Қостанай облыстық мәслихаты
кезектен тыс сессиясы отырысының
хаттамасы
(сегізінші шақырылым)
Қостанай қ., ZOOM 2023 жылғы 27 желтоқсан
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының төрағасы – Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы Ещанов С.Е.
Отырыс хатшысы: Ақанова Ж.С., «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ бас маманы.
Барлық депутаттар – 31
Қатысып отырған депутаттар - 23
Қатыспаған депутаттар: Ахметова Д.М. - еңбек демалысында, Ерденов Ә.Ө. – жлда болды, байланыс жоқ, Злой А.В., Нұрхожаев Е.С., Нұрмаған М.Р., Семейбаев С.С., Оспанов Қ.Б. – іссапарда, Мирасов Д.Ж. – телефонға жауап бермиді.
Кезектен тыс сессиясының күн тәртібі қоса беріледі.
Ещанов С.Е. – Қостанай облыстық мәслихаты кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы, сессия жұмысының регламентін айқындау.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
Ещанов С.Е.: сегізінші шақырылымның кезектен тыс сессиясы облыстық мәслихат депутаттарының бастамасымен шақырылғанын айтты. Сессия қашық режимде өткізілуде.
31 депутаттың 23-і сессияға қатысып отыр, сессия жұмысына қажетті кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.
Әлеуметтік желілерде отырыстың онлайн-көрсетілімі жүргізіліп жатқанына барлық қатысушылардың назарын аударды. Көрсетілімге сілтеме мәслихаттың ресми интернет-ресурсында орналастырылған және бұқаралық ақпарат құралдарына жолданған.
Сессия жұмысының регламентін анықтауды және сессияның күн тәртібін бекітуді ұсынды.
Келесі жұмыс регламентін ұсынды: күн тәртібіндегі мәселелер үшін – 5 минутқа дейін, қалған сөз сөйлеу, анықтамалар, сұрақтар, өтініштер, хабарламалар үшін – 2 минутқа дейін. Сессияның шешімдерін ашық дауыс беру арқылы қабылдауды, дауыс беруді ұйымдастыруды және дауыстарды санауды Қостанай облыстық мәслихатының сессияда төрағалық етуші төрағасына өткізуді ұсынды.
Дауыс беру қашықтық режимінде жүргізілетінін айтты, сондықтан дауыстар санын тіркеудің ыңғайлылығы үшін ол келесі ретпен дауыс беруді ұсынды: кім айтылған мәселені қабылдауға қарсы немесе қалыс қалды алдымен өз шешімін айтады. Егер қарсы және қалыс қалғандар болмаса, онда мәселе бірауыздан қабылданды деп саналады.
Сессия жұмысының ұсынылған регламенті үшін дауыс берді. Қолдады – 23 дауыс. Қарсы – 0, қалыс қалды – 0. (Бірауыздан).
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Мәслихат сессиясының төрағасы ұсынған отырысты өткізу тәртібі мен дауыс беру тәртібі қабылдансын (жеке шешім қабылданбай, отырыстың хаттамасында тіркеледі). (Қолдады – 23 дауыс).
Ещанов С.Е.: Сессияның күн тәртібінде 3 мәселе бар екенін хабарлады. Сессияның күн тәртібіне дауыс берді. Қолдады – 23 дауыс. Қарсы – 0, қалыс қалды – 0. (Бірауыздан).
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Қостанай облыстық мәслихаты кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы» сессия шешімі бірауыздан қабылданды (сессия хаттмасына қоса беріледі). (Қолдады – 23 дауыс).
Ещанов С.Е. - Мәслихаттың 2018 жылғы 2 ақпандағы № 229 «Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
Ещанов С.Е.: Бұл мәселе мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында қаралғанын айтты.
Ещанов С.Е.: Дауыс беру рәсімін өткізді. Қолдады – 23 дауыс. Қарсы – 0, қалыс қалды – 0. (Бірауыздан).
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Мәслихаттың 2018 жылғы 2 ақпандағы № 229 «Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» мәслихат шешімі бірауыздан қабылдансын (хаттамаға қоса беріледі). (Қолдады – 23 дауыс).
3.ТЫҢДАЛДЫ:
Ещанов С.Е. – Лисаков қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
Ещанов С.Е.: Бұл мәселе мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында қаралғанын айтты.
Ещанов С.Е.: Дауыс беру рәсімін өткізді. Қолдады – 23 дауыс, қарсы – 0, қалыс қалды – 0 (Бірауыздан).
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Лисаков қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» мәслихат шешімі бірауыздан қабылданды (хаттамаға қоса беріледі). (Қолдады - 23, 0 – қалыс қалды) (Бірауыздан).
4.ТЫҢДАЛДЫ:
Ещанов С.Е. – Қостанай облыстық сайлау комиссиясын сайлау туралы.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
Төлегенова Қ.Қ.: «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңына (бұдан әрі мәтін бойынша – сайлау туралы Конституциялық заң) сәйкес Қостанай облыстық сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайтынын және 2024 жылдың қаңтарында аяқталатынын айтты.
Қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде, өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын облыстық сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру туралы жарияланды.
Комиссияның сандық құрамы жеті адамды құрайды.
Заңнамада белгіленген мерзімде 2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін саяси партиялардан, ал ұсыныстар болмаған жағдайда өзге де қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстар қабылданды.
Қостанай облыстық мәслихатына жеті партиядан 7 кандидат бойынша құжаттар келіп түсті:
Кандидаттардың сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін белгілеу мақсатында Қостанай облыстық мәслихаты төрағасының өкімімен келесі құрамда 5 адамнан тұратын жұмыс тобы құрылды:
жұмыс тобының төрағасы – Қ.Қ. Төлегенова.
Жұмыс тобының мүшелері:
Жутаев М. С.;
Манасбаев С. Ш.;
Есеева Г. Қ.,;
Баратова Ш. А.
Жұмыс тобының хатшысы - Исетова С. М.
Барлық партиялар барлық қажетті құжаттарды толық көлемде ұсынды, бұл:
1) белгіленген нысан бойынша облыстық сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) облыстық сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның шешімінен үзінді көшірмелер;
3) саяси партияны тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың облыстық сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері;
5) Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесінде ҚР сайлау туралы заңнамасын білуге арналған тестілеуден өткені туралы сертификаттар.
Келіп түскен құжаттарды қарап, жұмыс тобы кандидаттардың сәйкестігін анықтады:
Бұдан басқа, жұмыс тобы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінен келіп түскен мәліметтердің негізінде «Ақпараттық сервис» кандидаттардың заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген және алынбаған соттылығының және әрекет қабілеттілігінің бар-жоғын тексерді.
Сондай-ақ, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен келіп түскен мәліметтерге сәйкес кандидаттарды ұсынған саяси партиялардың халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бірлестіктер, шетелдік мемлекеттік органдар, шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар тарапынан қаржыландыруы болмайды. Сондықтан сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді.
Сонымен қатар, жұмыс тобы кандидаттардың облыстық сайлау комиссиясының мүшелігіне сәйкес келмейтін лауазымдарды атқармайтынын анықтады.
Олар: мемлекеттік саяси қызметшінің, Парламент, мәслихат депутатының, әкімдердің, судьялардың, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерінің лауазымдары.
Ұсынылған барлық кандидаттар қолданыстағы заңнаманың белгіленген талаптарына сәйкес келетінін айтты. Құжаттар сонымен қатар депутаттарға алдын-ала зерттеу үшін жіберілді.
Ещанов С.Е.: Дауыс беру рәсімін өткізді. Қолдады – 23 дауыс. Қарсы – 0, қалыс қалды – 0. (Бірауыздан).
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Қостанай облыстық сайлау комиссиясын сайлау туралы» мәслихат шешімі бірауыздан қабылданды (хаттамаға қоса беріледі). (Қолдады – 23, қалыс қалды – 0) (бірауыздан).
Қостанай облыстық
мәслихатының төрағасы С. Ещанов