Қостанай облыстық мәслихатының
сегізінші шақырылымының кезекті V сессиясының
ХАТТАМАСЫ
Қостанай қ., Тәуелсіздік, 85, 2024 жылғы 2 ақпан 4-қабат, отырыс залы сағат 11-00
Сессияны Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы С.Е. Ещанов ашып, жүргізеді.
Отырыс хатшысы: Ж.С. Ақанова, «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ бас инспекторы.
Жұмыс істеп тұрған депутаттар саны-32
Қатысқан депутаттар-24
Қатыспаған депутаттар: Злой А.В., Қарабаев Б.Ж., Мирасов Д.Ж., Нұрхожаев Е.С., Нұрмаған М.Р., Семейбаев С.С. – іссапарда, Ерденов А. У. – демалыста, Қазбеков Қ. К. – облыс әкімі Рудный қаласына келеді.
Сессия отырысына: аудандық және қалалық мәслихаттар аппараттарының төрағалары мен басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды және қатысуда (тізім хаттамаға қоса беріледі).
Кезекті сессиясының күн тәртібі қоса беріледі.
С. Е.Ещанов - Қостанай облыстық мәслихатының сегізінші шақырылған кезекті V сессиясының күн тәртібін бекіту туралы, сессия жұмысының регламентін айқындау.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
С. Е. Ещанов - Қостанай облыстық мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес сегізінші шақырылымның кезекті сессиясы шақырылғанын айтты.
32 депутаттың 24-ы сессияға қатысады, жұмыс үшін қажетті кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы. Бұқаралық ақпарат құралдары шақырылды.
Әлеуметтік желілерде отырыстың онлайн-көрсетілімі жүргізіліп жатқанына барлық қатысушылардың назарын аударды. Көрсетілімге сілтеме мәслихаттың ресми интернет-ресурсында орналастырылған және бұқаралық ақпарат құралдарына жолданған.
Қостанай облыстық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес: Қостанай облыстық мәслихаты депутатының бос мандаты «Аманат» партиясы қоғамдық бірлестігінің мүшесі - Дамбаулова Гүлмира Кәрімжанқызына берілгенін айтты.
Сессия жұмысының регламентін анықтауды және сессияның күн тәртібін бекітуді ұсынды.
Келесі жұмыс регламентін ұсынды: күн тәртібіндегі негізгі мәселе үшін – 20 минутқа дейін, қалған баяндамалар, анықтамалар, сұрақтар, өтініштер, хабарламалар үшін – 2 минутқа дейін. Сессияның шешімдерін ашық дауыс беру арқылы қабылдауды ұсынды. Ашық дауыс беруді қолды көтеру арқылы жүзеге асыру, дауыс беруді ұйымдастыру және дауыстарды санау, сессияда төрағашылық етуші мәслихат төрағасына өткізуді ұсынды.
Сессия жұмысының ұсынылған регламентіне дауыс беру рәсімін өткізді. Қолдады -24 дауыс. Қарсы-0, қалыс қалды-0. (Бірауыздан).
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: мәслихат сессиясының төрағасы ұсынған отырысты өткізу тәртібі мен дауыс беру тәртібі қабылдансын (жеке шешім қабылданбай, отырыстың хаттамасында тіркеледі). (Қолдады - 24 дауыс).
С. Е. Ещанов: сессияның күн тәртібінде 2 мәселе бар екенін хабарлады. Сессияның күн тәртібіне дауыс берді. Қолдады -24 дауыс. Қарсы-0, қалыс қалды-0. (Бірауыздан).
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Қостанай облыстық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті V сессиясының күн тәртібін бекіту туралы» сессияның шешімі бірауыздан қабылданды (сессияның хаттамасына қоса беріледі). (Қолдады - 24 дауыс).
С.Е. Ещанов – Мәслихаттың 2023 жылғы атқарған жұмысы туралы Қостанай облыстық мәслихаты төрағасының есебі.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
С.Е. Ещанов: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Елге халықтың сенім мандаты бар жауапты депутаттар мен мемлекеттік құрылыста белсенді рөл атқаратын күшті өкілді билік қажет» деген болатынын айтты. Біздің елімізде болып жатқан барлық саяси оқиғалар ашықтық, есеп беретін мемлекет құру бағытының жалғасуын куәландырады және негізгі мақсаты үкімет пен халық арасындағы диалогты қамтамасыз ету болып табылатын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын дамыту үшін жаңа нысандарды іздеуге бағытталған.
Бұл жерде, әрине, халық сайлайтын және өз сайлаушыларының еркін білдіретін мәслихаттар маңызды буын болып табылатынын айтты. Жергілікті атқарушы органдармен барынша тиімді өзара іс-қимыл жасай отырып, депутаттардың алдында сайлаушылардың қажеттіліктеріне жедел ден қою үшін өзіне алған жауапкершілікті ақтау, оның ішінде халық пен жергілікті билік арасында кері байланыс пен толыққанды диалог орнату міндеті тұр.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, саяси реформаларды жалғастыра отырып, 2023 жылғы 19 қаңтарда Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды және 2023 жылғы 19 наурызға мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы жариялағанын атап өтті.
2021 жылғы 10 қаңтарда бес жыл мерзімге сайланған мәслихаттың жетінші шақырылымының депутаттары небәрі екі жылдан астам жұмыс атқарғанын айта кету керек.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында саяси қайта жаңғырту жүріп жатқанын және конституциялық реформалардың қисыны неде екенін айтты.
2023 жылы өткен кезектен тыс сайлау бұрынғыдан өзгеше болды. 2021 жылы депутаттық корпус тек 7 пайызды жинаған саяси партиялардың тізімдері бойынша құрылса, ал жаңа сайлау аралас сайлау жүйесі бойынша өтткенін айтып өтті. Облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың өкілді органдарының депутаттары партиялық тізімдер арқылы да, бір мандатты округтер елу де елу бойынша да сайланды. Басқа қалалар мен аудандарда сайлау толығымен бір мандатты округтер бойынша өтті. Облыстық мәслихаттағы 32 орын үшін бес партиядан 120 кандидат пен өзін-өзі ұсынушы сайлауға түсті. Оның ішінде: партиялық тізімдер бойынша 16 мандатқа – 66 кандидат; 16 бір мандатты округ бойынша – 54 кандидат болды.
Сайлау қорытындысы бойынша облыстық мәслихатқа өткендер:
«AMANAT» партиясынан – 22 депутат (68 %);
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партисынан – 3 депутат (9,3 %);
«Ауыл» халықтық-демократилық партиясынан – 3 депутат (9,3 %);
«Қазақстан Халық партиясынан» – 1 депутат (3,1%);
«Respublica» партиясынан – 1 депутат (3,1%);
өзін-өзі ұсынушылардан – 2 депутат (6,2%).
Мәслихат құрамындағы 32 депутаттың 8-і (25%) әйел екенін айтты. Депутаттардың орташа жасы 48,5 жасты құрады (мысалы, орташа жасы 50,6 жасты құраған алтыншы шақырылыммен салыстырсақ, орташа жас 6,2%-ке төмендеді). 35 жасқа дейінгі жастар – 2 (6,2)%.
Сегізінші шақырылым депутаттарының бірінші ұйымдастыру сессиясы 2023 жылғы 30 наурызда өткенін айтып өтті. Депутаттық корпустың құрамы толығымен дерлік жаңартылғанын айта кету керек. Көбісі алғаш рет депутаттық қызметке кірісті.
Есепті кезеңде депутаттық өкілеттіктерді бірге атқаруға болмайтын лауазымға тағайындалу себебінен 2 депутаттың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды (Ихтиляпов М.У., Аққожина Б.Б.).
Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда заңдармен оның қарауына жатқызылған мәселелер шешіледі және сессиялар арқылы мәслихат өңірдің мемлекеттік саясаты мен қажеттіліктерімен айқындалған негізгі міндеттерді іске асырылатынын атап өтті. 2023 жылы 16 сессия өткізілді, оның ішінде: кезекті – 4, кезектен тыс – 12. Облыстық мәслихаттың құзыретіне сәйкес есепті жылы барлығы 107 шешім қабылданды, оның ішінде нормативтік құқықтық сипаттағы – 29 (НҚА). Сессияларда облыс әкімдігімен бірлесіп әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері қаралды. Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау бойынша құзырет іске асырылды, онда әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі едәуір кеңейтілді, оған Қостанай, Арқалық қалалары бойынша 8 автобус қатынасы енгізілді және ауданішілік және ауданаралық тасымалдар қосылды. Бүгінгі таңда «Автомобиль көлігі туралы» Заңға сәйкес депутаттар 52 әлеуметтік маңызы бар қатынасты анықтады. Оның ішінде: ауданаралық – 8, ауданішілік – 3, қалалық – 41. Депутаттар жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша берілетін дәрілік заттардың тізбесін де кеңейтті. Тізбеде дәрілік заттардың барлығы 20 атауы бар, бұдан басқа, тізбеде облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтар қосымша ала алатын мамандандырылған емдік өнімдер мен медициналық бұйымдар бар. Депутаттардың бекітуіне салық салуды, жерді пайдалануды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, көгалдандыру мен абаттандыруды, үй жануарларын күтіп ұстау мен серуендетуді реттеу жөніндегі шешімдердің жобалары ұсынылды.
Сондай-ақ, өткен 2023 жылы алғаш рет пилоттық режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің тікелей сайлауы өткенін атап өтті. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес депутаттар аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауын өткізу үшін пилоттық өңірлердің тізбесін белгілеу туралы құзыретті іске асырды. Нәтижесінде, біздің облыста депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен бес өңірге қолдау көрсетіліп, егемен Қазақстан тарихында алғаш рет Рудный, Алтынсарин, Денисов, Қарабалық және Федоров аудандарының тұрғындары жергілікті әкімдерді сайлады.
Депутаттардың ерекше бақылауында облыстың даму жоспарының орындалуы, ол үшін тұрақты комиссиялар мен жекелеген жұмыс топтарының отырыстары, объектілерге шығу, ақпарат пен есептерді тыңдау, депутаттық сауалдар және бақылаудың басқа да нысандары үнемі өткізіліп тұрады. Оның ішінде депутаттар Қостанай облысы Тексеру комиссиясының аудиторлық тексерулерінің нәтижелерін тұрақты негізде зерделейді.
Сондай-ақ, Тексеру комиссиясымен өзара іс-қимыл жоспары шеңберінде депутаттар ормандарды күзетуге, қорғауға, молықтыруға және орман өсіруге бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне аудит жүргізуге қатысты мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне ұсыныстар енгізілгенін айтты. Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша депутаттар ұсынымдар беріп, бюджеттің атқарылуын бақылау үшін іс-қимыл жоспарын әзірледі. Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бақылауды мәслихат, сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдар басшыларының дербес есептері арқылы жүзеге асырады.
Заңнама талаптарына сәйкес мәслихат сессияларында жыл сайын облыстық бюджеттің атқарылуы туралы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептері, оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы әкімнің есебі тыңдалатынын айтты. Бұдан басқа, сессияларда облыс бюджетін бекіту және нақтылау жөніндегі өкілеттіктер іске асырылады. Өткен жылы облыстық бюджетті нақтылау 5 рет жүргізілді. Барлық жүргізілген нақтылау, ең алдымен, қалыптасқан үнемдеуді қайта бөлумен және қаражатты бірінші кезектегі міндеттерді шешуге бағыттаумен байланысты болды. Сессияның бекітуіне шешім жобаларын енгізер алдында барлық жобалар мәслихаттың тұрақты комиссияларында және жұмыс топтарында алдын ала пысықталатынын атап өткен жөн.
Заңнаманың серпінді дамуы мен жаңғыртылуына байланысты бекітілген кестеге сәйкес тұрақты негізде әзірлеуші органдармен бірлесіп мәслихаттың қолданыстағы нормативтік құқықтық шешімдеріне мониторинг жүргізіледі, қолданыстағы актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар уақтылы енгізіледі.
Заңды орындау мақсатында мәслихат аппараты мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналасқан Қостанай облыстық маслихатының ресми интернет-ресурсын ақпараттық қамтамасыз ету бойынша жоспарлы және тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Сайтта мәслихат жұмысы туралы барлық өзекті ақпарат орналастырылады, мәслихат сессияларының онлайн-көрсетіліміне сілтеме беріледі.
Мәслихат отырыстарының ашықтығының заңнамалық талабын барлық деңгейдегі мәслихаттар іске асырды, қазіргі уақытта сессиялардың барлық отырыстары онлайн режимде, әлеуметтік желілер арқылы таратылады және әрбір сайлаушы қандай мәселелер талқыланып жатқанын және олар бойынша қандай шешімдер қабылданатынын көре алады. Бұдан басқа, мәслихат жұмысы туралы ақпарат әлеуметтік желілерде орналастырылады. Өзекті режимде сайлаушылар мәслихат өткізетін барлық іс-шараларды көре алады, өз пікірлерін, ұсыныстарын қалдырып, проблемалық мәселелерді белгілей алады.
Жалпы, облыстық мәслихат сессиясының шешімімен бекітілген Қостанай облыстық мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспары толық көлемде орындалғанын атап өткім келеді.
2023 жылғы 30 наурызда сегізінші шақырылым жұмысының бастапқы отырысында мәслихат сессиясында тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихаттың тұрақты комиссияларының екі төрағасы сайланғанын айтты:
Сондай-ақ, тұрақты комиссиялар базасында қызмет бағыттары бойынша жұмыс топтары құрылды, олар жоспарлы және басқа да ағымдағы мәселелерді жедел түрде қарайды. Жаңа тәсіл депутаттық корпус жұмысының тиімділігін арттыруға, шешімдер қабылдаудың жеделдігін арттыруға мүмкіндік берді. Тұрақты комиссиялардың жұмысы облыстық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес мақсатты түрде жүргізілгенін атап өтті.
Есепті кезеңде барлығы 43 комиссия отырысы өткізілді, онда 106 лауазымды тұлға, оның ішінде қалалар мен аудандар әкімдері, олардың орынбасарлары, облыстық басқармалардың, мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдар басшыларының баяндамалары тыңдалды. Отырыстарға барлығы 1179 адам қатысты. Есепті кезеңде депутаттар комиссия жұмысы шеңберінде 22 обьектіге барды.
Жалпы, өткен кезеңде мәслихаттың тұрақты комиссиялары мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға және өңірлердегі сайлаушылармен тікелей байланысқа баса назар аударған елеулі жұмыс жүргізді. Бұл туралы менің әріптестерім, бүгінгі сессияда сөз сөйлейтін тұрақты комиссиялар төрағалары толығырақ айтып береді.
Сонымен қатар, жергілікті жерлердегі сайлаушылардың проблемаларын жергілікті атқарушы органдардың көмегімен ғана шешуге болатынын, осыған байланысты депутаттар өңірдің әртүрлі мемлекеттік органдарына депутаттық сауалдар жолдайтынын атап өтті. Есепті кезеңде мемлекеттік органдарға – 108 депутаттық сауал (оның ішінде ұжымдық сауалдар) жолданды. Слайдтарда депутаттық сауалдардың негізгі тақырыптық бағыттары, оның ішінде сайлауалды бағдарламалардың орындалуына қатысты депутаттық сауалдар көрсетілген.
Сонымен қатар, 2023 жылы Қостанай облыстық мәслихатына 99 өтініш келіп түскенін айтты. Оның ішінде: жеке тұлғалардан – 63, заңды тұлғалардан – 36.
Ақпарат слайдта орналастырылған. Өтініштердің көпшілігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша келіп түсетінін айта кету керек, атап айтқанда – 22%, екінші әлеуметтік сала және денсаулық сақтау мәселелері – 11%.
Әрине, өтініштердің көпшілігін біз атқарушы органдармен тығыз қарым-қатынаста қарастырамыз, көптеген өтініштер орталық мемлекеттік органдар деңгейінде шешім қабылдауды талап етеді, содан кейінгі жұмыс Парламент депутаттарымен бірлесіп жүргізіледі.
Сайлаушылар өзекті мәселелерді көтеріп, оларды мәслихаттың жұмыс жоспарына енгізуді ұсынған кезде сайлаушыларымыздың белсенді азаматтық ұстанымы бізді қуантады, бұл «халық үніне құлақ асатын», «транспарентті» мемлекетті қалыптастыру шарттарының бірі.
Сегізінші шақырылымда Қостанай облыстық мәслихатында саяси партиялардың депутаттық фракциялары түрінде үш депутаттық бірлестік тіркелген:
«АМАНАТ» партиясының фракциясын өткен жылы Бибігүл Бүркітқызы Аққужина (қазіргі Парламент Сенатының депутаты) басқарды;
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан, жетекшісі Махаббат Сағынбайұлы Жутаев;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан, жетекшісі Ғайния Қалимжанқызы Есеева.
Сондай-ақ мәслихатта екі депутаттық топ жұмыс істейді:
Татьяна Борисовна Булгацевичтің басшылығымен «Еңбек» депутаттық тобы.
Евгений Владимирович Сотниковтің басшылығымен ҚХА депутаттық тобы.
Есепті кезеңдегі мәслихат жанындағы фракциялар мен депутаттық топтардың жұмысы туралы ақпарат слайдтарда қысқаша көрсетілгенін айтты.
Сондай-ақ, облыстық мәслихаттың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру жөніндегі жұмысын атап өту қажет екенін айтты. Атап айтқанда, 99-шы қадамды іске асыру – бұл мемлекеттік шешімдер қабылдаудың ашықтығын арттыру, қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту болып табылады. Мәселен, 2016 жылдан бастап «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңын орындау мақсатында мәслихат облыстың Қоғамдық кеңесін қалыптастырудың маңызды миссиясын орындайды. Қостанай облысының бірінші Қоғамдық кеңесі 2016 жылғы 5 ақпанда, кеңестің екінші құрамы 2019 жылғы 5 ақпанда құрылғанын естеріңізге сала кетейін. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі – үш жыл. Жаңа кеңес өз міндеттерін 2022 жылғы ақпанда бастады. Қазіргі уақытта төраға – Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы. Осы жылдар ішінде Қоғамдық кеңестердің қызметін реттейтін заңнама айтарлықтай өзгергенін айта кету керек. Қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері едәуір кеңейді және мемлекет азаматтық қоғам алдында бұрынғыдан да көбірек есеп береді. Бүгінгі таңда Қоғамдық кеңестің жаңа құрамында 30 адам бар: азаматтық қоғам өкілдері – 26 және мемлекеттік органдар өкілдері – 4. Депутаттық корпус бюджеттік саясат және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерімен өзара іс-қимыл ұстанымын белсенді қолдайды. Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің жұмысы бойынша барлық ақпарат алғаш құрылған сәттен бастап облыстық мәслихаттың ресми интернет-ресурсының Қоғамдық кеңес айдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде тұрақты түрде орналастырылады.
Есепті кезеңде Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы ұйымдастырған семинарға қатысүандарын түсіндірді. Іс-шара «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін нығайтуға заманауи көзқарас» тақырыбына арналды. Семинар барысында мәслихаттардың құзыреттері мен қызметін ұйымдастыру, депутаттардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, сондай-ақ тиімді депутаттық қызмет үшін практикалық құралдарды қолдану талқыланды. Оқыту «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заң шеңберінде ұйымдастырылды. Оқытудың мақсаты – жаңа сын-тегеуріндер мен уақыттың шынайылығы жағдайында тиімді қызмет ету үшін барлық деңгейдегі депутаттардың кәсіби құзыреттіліктері мен практикалық дағдыларының деңгейін арттыру.
Өткен жылғы желтоқсан депутаттық корпус қызметіндегі бірқатар маңызды оқиғалармен есте қалғанын түсіндірді. 20 желтоқсанда Қостанай облысынан шыққан өкілдің орнына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау бойынша сайлаушылардың бірлескен отырысы өтті. Отырысқа 264 сайлаушы-депутат қатысты. Біздің депутаттарымыздың бірі – Бибігүл Бүркітқызы Аққожина Парламент Сенатының депутаты болып сайланғаны қуантады, бұл облыстың өкілді билігіне деген жоғары сенімнің көрінісі болып табылады. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес желтоқсанда Қостанай облыстық сайлау комиссиясының жаңа құрамы да сайланды. Жаңа құрамға ұсыныстар жеті саяси партиядан ұсынылды, барлық кандидаттар тексеруден өтіп, қазіргі уақытта өз міндеттеріне кірісті. Өткен 2023 жыл орталық атқарушы органдар мен Парламент депутаттарының өңірлермен өзара іс-қимылы тұрғысынан белсенді болды. Мәслихат депутаттары министрліктер өкілдерінің халықпен барлық кездесулеріне белсенді қатысып, өңірдің проблемалық мәселелерін айтып, оларды шешудің неғұрлым тиімді жолдарын ұсынды. 2023 жылғы тамызда, мен, облыстық мәслихаттың төрағасы ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ғ.Т. Нұрмұхамбетов пен С.А. Карплюктің Қостанай облысы бойынша жұмыс сапарына қатыстым. Депутаттар облыстың үш қаласы мен алты ауданының тұрғындарымен кездесулер өткізіп, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын талқылады. Сайлаушылар 70-тен астам проблемалық мәселелерді көтерді және аталған мәселелер бақылауға алынды, оларды тиімді шешу бойынша орталық және өңірлік деңгейде жоспарлы жұмыс жүргізілуде.
Бұдан басқа, өткен жылы депутаттар ерікті депутаттық бірлестік болып табылатын және өңірлердің дамуына жәрдемдесу үшін құрылған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының «Өңір» депутаттық тобының отырысына «онлайн» режимде қатысуға мүмкіндік алғанын айтты. Отырыс шеңберінде Парламентте әзірленіп жатқан түрлі заң жобаларын әзірлеуге байланысты депутаттық бастамалар талқыланды. 2023 жылғы тамызда депутаттар республиканың барлық өңірлерімен телекөпір режимінде өткен бірыңғай республикалық жалпы отырысқа, білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесіне қатысты. Есепті кезеңде халықаралық ынтымақтастық шеңберінде депутаттар облысымыздың және бүкіл Қазақстанның тарихындағы маңызды оқиғалардың қатысушылары болды. 2023 жылғы тамызда депутаттар «Kostanay Invest 2023» инвестициялық форумына қатысып, облыстың машина жасау, металлургия және тамақ өнеркәсібі салаларындағы даму перспективаларын талқылауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, ХІ (он бірінші) «Өңірлік аспект» халықаралық серіктестік азаматтық форумына қатысты. Форумға қатысушылар Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен, Еуропа және Орталық Азия елдерінен келген делегаттармен бірге үкіметтік емес ұйымдар – бизнес – мемлекет қағидаты бойынша әлеуметтік әріптестікте жаңа іскерлік байланыстар құрды. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Махаббат Жутаев өткен жылғы шілдеде «Астананың 25 жылдығы. Жаңа перспективалар. Жаңа мүмкіндіктер» халықаралық форумына қатысты. Форумда қалаларды дамытудың өзекті мәселелері және олардың қазіргі жаһандық әлемдегі өсу мен инновациялардың басты орталықтары ретіндегі рөлі талқыланды. Қарашада облыстық мәслихаттың төрағасы ретінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қатысуымен өткен «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАМТУ 2.0» бірінші халықаралық форумына қатыстым. Форумда тау-кен металлургия кешенінде өндірісті оқшаулау және елішілік құндылықты дамыту стратегиялары талқыланды.
Сонымен қатар, мәслихат депутаттарының Қазақстан мен Ресейдің XIX (он тоғызыншы) өңіраралық ынтымақтастық форумы шеңберінде өткен Ресей-Қазақстан іскерлік кеңесінің жұмысына қатысқанын атап өткен жөн, форумның басты тақырыбы – екі елдің экономикасында маңызды рөл атқаратын ауыл шаруашылығы болатынын айтты.
Депутаттар халықтың әлеуметтік осал топтарына, оның ішінде «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шараларына, балаларды қорғау күніне, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне және еліміздің маңызды оқиғаларын мерекелеуге орайластырылған басқа да көптеген акцияларға тұрақты қолдау көрсеткенін айтты. Депутаттар өздерінің сайлау округтерінде және тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша қайырымдылық және материалдық көмек көрсетеді. Депутаттар үшін көмек туралы әрбір өтініш іс-әрекетке шақыру болып табылады, жергілікті жерлерде атқарушы органдармен бірлесіп халықпен тұрақты жұмыс жүргізіледі, депутаттар волонтерлік және басқа да қайырымдылық және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды, облыстың аудандары мен қалаларындағы проблемалық мәселелерді жедел шешеді.
Қорытындылай келе, өткен 2023 жыл барлығымыз үшін конституциялық реформалардың жарқын көрсеткіші болды деп айтқым келеді. Мемлекет басшысы депутаттық сайлаудан бастап барлық саяси процестерді қайта жандандыруға бастама берді. Жаңа нақтылық өкілді биліктің дамуына және билік пен халықтың өзара әрекеттесуінің барлық жүйелерінің өзгеруіне серпін болатынын айтты. Биыл мәслихаттың құрылғанына 30 жыл. Облыстық мәслихаттың төрағасы ретінде, биыл барлық деңгейдегі депутаттарды осы іс-шараға, қайырымдылық акцияларына, әлеуметтік жобаларға және патриотизмге, мейірімділікке, әлеуметтік жауапкершілікке, өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге ықпал ететін басқа да іс-шараларға бірлесіп қатысуға шақырамын.
С. Е. Ещанов: Дауыс беру рәсімін өткізді. Қолдады - 24 дауыс. Қарсы-0, қалыс қалды-0. (Бірауыздан).
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Мәслихаттың «Мәслихаттың 2023 жылғы атқарған жұмысы туралы Қостанай облыстық мәслихаты төрағасының есебі» шешімі бірауыздан қабылдансын (хаттамаға қоса беріледі). (Қолдады - 24 дауыс).
3.ТЫҢДАЛДЫ:
C.Е.Ещанов – Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссиялары төрағаларының 2023 жылға жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есептері.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
М.С.Жутаев: Қостанай облыстық мәслихатының әлеуметтік сала және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы (бұдан әрі – тұрақты комиссия) өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, басқа да заңнамалық актілерге, Регламент талаптарына, облыстық мәслихаттың жұмыс жоспарларына сәйкес жүргізгенін айтты. Әлеуметтік сала және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамында 15 адам, олар іс жүзінде барлық салаларды қамтиды. Басым бағыттардың қатарында – денсаулық сақтау, инклюзия, спорт, жастар саясаты, білім беру, халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс істеу.
Есепті кезеңде тұрақты комиссияның 7 жоспарлы және 10 жоспардан тыс отырысы өткізілді, оның 5-еуі көшпелі отырыстар болғанын айтты. Отырыстарда 17 мәселе қаралды, 25 мемлекеттік орган, мемлекеттік емес мекеме мен ұйым басшысының баяндамалары тыңдалды. Қаралатын мәселелерді толық зерделеу шеңберінде депутаттар әлеуметтік маңызы бар денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау объектілеріне 17 рет барды. Қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданып, орындаушыларға тиісті ұсыныстар берілді, олардың негізгі бөлігі орындалды. Депутаттық сауал құқығын депутаттар белсенді пайдаланады. Мәселен, 2023 жылы депутаттар мен тұрақты комиссия мүшелері әр түрлі тақырыптағы және көптеген мәселелерді көтеретін 47 депутаттық сауал жолдады. Олардың 10-ы немесе 53%-і оң шешім тапқанын айта кету керек. Депутаттық сауалдарды талдау көрсеткендей, депутаттық сауалдар көбінесе әлеуметтік қорғау, спорт, тұрғын үй-шаруашылық, денсаулық сақтау, бюджеттік сала, білім беру мәселелерімен байланысты, сондай-ақ түрлі ақпарат беру бойынша сауалдар жеке блокты құрайды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы тұрақты комиссия мүшелерінің қызмет бағыттарының бірі – кейбір бағыттарды әлеуметтік маңызды қатынастар деп тануы бойынша болғанын айтты. Мәселен, Лисаков қаласында – 2, Арқалық қаласында – 2, Бейімбет Майлин ауданында – 1 бағыт әлеуметтік маңызды қатынас деп танылды. Сондай-ақ, Амангелді – Қостанай – Амангелді бағыты әлеуметтік маңызды қатынас болып танылды. 50 жаңа қалалық автобус сатып алуға субсидия бөлінді. Автобустар қалалық бағыттар бойынша жүріп жүр.
Бұдан басқа, жеке депутаттық сауал бойынша Қостанай тұрғын үй-шаруашылық бөлімі қаланың веложол желісі тұжырымдамасын әзірлегенін айтты. Қостанай облысының барлық бейімдеу орталықтарындағы жағдай зерттелді (Қостанай, Арқалық, Рудный). 2024 жылы «Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына 58 төсек-орынға қосымша құрылыс салу жоспарлануда. 2025 жылға барлық аудандарда халықтың осы санаты үшін орталықтар ашу жоспарланған. Депутаттардың инклюзия мәселелеріне үнемі назар аударып отырғанын атап өту маңызды. Комиссияның бірнеше отырысы мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасын түзету рәсімін жеңілдетуге арналды. 2024 жылы Алтынсарин, Қарасу аудандарында және Лисаков қаласында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін ашу бойынша тұрғындарға белгілі бір көмек көрсетілді. Қостанай әуежайын амбулифтпен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен қаржы бөлу мәселесі бойынша бюджеттік өтінім жолданды.
Есепті кезеңде денсаулық сақтау саласында да белгілі бір жұмыс жүргізілгенін айтты. Барлығы білетіндей, облыс ауруханаларының коммуналдық кәсіпорындар алдындағы кредиторлық берешегіне, сондай-ақ облыс тұрғындарының медициналық қызметтердің сапасына қатысты көптеген шағымдарына қатысты жағдай үлкен резонанс тудырды. Біз медициналық ұйымдардың қаржылық қызметіне талдау, денсаулық сақтау объектілерін мемлекеттік сатып алу мониторингін, облыс әкімінің орынбасары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалы басшысының қатысуымен отырыс өткіздік. Орфандық ауруларды емдеу үшін 3,3 млн. теңге сомасына қосымша қаражат бөлу мәселесі шешілді. Заңнамалық шешімді талап ететін мәселелер денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният алдында көтерілді. Барлық медициналық ұйымдардың жанынан бақылау кеңестері құрылды, оған біздің комиссияның бірқатар мүшелері енді.
Өңірде білім беруді дамыту мәселелері ерекше орын алады, бірнеше рет тұрақты комиссия отырыстарында талқыланатын тақырыпқа айналғанын айтты. Білім беру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті отырысының қорытындысы бойынша Қостанай ауданы Жуков ауылында 100 орындықты орта мектеп салуға Қор арқылы жергілікті атқарушы органдардан өтінім жіберу туралы шешім қабылданды. Алғаш рет 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз етуге қаражат бөлінді. Бөлінген қаражаттың жалпы бюджеті --- теңгені құрады. Ағымдағы жылы біздің комиссия мүшелері «Халықаралық әріптестік: өңірлік аспект» өңірлік азаматтық форумына қатысты, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен үйсіз жануарларды қорғау, ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналарын «MamaPro» жобасымен қолдау мәселелері бойынша кездесулер өткізілді.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың тиімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар саласындағы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша бірқатар ұсыныстар салалық министрлікке жолданды.
Сонымен қатар, тұрақты комиссияның кейбір мүшелері үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының (Астана, Қызылорда, Бішкек, Мәскеу және т.б.) республикалық және халықаралық іс-шараларына қатысты.
Тұрақты комиссия жұмысының маңызды аспектісі қоғамның өзекті мәселелеріне жедел ден қою, проблемаларды анықтау және оларды шешу болып табылады. Мысалы, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша «Арай», «Мерей шағын аудандарындағы қоғамдық тыңдауларға қатысып, «Қонай», «Юбилейный» шағын аудандарындағы тұрғындарымен кездесті, облыс тұрғындарының жолдарды сапасыз жөндеуге қатысты шағымдарына бірнеше рет жауап берді. Комиссия мүшелерінің қоғамдық бақылауды күшейтуге, құқық қорғау тетіктерін нығайтуға бағытталған іс-шараларға қатысуын атап өтуге болмайды.
Тұрақты комиссия мүшелері кейіннен мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен сессияларында қаралатын мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жариялайтынын айтты. Сондай-ақ олар облысымыздың аудандары мен қалаларының аумағында өткізілетін мерекелік және қайырымдылық іс-шараларға үнемі қатысады және халықтың рухани дамуына өз үлестерін қосады.
Комиссия мүшелеріне жауапкершілігі және белсенді азаматтық ұстанымы, нәтижелі және үйлесімді жұмысы үшін алғысын білдірді. Комиссияның қазіргі құрамы ерекше жұмыс қабілеттілігімен ерекшеленеді деп айта аламын, депутаттар келіп түскен өтініштерді жан-жақты және аса мұқият қарайды, мемлекеттік органдардың өкілдеріне кәсіби және объективті сұрақтар қояды, нақты құзыретті ұсыныстар береді, заң шығару бастамаларын көрсетеді. Алдағы уақытта да біздің бірлескен жұмысымыз қоғамға пайда әкелетініне және мемлекетіміздің дамуына елеулі үлес қосатынына сенімдімін.
С.Ш.Манасбаев: Облыстық мәслихаттың бюджет және өңір экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы өз қызметін «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға, Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына, облыстық мәслихаттың Регламенті мен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылатынын айтты.
Қостанай облыстық мәслихатының бірінші ұйымдастыру сессиясында бекітілген комиссия құрамы туралы айтты. Бюджет комиссиясының құрамында екі жұмыс тобы бар. Комиссия мүшелері экономиканың, ауыл шаруашылығының түрлі салаларында жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары болып табылады. Комиссияның барлық отырыстары уақтылы өтті, әрбір отырысқа шығарылған мәселелер қаралды. 17 отырысқа 282-ден астам адам қатысты. Комиссияға 23 лауазымды тұлға, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің басшылары, олардың орынбасарлары есеп берді. 2024 жылғы 1 қаңтарға тұрақты комиссия комиссияның 17 отырысын өткізді, оның ішінде 11 жоспарлы және 6 жоспардан тыс мәселелер қаралды. Бұл-облыстық бюджеттің атқарылу барысын нақтылау және облыстық бюджеттің атқарылуы және жыл қорытындысы бойынша бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы есептерді қарау, агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау тетіктерін жетілдіру, жылу желілерін қайта құру бойынша мемлекеттік қолдау, «Ауыл - ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту мәселелері және тағы басқалар. Тұтастай алғанда, барлық қаралған мәселелер бойынша Комиссияның тиісті қаулылары нақты ұсынымдармен және оларды орындау мерзімімен мемлекеттік органдарға қабылданды.
Сондай-ақ, комиссия депутаттары отырыстардың, кездесулердің және халықты қабылдау қорытындылары бойынша әртүрлі ведомстволарға 40-тан астам депутаттық сауал жолдардың сапасы, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, абаттандыру, тұрғын үй мәселелері, қоғамдық көлік және т.б. сияқты мәселелерді талқылау үшін азаматтармен кездесулердің негізгі тақырыбын жолдағанын айтты. Сондай-ақ, Сенат пен Министрлікке 4 депутаттық өтініш жіберілді. Тұрақты комиссия мүшелерінің бастамасы бойынша депутаттардың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша дәрілік заттар мен мамандандырылған емдік өнімдер тізбесіне енгізу туралы ұсынысы жіберілді. Сондай-ақ, Қостанай облысы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру мен орман өсірудің кешенді жоспарын іске асыру мерзімдерін қайта қарау бойынша Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне өтініш жолданды.
Тұрақты комиссия отырысында «Қостанай облысының өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік кәсіпорындарын кадрлармен қамтамасыз ету және дайындау туралы» мәселе талқыланғанын айтып өтті. Аталған мәселені зерделеу үшін депутаттардың жұмыс тобы Маяковский көшесі, 101 мекен-жайында орналасқан Қостанай құрылыс колледжіне барды. Нысанды аралау барысында жұмыс тобының мүшелері шатырды жөндеу қажеттілігі мәселесін анықтады. Білім беру өкілдерімен кездесу барысында ғимаратты жөндеуге қаражат бөлу және ғимаратты автомобиль көлігі колледжіне одан әрі беру мәселелері талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша облыстың білім басқармасына бюджеттік өтінімді облыс әкімдігінің экономика басқармасына жіберу ұсынылды. Бюджетті нақтылау кезінде 2023 жылғы 7 маусымда 41,9 млн.теңге сомаға «Қостанай құрылыс колледжі» шеберханалары мен қоғамдық-тұрмыстық корпусының шатырын ағымдағы жөндеуге, ғимараттың үй-жайларын ағымдағы жөндеуге 22,3 млн. теңге бюджет бөлінді. Тамыз айынан қыркүйек айына дейін 20,0 млн.теңге сомасына колледж ғимаратының шатырына ағымдағы жөндеу жүргізілді, сондай-ақ жалпы сомасы 14,9 млн. теңгеге шеберханалардың, оқу және қоғамдық-тұрмыстық корпустардың үй-жайларына ағымдағы жөндеу жүргізілді. 2024 жылға арналған бюджетті бекітуге шатырды күрделі жөндеуге 263,2 млн. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта бұл ғимаратты Қостанай автомобиль көлігі колледжіне беру жұмыстары жүргізілуде. А. ж. 23 мамырда жұмыс тобының жоспардан тыс отырысында «Октябрьский кенті мен Козыревка ауылы арасындағы Тобыл өзені арқылы өтетін Көлік құрылысын (үйінді көпір) қалпына келтіру туралы» мәселе қаралғанын атап өтті. Тамыз айында Бейімбет Майлин ауданының ТКШ бөлімімен «Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының «Новоильиновка-Козыревка» КР-TR-1 аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы су өткізу құрылыстарын орташа жөндеу» техникалық құжаттамасы әзірленді, қыркүйек айында оң ведомстволық қорытынды алынды. Құрылыстың сметалық құны 130 068,5 теңгені құрайды. Құрылыстың нормативтік мерзімі 5 ай. Облыстық бюджеттен қаражат бөлуге бюджеттік өтінім дайындалды.
«Қостанай облысының жылу желілерін қайта жаңарту бойынша мемлекеттік қолдау шаралары туралы» өзекті мәселе комиссия отырыстарында қаралды. Өткен жылы:
Қостанай қ. 3,3 км қайта жаңартылды;
Рудный қ. 10 км қайта жаңартылды;
Арқалық қ. 7,2 км қайта жаңартылды;
Лисаков қ. 0,9 км төселді.
Жылу желілерін реконструкциялау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысымен танысу үшін Рудный қаласына «Рудный жылу желілері» ЖШС-не бару жүргізілгенін айтты. Аграрлық сектор және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері бойынша белсенді жұмыс жүргізілді. Субсидиялаудың проблемалық мәселелері туралы отырыс өткізілді, қорытындысы бойынша субсидиялау бағдарламасын жетілдіру және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөнінде ұсыныстар қалыптастырылды және жолданды. Атап айтқанда, «QOLDAU» бағдарламасының жұмысы бойынша кейбір ескертулер жойылды. Сондай-ақ, азық-түлік тауарларын импортты алмастыру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары туралы мәселе көтерілді. Әр түрлі жерлерде жұмыс топтарының бірнеше отырыстары өткізілді. Нәтижесінде Министрлікке нақты ұсыныстармен жүгіну болды, олардың бір бөлігі 2024 жылдың соңына дейін Ресейден автокөлікпен бидай дәнін әкелуге тыйым салуды ұзарту туралы қабылданды. Федоров ауданында «Ауыл - ел бесігі» жобасын іске асыру мәселесін қарау кезінде ҚР Парламенті Сенатына республикалық бюджеттен «Ауыл - ел бесігі» жобасын қосымша қаржыландыру жөнінде ұсыныс жіберілді. Отырыстың нәтижесі мәлімделген кейбір жобаларды ішінара қаржыландыру болды. (1,8 млрд. теңге)
Комиссия мүшелеріне жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді. Барлық жоспарланған шаралар мақсаттарына жетті. Алдағы жыл жеңіл болмайтыны анық. Сонда да облыстағы сұрақтарды шешу жолында күшімізді салатынымызға сенемін.
С.Е. Ещанов: Дауыс беру рәсімін өткізді. Қолдады – 24 дауыс. Қарсы – 0, қалыс қалды – 0. (Бірауыздан).
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссиялары төрағаларының 2023 жылға жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есептері» мәслихат шешімі бірауыздан қабылданды (хаттамаға қоса беріледі). (Қолдады – 24 дауыс).
С.Е.Ещанов: Күн тәртібінен тыс, Алтынсарин ауданы мен Арқалық қаласы мәслихаттарының төрағаларына сөз сөйлеуге ұсынды.
С.С.Мұсапирова: Сегізінші шақырылым депутаттары өз жұмысын өткен жылдың 30 наурызында өткен өкілді органдарға сайлаудан кейін бастағанын айтты. Толық күнтізбелік жылдан аз уақыт ішінде Алтынсарин аудандық мәслихаты мен аудандық депутаттық корпус өз қызметін заңнамаға, мәслихаттар мен депутаттарға жүктелген функциялар мен міндеттерге сәйкес жүзеге асырды.
Бұл ретте, барлық саладағы сияқты, кез келген қызметте де түйткілді мәселелер бар екенін атап өткісі келетінін айтты. Депутаттық қызметке келетін болсақ, мәселен, біздің депутаттар өз жұмысында депутаттық сауал құралдарын пассивті пайдаланады. Мәслихат депутаты мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімге, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшесіне, прокурорға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарына, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органға ресми жазбаша сұрау салуға құқылы. Жауап арқылы мәселенің не екенін, бұл проблемалық мәселе қаралды ма, қандай шешімдер қабылданды немесе оны шешу үшін қандай жоспарлар жасалды, т.б. білуге болады. Бірақ жазбаша депутаттық сауал жіберілсе де, мемлекеттік органдардан жауаптар көбінесе мәселе қаралады деген жауап түрінде т.б. келеді. Сәйкесінше, біраз уақыттан кейін тағы бір сұраныс жіберуге тура келеді (мысалы: Білім бөліміне 3 өтініш). Сондай-ақ, кейбір депутаттардың әлеуметтік желідегі енжар жұмысы да бар. «AMANAT» партиясының депутаттары фракцияда жұмыс істеп, партия кеңсесінде қабылдаулар өткізетін болса, басқа партиялардың депутаттарында бұл жоқ және сәйкесінше бұл жұмыс қамтылмайды. Сайлаушылардың көпшілігі депутаттардың функцияларын білмейді және нақты түсінбейді. Демек, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары тұрғындардың сол немесе басқа депутаттың атқарып жатқан жұмысы туралы ақпарат алатын құралы, оның ішінде ауданның, облыстың қоғамдық-саяси өміріне қатысу, іс-шараларға қатысу, азаматтарды қабылдау, оң шешімін тапқан мәселелер, азаматтармен кездесу, қайырымдылық және демеушілік көмек көрсету және т.б. Сондықтан біз депутаттарға осы жұмыстарды жүргізуге бағыттап, олардың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялылығын әр депутатқа жеке-жеке қадағалап, сол арқылы енжарларды белсенділік деңгейіне бағыттаймыз. Депутаттарды олардың жұмысын ынталандыру бойынша сапалы іс-шараларды өткізуге бағыттай отырып, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты шығындарды өтеу бойынша «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңыынң бабы толық жұмыс істеуде. Мәслихаттың сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру кезеңінде және депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты депутаттардың біліктілігін арттыру кезеңінде, депутат жергілікті қаражат есебінен өтемақы төленетін қызметтік міндеттерін орындаудан босатылды, негізгі жұмыс орны бойынша орташа жалақы бюджеті орындалады деп көрсетілген. Мәслихаттың сессияларын, тұрақты комиссияларының және басқа да органдарының отырыстарын өткізуге және іссапар уақытын ескере отырып біліктілікті арттыруға арналған іссапар шығындарына қаражат жергілікті бюджетте қарастырылмаған. Біздің қызметіміздің бірінші жылы аяқталып жатыр, қорытындылаймыз. Біздің депутаттардың 70 пайызы қазіргі сегізінші шақырылымға жаңадан тағайындалған, көпшілігі үшін бұл олардың өміріндегі жаңа кезең. Сондықтан кемшіліктер болды, кей мәселелер толық түсінілмеді, 10 депутаттың 50 пайызы немесе 5-і 35 жасқа дейінгі жастардың өкілдері, сондықтан депутаттарды оқытуды жалғастырып, жұмысын жандандыру қажет. Биылдан бастап біз халықпен жұмыс, жариялылық, бастамашылдық, тәртіп сияқты негізгі төрт критерий бойынша депутаттардың ішкі рейтингін енгізуді жоспарлап отырмыз. Депутаттық қызметтің жыл сайынғы бағалау көрсеткіштерінің қорытындысы бойынша: өте жақсы, тиімді, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз деген бағалар қойылады. (Барлық бағыттағы іс-шаралардың қорытындысы бойынша жүргізілген рейтингті «АМАНАТ» партиясының депутаттары еске алады, бағалар берілді). Ағымдағы шақырылымдағы қалалық және аудандық мәслихаттар төрағаларының 70 пайызға жуығы да жаңадан тағайындалғанын ескере отырып, әріптестер – мәслихат төрағалары, сондай-ақ мәслихаттар басшылары арасында тәжірибе алмасу, қызмет бағыттары бойынша мәслихаттар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың өкілдерін шақырумен семинарлар мен тренингтер өткізу, сондай-ақ тәжірибелі әріптестеріміз – бірнеше шақырылымдағы мәслихат төрағалары және т.б. – өз тәжірибелерімен бөлісу жөнінде ұсыныстар енгізгім келеді.
Қорытындылай келе, өткен жылдан бастап мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге олардың жұмысын бағалау нәтижелері бойынша ақшалай сыйақылар төлеу, яғни бонустар есептеу қолданысқа енгізілгені туралы өз пікірін білдірді. Мәслихат төрағалары бұл төлемге жатпайды, бұл ретте жалақы аудан әкімінің орынбасары деңгейінде қалады. Бұл мәселені құзыретті органдар қарап, шешкенін қалаймын.
Г.Т.Елтебаева: Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды енгізу мәселелеріне көп көңіл бөлінуде және әрбір жеке кезеңде саяси шынайы сәттерге байланысты өз ерекшеліктері, осы процестердің өзіндік шарттары болғанын айтты. Мәслихаттарға алғашқы сайлау өткізілген сәттен бастап 30 жыл өтті. Өткен шақты талдай отырып, мәслихаттар өз қажеттіліктерін дәлелдеді, қоғамда өз орнын тапты, үлкен және қажетті жұмыс жүргізді деп сеніммен айтуға болады. Осы 30 жыл бойы депутаттар үлкен және салмақты жұмыс жүргізіп, тәжірибе жинақтап, мемлекетіміздің саяси жүйесінің толыққанды бөлігіне айналды. 2023 жылы өткізілген сайлау қорытындысы бойынша Арқалық қалалық мәслихатының YIII шақырылымдағы депутаттық корпусы 80% - ға жаңартылды. Бүгінде Арқалық қалалық мәслихатында 11 депутат бар, оның ішінде 4 әйел (бұл 36%), депутаттардың орташа жасы 46 жаста, ең жас депутат 30 жаста. Партиялық өкілдік бойынша: Аманат партиясынан 7 депутат, Ауылдан 1 депутат, Республика -1,Ақ жол -1 өзін - өзі ұсынушы. Қалалық мәслихат депутаттары білім, медицина, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және коммуналдық салаларында еңбек етеді.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «депутат өз округінің сайлаушыларымен, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және ұйымдарымен кездесулер мен жиналыстар өткізуге құқылы» екенін айтты. Осы қағиданы ұстана отырып, қала депутаттары өз сайлаушыларымен кездесіп, мұң-мұқтаждарын біліп, шешуге көмектесіп отырады. Сонымен қатар, осы құқықты жүзеге асыруда бірқатар қиындықтар бар. Арқалықтан кейбір ауылдар шалғай орналасқан: қашықтығы 80, 100 және 125 шақырымға дейін алыс. Депутаттар көліктің, ЖЖМ болмауына байланысты ауылдарға шығуы сирек, олардың ауылдарға сапарлары үшін шығындарын қаржыландыру көзделмеген және бұл депутаттардың өз сайлаушыларымен жұмысының тиімділігін айтарлықтай төмендетеді. (Мәслихат төрағасының Қаржы министрінің бұйрығымен белгіленген 2000 км айлық лимитті арттыруға құқығы жоқ). Өздеріңіз білетіндей, мәслихат депутаттары негізгі қызметін депутаттық қызметпен ұштастыра отырып, қоғамдық негізде жұмыс істейді. Қазіргі күнде халықтың депутаттарға қоятын талаптардың күшеюі, олардың негізгі жұмыс орнынан жиі сұрануы басшыларының наразылығын да тудыратынын көріп отырмыз.
Мәселен, өткен 2023 жылы 7 депутат оқуға жіберу жоспарланған болатын, депутаттар толық бара алмады, себебі басшылық 1 депутатты қызметтік міндеттерінен босатудан бас тартғанын айтты. Биылғы жылы 5 депутатты оқуға жіберуді жоспарлап отырмыз, қаржысы жоспарға қойылды, ал нақты бара алатыны әлде де анық емес. Тағы бір маңызды мәселе - депутаттық міндеттерді орындау кезінде депутаттың жалақысының негізгі жұмыс орнында сақталуы. Заңда «депутат негізгі жұмыс орны бойынша орташа жалақы мөлшерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеле отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады» деп көрсетілген (ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заң), барлық депутаттарды санасақ, бұл бюджет үшін үлкен сома, депутат барлығына ортақ жұмыс жасайды, неге ұйымдар мен мекемелер, депутат жұмыс істейтін жерде орташа жалақының сақталуын өздері қамтамасыз етпеске. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ адамдардың өмір сүру жағдайлары мен сапасын жақсартуға ерекше назар аударды. «Мәслихаттар мен олардың депутаттарының жаңа жағдайларда негізгі міндеті өз аумағында сапалы әлеуметтік инфрақұрылымды: балабақшаларды, абаттандыруды, сауда объектілерін, жолдарды, кітапханаларды, мектептерді қалыптастыру, тұрғын үй мен әлеуметтік объектілерді салу мен жөндеуді ұйымдастыру және тағы басқалар болып табылады». Арқалық қаласының өркендеуіне бөлінген республикалық және облыстық трансферттердің арқасында өткен жылы 20 балалар ойын алаңы орнатылды, көп қабатты ғимараттарды жөндеуге қаражат бөлінді, химия-су өткізу пункті, спорт кешені жөнделді, тенниске арналған зал қалпына келтірілді, жолдардың бір бөлігі асфальтталды.
Облыстық мәслихат депутаттарына облыс басшыларының Арқалық қаласын дамытуға қаржылай қаражат бөлінуін қолдағаны үшін алғысын айтты. 2024 жылы біздің қаламыз үшін облыстық трансферттерден 4 млрд. 074 млн теңге бөлінді, бұл сома әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді абаттандыруға, жөндеуге пайдаланылатын болады.
Қоғамдық кеңеске жеке тоқталып өтті. Қоғамдық кеңестер - консультативтік-кеңесші, бақылаушы органдар. Олардың қызметінің негізгі принциптері:
1) тәуелсіздік;
2) мүшелердің қоғамдық негіздегі қызметі;
3) автономия;
4) дербестік;
5) жариялылық.
Егер оны қалыптастыру, материалдық қамтамасыз ету мәслихаттар арқылы жүргізілсе, Қоғамдық кеңестің дербестігі қалай қамтамасыз етілуі мүмкін екенін айтты. Қоғамдық кеңестер белгілі бір жобалар бойынша сапалы мониторингті немесе бағалауды қамтамасыз ету қажет болған кезде сарапшыларды тарту проблемасына жиі тап болады. Мұның бәрі қарастырылып отырған мәселелер бойынша бағалау жүргізу кезінде мамандарды тарту үшін жергілікті жерлерде қоғамдық кеңестердің қызметін дербес қаржыландырудың нақты әзірленген тетігін талап етеді. Қоғамдық кеңестердің дербестігі мен дербес қаржыландырылуы оларға өз жұмысында қандай да бір ұйымдардан тәуелсіз болуға мүмкіндік береді. Тағы бір мәселе, заң актілерінде бір мезгілде депутат және қоғамдық кеңестің мүшесі болуға тыйым салынбайды, бірақ бұл қаншалықты дұрыс? Бұл норманы заңнамалық деңгейде бекіту керек екенін айтты.
Ещанов С. Е.: Сессия жабық деп жариялады.
Қостанай облыстық
мәслихатының төрағасы С. Ещанов