Меню

Страницы

Статья

Ещанов Сайлаубек Ергазиевич

← Депутаттар тізіміне оралу

Ещанов Сайлаубек Ерғазыұлы

Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы

 

Жалпы ақпарат, білімі

Ещанов Сайлаубек Ерғазыұлы, 1958 жылы 16 наурызда Қостанай облысы Науырзым ауданы Дәмді ауылында дүниеге келген.

1976 жылы Дәмді орта мектебін бітіріп, Қостанай педагогикалық институтының физика-техникалық факультетіне түсіп, 1981 жылы бітірді.

Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан қаржысы полициясына 20 жыл» медальдарымен, «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Доблести» медалі орденімен, «Ауғанстандағы жауынгерлік іс-қимылдардың аяқталғанына 25 жыл толуына орай» медалімен, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалімен, «Қатысушылар мен мүгедектердің, еңбек ардагерлерінің «Ата» медалімен, «Қазақстан қаржы полициясына 20 жыл» медалімен марапатталған.

 

Карьерасы

1981-1992 жылдары Дәмді, Мичурин, Докучаев орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеді. 1992-1993 жылдары Науырзым аудандық білім бөлімінің еңбек инспекторы. 1993-1994 жылдары Науырзым коммуналдық кәсіпорындар комбинатының инженер-экспедиторы. 1994-1999 жылдары «Биотехнология» фирмасының менеджері. 1999 жылғы шілдеден 2001 жылғы  қаңтарға дейін – ҚР Бас прокуратурасының «Ақпарат» РМК БПД директоры.

2001 жылғы 25 қаңтардан бастап «Сосновый бор» шипажайы» ААҚ бас директоры болып тағайындалды. 2003 жылдан 2012 жылға дейін – «Сосновый бор» шипажайы» ЖШС Бас директоры.

Қостанай облыстық мәслихатының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші шақырылымдарының депутаты болып табылады. 2012 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы.

2026 жылға азаматтарды қабылдау

КЕСТЕСІ:

·        13 ақпан

·        15 мамыр

·        27 тамыз 

·        18 қараша

сағат 10.00 – 11.00.

Қабылдау және алдын ала жазылу «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында жүргізіледі

Мекенжайы: Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 111

Телефон арқылы алдын ала жазылу: 8(7142) 392282, 8-778-097-70-86, 8-778-097-70-08

 

Алтынсарин ауданының № 10 сайлау округі бойынша

 

  • 30 сәуір сағат 00.-.11.00

 

                Сарыкөл ауданының № 10 сайлау округі бойынша

 

  • 9 қазан сағат 15.00-16.00

 

№ 10 сайлау округі бойынша қабылдау және алдын ала жазылу «AMANAT» партиясы Алтынсарин және Сарыкөл аудандық филиалдарының қоғамдық қабылдауында өткізіледі

мекенжайы: Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, Тәуелсіздік көшесі, 82 (2 қабат)

Телефон: 8 7145122547, моб: 8 775 395 48 84

 

Алтынсарин ауданы, Силантьев ауылы, Мир көшесі, 15

Телефон: 871445-49045

 

(Азаматтарды қабылдау күндері бойынша өзгерістер болуы мүмкін, жоғарыда көрсетілген телефондар бойынша нақтылауды сұраймыз)

 

 
Дата публикации
23 апреля 2023
Дата обновления
12 февраля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 мая 2026
Жиі қойылатын сұрақтар
22 апреля 2026
Жария тыңдаулардың қаулылары
Азаматтардың өтініштеріне шолу
12 февраля 2026
Депутаттық өтініштер 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы