2024 жылғы 28 маусымда Қостанай облысының Қоғамдық кеңесінде Қостанай облысы әкімдігінің басқармалары өткізген 2023 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары тыңдалды
20 басқарма басшыларының ақпараты тыңдалды. Қоғамдық кеңес мүшелері мемлекеттік органдардың өкілдеріне сұрақтар қойып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты жақсарту жөнінде ескертулер мен ұсыныстар айтты.
Кеңес қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес түрлі салалардағы жұмыстың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру, заңдар мен нормативтік – құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсынымдар қабылдады.