2024 жылғы 13 ақпанда ZOOM режимінде Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен бірлескен отырысы өтті.
Қостанай облыстық мәслихатының «Мәслихаттың 2023 жылғы 15 желтоқсандағы №95 «Қостанай облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі жобасы қаралды.
Негізгі баяндамашы «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы Мұсагазина Г.Г., бюджетті нақтылаудың себебі 2023 жылғы бюджеттің кіріс бөлігін асыра орындау нәтижесінде қалыптасқан бос қалдықты қайта бөлу болып табылатынын атап өтті.
Бұл қаражат 2794868 мың теңге - тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығына, құрылыс, 4089178 мың теңге- сәулет және қала құрылысы, 1369056 мың теңге- ауыл шаруашылығы және ветеринария, 379425 мың теңге -білім беру, 1634692 мың теңге -денсаулық сақтау, 822832 мың теңге -дене шынықтыру және спорт саласында негізгі мәселелерді шешуге бағытталды.