Қостанай облыстық мәслихаты
кезектен тыс сессиясы отырысының
хаттамасы
(сегізінші шақырылым)
Қостанай қ., ZOOM 2023 жылғы 25 желтоқсан
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының төрағасы – Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы Ещанов С.Е.
Отырыс хатшысы: Ақанова Ж.С., «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ бас маманы.
Барлық депутаттар – 32
Қатысып отырған депутаттар - 28
Қатыспаған депутаттар: А. Ө. Ерденов, Б. Ж. Қарабаев, Д. Ж. Мирасов – қоңырауға жауап бермейді, Б. Б. Аққужина - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайлануына байланысты.
Кезектен тыс сессиясының күн тәртібі қоса беріледі.
Ещанов С.Е. – Қостанай облыстық мәслихаты кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы, сессия жұмысының регламентін айқындау.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
Ещанов С.Е.: сегізінші шақырылымның кезектен тыс сессиясы облыстық мәслихат депутаттарының бастамасымен шақырылғанын айтты. Сессия қашық режимде өткізілуде.
32 депутаттың 28-і сессияға қатысып отыр, сессия жұмысына қажетті кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.
Әлеуметтік желілерде отырыстың онлайн-көрсетілімі жүргізіліп жатқанына барлық қатысушылардың назарын аударды. Көрсетілімге сілтеме мәслихаттың ресми интернет-ресурсында орналастырылған және бұқаралық ақпарат құралдарына жолданған.
Сессия жұмысының регламентін анықтауды және сессияның күн тәртібін бекітуді ұсынды.
Келесі жұмыс регламентін ұсынды: күн тәртібіндегі мәселелер үшін – 5 минутқа дейін, қалған сөз сөйлеу, анықтамалар, сұрақтар, өтініштер, хабарламалар үшін – 2 минутқа дейін. Сессияның шешімдерін ашық дауыс беру арқылы қабылдауды, дауыс беруді ұйымдастыруды және дауыстарды санауды Қостанай облыстық мәслихатының сессияда төрағалық етуші төрағасына өткізуді ұсынды.
Дауыс беру қашықтық режимінде жүргізілетінін айтты, сондықтан дауыстар санын тіркеудің ыңғайлылығы үшін ол келесі ретпен дауыс беруді ұсынды: кім айтылған мәселені қабылдауға қарсы немесе қалыс қалды алдымен өз шешімін айтады. Егер қарсы және қалыс қалғандар болмаса, онда мәселе бірауыздан қабылданды деп саналады.
Сессия жұмысының ұсынылған регламенті үшін дауыс берді. Қолдады – 28 дауыс. Қарсы – 0, қалыс қалды – 0. (Бірауыздан).
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Мәслихат сессиясының төрағасы ұсынған отырысты өткізу тәртібі мен дауыс беру тәртібі қабылдансын (жеке шешім қабылданбай, отырыстың хаттамасында тіркеледі). (қолдады – 28 дауыс).
Ещанов С.Е.: Сессияның күн тәртібінде 3 мәселе бар екенін хабарлады. Сессияның күн тәртібіне дауыс берді. Қолдады – 28 дауыс. Қарсы – 0, қалыс қалды – 0. (Бірауыздан).
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Қостанай облыстық мәслихаты кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы» сессия шешімі бірауыздан қабылданды (сессия хаттмасына қоса беріледі). (Қолдады – 28 дауыс).
Ещанов С.Е. - Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Б.Б.Аққожинаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
Ещанов С.Е.: Қостанай облыстық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 157 қаулысы негізінде сессияның қарауына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайлануына байланысты облыстық мәслихат депутаты Бибігүл Бүркітқызы Аққожинаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе енгізілгенін түсіндірді.
Ещанов С.Е.: Дауыс беру рәсімін өткізді. Қолдады – 28 дауыс. Қарсы – 0, қалыс қалды – 0. (Бірауыздан).
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Б.Б. Аққожинаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» мәслихат шешімі бірауыздан қабылдансын (хаттамаға қоса беріледі). (Қолдады – 28 дауыс).
3.ТЫҢДАДЫ:
Ещанов С.Е. – Мәслихаттың 2023 жылғы 30 наурыздағы №4 «Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
Ещанов С.Е.: «ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға сәйкес тұрақты комиссиялардың құрамына мынадай өзгерістер енгізуді ұсынды:
Қостанай облыстық мәслихатының бюджет және экономиканы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамынан депутаттық өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Бибігүл Бүркітқызы Аққұжина шығарылсын.
Сондай - ақ, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Серік Шотбайұлы Манасбаевтан аграрлық сектор және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобында одан әрі жұмыс істеуі үшін аймақтың бюджеті және экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның құрамына Злой Анатолий Васильевичті енгізу туралы ұсыныс келіп түскенін айтты.
Осы ұсынысты қолдауды және Анатолий Васильевичті мәслихаттың Әлеуметтік сала және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамынан өңірдің бюджеті және экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға ауыстыруды ұсынды.
Ещанов С.Е.: Дауыс беру рәсімін өткізді. Қолдады – 28 дауыс, қарсы – 0, қалыс қалды – 0 (Бірауыздан).
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Мәслихаттың 2023 жылғы 30 наурыздағы №4 «Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихат шешімі бірауыздан қабылданды (хаттамаға қоса беріледі). (Қолдады - 28, 0 – қалыс қалды) (Бірауыздан).
4.ТЫҢДАДЫ:
Ещанов С.Е. – Мәслихаттың 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 17 ««AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалының депутаттық фракциясы түрінде депутаттық бірлестікті тіркеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
Ещанов С.Е.: «Амаnat» партиясы Қостанай облыстық филиалының хаты негізінде депутаттық фракция құрамына өзгерістер енгізілгенін түсіндірді.
Ещанов С.Е.: Дауыс беру рәсімін өткізді. Қолдады – 28 дауыс. Қарсы – 0, қалыс қалды – 0. (Бірауыздан).
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Мәслихаттың 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 17 ««AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалының депутаттық фракциясы түрінде депутаттық бірлестікті тіркеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәслихат шешімі бірауыздан қабылданды (хаттамаға қоса беріледі). (Қолдады – 28, қалыс қалды – 0) (бірауыздан).
Қостанай облыстық
мәслихатының төрағасы С. Ещанов