 жылдың қыркүйегін қоса алғанға дейін - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының доценті.
  • 2011 жылдың қыркүйегінен 2013 жылдың қыркүйегін қоса алғанға дейін – «Ауылшаруашылық технологиялары» кафедрасының меңгерушісі.
  • 2013 жылдың қыркүйегінен 2015 жылдың шілдесін қоса алғанға дейін - университеттің жас ғалымдар кеңесінің төрағасы.
  • 2013 жылдың қыркүйегінен бастап – «Стандарттау және тағам технологиялары» кафедрасының меңгерушісі.
  • 2016 жылдың қыркүйегінен бастап – ҚР МТР Техникалық комитетінің  «ТК-44 Өнім өндірісі және қайта өңдеу технологиясы» және мемлекетаралық техникалық комитетінің «ХАССП қағидаттары негізінде ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік шикізатының қауіпсіздігін қамтамасыз ету» МТК-534 төрағасының орынбасары.                               
  • 2016 жылдың қыркүйегінен бастап – ҚР БҒМ Агротехнологиялық университеті жанындағы «Тамақ өнімдері  өндірісі» бағыты бойынша бағдарламаларды басқару топтары оқу-әдістемелік бірлестігінің белсенді мүшесі.
  • 2018 жылдың сәуірінен бастап – «Стандарттау және тағам технологиялары» кафедрасының профессоры.
  • 2018 жылдың наурызынан бастап қазіргі уақытқа дейін - кәсіпкерлік орталығының директоры, М. Дулатов ат. Қостанай инженерлік-экономикалық университеті.

Наградталған:

  • 2009 жылы - «Шабыт» сыйлығының «Ғылым» аталымы бойынша лауреаты
  • 2019 жыл - ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы
  • 2020 жыл - «Қазақстанның құрметті педагогы – 2020».

 

Азаматтарды қабылдау: сәрсенбі күні сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін

Мекен-жайы: Қостанай облысы, Қостанай қ., Чернышевский көшесі 59, 104 кабинет.

Телефон арқылы алдын ала жазылу: + 7 707 896 5289

 

Облыстық мәслихат депутаты Ғайния Қалымжанқызы Есееваның Қостанай облысы бойынша «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ» ХДПП» ҚБ өңірлік филиалының қоғамдық қабылдауында 2026 жылға арналған азаматтарды қабылдау кестесі:

Апта сайын сәрсенбіде сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін.

Мекенжайы: Қостанай қ., Абай көшесі, 34, екінші қабат.

8-707-896-52-89 телефондары бойынша алдын ала жазылу

 (Азаматтарды қабылдау күні бойынша өзгерістер болуы мүмкін, жоғарыда көрсетілген телефон нөмірі бойынша нақтылауды сұраймыз)

Дата публикации
24 апреля 2023
Дата обновления
09 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 мая 2026
Жиі қойылатын сұрақтар
22 апреля 2026
Жария тыңдаулардың қаулылары
Азаматтардың өтініштеріне шолу
12 февраля 2026
Депутаттық өтініштер 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы