15.12.2023 ж. кезекті сессиясының хаттамасы

Қостанай облыстық мәслихатының

сегізінші шақырылымының кезекті IV сессиясының

ХАТТАМАСЫ

 

 

Қостанай қ., Тәуелсіздік, 85,              2023 жылғы 15 желтоқсан                                               4-қабат, бұрынғы филармония                                                    сағат 14-300  

 

Сессияны Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы С.Е. Ещанов ашып, жүргізеді.

Отырыс хатшысы: Ж.С. Ақанова, «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ бас маманы.

         Жұмыс істеп тұрған депутаттар саны-32

         Қатысқан депутаттар-29

  1. Аққужина Бибігүл Бүркітқызы
  2. Әлкенов Ерлан Дастанұлы
  3. Ахметова Динара Маратқызы
  4. Байзиров Нұрбол Әубәкірұлы
  5. Булгацевич Татьяна Борисовна
  6. Даниленко Олег Олегович
  7. Ерденов Абыл Өмірбекұлы
  8. Есеева Гайния Қалимжанқызы
  9. Ещанов Сайлаубек Ерғазыұлы
  10. Жаксагулова Аруна Рахметуллақызы
  11. Жанбыршина Қырмызы Сапарқызы
  12. Жутаев Махаббат Сағынбайұлы
  13. Злой Анатолий Васильевич
  14. Қазбеков Қайрат Қазиханұлы
  15. Қарабаев Болат Жұмашұлы
  16. Кәрібов Әділ Аликарайұлы
  17. Қуанышбаев Сейітбек Бекенұлы
  18. Маишев Қайрат Әлімбайұлы
  19. Манасбаев Серік Шотбайұлы
  20. Мулдатаев Рүстем Наурызұлы
  21. Нұрхожаев Ербол Сапарбайұлы
  22. Нұрмаған Манарбек Рахымұлы
  23. Розумович Валерий Иванович
  24. Семейбаев Сырым Сайранбекұлы
  25. Серғазинова Александра Қабдуллақызы
  26. Скородиевский Иван Иванович
  27. Сотников Евгений Владимирович
  28. Үмбетов Дәулет Мұқатайұлы
  29. Өтебаева Динара Қайырбекқызы

         Қатыспаған депутаттар: Қарбозов М.К., Мирасов Д.Ж. – іссапарда, Оспанов Қ.Б. – ауруханада.

         Сессия отырысына: облыс әкімі, облыс әкімінің орынбасары, облыстық департаменттердің, басқармалардың басшылары, аудандық және қалалық мәслихаттардың төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылып, қатысты (тізім хаттамаға қоса беріледі).

         Кезекті сессиясының күн тәртібі қоса беріледі.

 

  1. ТЫҢДАДЫ:

С. Е.Ещанов - Қостанай облыстық мәслихатының сегізінші шақырылған кезекті IV сессиясының күн тәртібін бекіту туралы, сессия жұмысының регламентін айқындау.

СӨЗ СӨЙЛЕДІ:

С. Е. Ещанов - Қостанай облыстық мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес сегізінші шақырылымның кезекті сессиясы шақырылғанын айтты.

32 депутаттың 29-ы сессияға қатысады, жұмыс үшін қажетті кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы. Бұқаралық ақпарат құралдары шақырылды.

Барлық қатысушылардың назарын әлеуметтік желілерде отырыстың онлайн - трансляциясы жүргізіліп жатқанына аударды.

Сессия жұмысының регламентін анықтауды және сессияның күн тәртібін бекітуді ұсынды.

Келесі жұмыс регламентін ұсынды: күн тәртібіндегі негізгі мәселе үшін – 15 минутқа дейін, қосымша баяндамашыға 5 минутқа дейін, қалған баяндамалар, анықтамалар, сұрақтар, өтініштер, хабарламалар үшін – 2 минутқа дейін. Сессияның шешімдерін ашық дауыс беру арқылы қабылдауды ұсынды. Ашық дауыс беруді қолды көтеру арқылы жүзеге асыру,  дауыс беруді ұйымдастыру және дауыстарды санау, сессия төрағасына өткізуді ұсынды.

Сессия жұмысының ұсынылған регламентіне дауыс беру рәсімін өткізді. - Қолдады -29 дауыс. Қарсы-0, қалыс қалды-0. (Бірауыздан).

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: мәслихат сессиясының төрағасы ұсынған отырысты өткізу тәртібі мен дауыс беру тәртібі қабылдансын (жеке шешім қабылданбай, отырыстың хаттамасында тіркеледі). (Қолдады - 29 дауыс).

С. Е. Ещанов: сессияның күн тәртібінде 2 мәселе бар екенін хабарлады. Сессияның күн тәртібіне дауыс берді. Қолдады -29 дауыс. Қарсы-0, қалыс қалды-0. (Бірауыздан).

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Қостанай облыстық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті IV сессиясының күн тәртібін бекіту туралы» сессияның шешімі бірауыздан қабылданды (сессияның хаттамасына қоса беріледі). (Қолдады - 29 дауыс).

 

 

  1. ТЫҢДАЛДЫ:

С.Е. Ещанов – Қостанай облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы.

СӨЗ СӨЙЛЕДІ:

  Г.Г.Мусагазина: Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында Мемлекет басшысы «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға қол қойғанын жеткізді. Бюджет кодексіне сәйкес алдағы 3 жылдық кезеңге арналған облыстық бюджет екі апта мерзімде қабылдануға тиіс.

Облыстық бюджет елдің 2028 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленгенін хабарлады. 2024 жылға арналған бюджет шығыстарын жоспарлау кезінде «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңда айқындалған негізгі ұстанымдар ескерілді, оған сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:

ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге (2023 жылы –  70 000 теңге);

ең төменгі зейнетақы мөлшері – 57 853 теңге (2023 жылы – 53 076 теңге);

айлық есептік көрсеткіш – 3 692 теңге (2023 жылы –3 450 теңге);

         Жалпы, облыстың 2024 жылға арналған бюджеті 570,0 млрд. теңгені құрайды, бұл оны бекіту кезінде ағымдағы жылдың бюджетінен 10%-ке артық, оның ішінде:

         - республикалық бюджеттен берілетін субвенция – 319,0 млрд. теңге;

         - меншікті кірістер – 166,0 млрд. теңге;

         - республикалық бюджеттен берілетін трансферттер мен кредиттер 77,0 млрд. теңге;

         - бағалы қағаздар шығару – 8,0 млрд. теңге;

Облыстық бюджетке қалалар мен аудандардан бюджеттік алымдар 86 млрд. 357 млн. теңгені құрайды (Қостанай – 48,436 млрд. теңге, Лисаков – 2,688 млрд. теңге,  Рудный – 26,670 млрд. теңге, Б. Майлин ауданы – 1,762 млрд. теңге, Жітіқара – 1,449 млрд. теңге, Қарабалық – 168,8 млн. теңге, Қарасу – 292,6 млн. теңге, Қостанай – 4,121 млрд. теңге, Федоров – 770,0 млн. теңге).

Облыстық бюджеттен аудандар мен Арқалық қаласына берілетін субвенциялар 4,4 млрд. теңгені құрайды. Бұл ретте субвенцияның ең көп сомасы Жангелдин ауданына – 1 млрд. 42 млн. теңгеге, ең азы – Меңдіқара ауданына – 105,3 млн. теңгеге келеді.

  2023-2025 жылдарға арналған субвенциялар мен алып қоюлардың қабылданған көлемі үш жылдық бюджеттің қолданылу кезеңінде өзгеріссіз қалатынын атап өткен жөн.

  Салалар бойынша бюджет шығыстары бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдеріне сәйкес келесідей жоспарланған.

Білім беру саласына 200,0 млрд. теңгеден астам немесе облыс бюджетінің 35% бағыттау жоспарлануда.

Оның ішінде білім беру нысандарын дамытуға 2,5 млрд. теңгеден астам қаражат бөлу жоспарлануда. 

- Қостанай қаласының «Береке» және «Қонай» шағын аудандарында екі мектептің құрылысын аяқтау үшін 1,2 млрд. теңге;

- Қостанай қаласының «Юбилейный» және «Әуежай» аудандарында 280 орындық балабақшалар салу жұмыстарын жалғастыру үшін 1,3 млрд. теңге.

Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қостанай, Рудный, Арқалық қалаларында, Қостанай және Әулиекөл аудандарында 14,7 млрд. теңгеге мектептер құрылысы жалғасады. 

2,3 млрд. теңге сомасына күрделі жөндеумен 7 білім беру нысаны қамтылады, атап айтқанда: Қостанай қаласының Қайырбеков атындағы № 9 мектебі, Меңдіқара ауданының  А. Чутаев атындағы Бурабай мектеп-гимназиясы, Арқалық қаласының № 10 мектебі, Рудный қаласының № 8 бөбекжайы, Қостанай қаласының № 6 бөбекжайы, Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі, Қостанай құрылыс колледжі.

Ағымдағы жөндеу 2,6 млрд. теңгеден астам сомаға 106 білім беру объектісінде жүргізілетін болады. Жөндеу жұмыстары аудандық, қалалық және облыстық білім беру ұйымдарында жүргізіледі.

Жітіқара, Федоров аудандары мен Қостанай қаласындағы 3 білім беру нысанына кейіннен күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 30,0 млн. теңге бағыттау жоспарлануда.

Сонымен қатар, келесі бағыттарға қаражат бөлу ұсынылады:

- 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 4,9 млрд. теңге, 44 мыңнан астам оқушы тамақпен қамтамасыз етіледі.

- Білім беру ұйымдарында қауіпсіз жағдайлар жасауға 1,1 млрд. теңге: облыстың қалалары мен аудандарының мектептерінде бейнебақылау орнату және мамандандырылған күзет енгізуге,

- 534,7 млн. теңге білім беру ұйымдарында үздіксіз жылыту маусымын қамтамасыз етуге бағытталатын болады; 

- білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға  362,8 млн. теңге қарастырылған;

- 166 білім беру ұйымдарына қызмет көрсету үшін «Парус-Қаз Бюджет» бұлтты бухгалтерия мен бағдарламалық өнімге қызмет көрсетуге 338,7 млн. теңге,

- заманауи оқу жабдықтарын сатып алуға 205,2 млн. теңге;

- интернет жылдамдығын 20 Мб/с дейін арттыруға 156,9 млн. теңге,

- білім беру объектілерін бейімдеуге 150,0 млн. теңге;

- асхана жабдықтарын сатып алуға 146,2 млн. теңге;

  - патронат тәрбиешілердің еңбекақысын 35 АЕК-ке дейін арттыруға 107,6 млн. теңге,

  - «Орта, техникалық және кәсіптік білім берудің үздік ұйымы» грантын төлеуге 68,0 млн. теңге,

  - Ұлттық мектеп лигасын өткізуге және төрешілер бригадаларына ақы төлеуге 54,7 млн. теңге,

  - «Хатико» жазғы сауықтыру орталығында ерекше қажеттіліктері бар облыстың 11 өңірінен 348 баланың жазғы демалысын ұйымдастыруға 52,0 млн. теңге,

  - Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға және оларға әлеуметтік қолдау көрсетуге 44,6 млн. теңге,

  - 2022 жылы қаржы лизингі шеңберінде сатып алынған 30 автобусқа қызмет көрсету бойынша қызметтерге 27,7 млн. теңге (бұл автокөлік оқушыларды жақын маңдағы мектепке дейін және ауылдық жерлерге қайтаруды жүзеге асырады). 

  - 24 білім беру мекемесі үшін «Малахит» ақпараттық жүйесіне қызмет көрсетуге (арнайы білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды есепке алу және тіркеу үшін) 15,0 млн. теңге,

Әлеуметтік қорғау саласының бюджеті 2,2 млрд. теңгені құрайды.

Бұл қаражат халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталатын болады, оның ішінде:

- арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің барлық орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға 543,7 млн. теңге;

- Аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балалардың күндізгі болу орталығын ұстауға 501,8 млн. теңге;

- арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қамқорлығындағы адамдар үшін азық-түлік сатып алуға 452,0 млн.теңге.

- Протездік-ортопедиялық, тифлотехникалық және сурдотехникалық құралдарды сатып алуға 418,5 млн. теңге;

- көру қабілеті нашар және зағип жандарға қызмет көрсетуге 17,2 млн. теңге;

- кресло-арбаларды жөндеу және қызмет көрсетуге 10,4 млн.теңге.

  Жалпы денсаулық сақтау саласына 17,2 млрд. теңге бөлінді.

  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық-емханалық көмек және стационарлық көмек көрсететін ұйымдар үшін күрделі шығындарды жүзеге асыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға бюджет қаражатының ең аз көлемі 6,6 млрд. теңге сомасында көзделген, атап айтқанда:

- стационарлық және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар үшін медициналық техниканы сатып алуға 2,6 млрд. теңге;

- «Салауатты ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы шеңберінде аудандық ауруханаларды, медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттерді, дәрігерлік амбулаторияларды жарақтандыруға 1,5 млрд. теңге;

- денсаулық сақтау объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуге 1,3 млрд. теңге;

- салауатты өмір салтын насихаттауға және вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға 1,2 млрд. теңге;

- облыстың денсаулық сақтау объектілеріне 17 ағымдағы жөндеу жүргізуге 500,0 млн. теңге: Алтынсарин, Әулиекөл, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Қостанай, Меңдіқара аудандары мен Рудный, Қостанай, Арқалық қалаларының ұйымдары жөндеумен қамтылатын болады.

  - Медициналық мамандықтар бойынша оқитын студенттер мен резиденттерге оқуға және стипендия төлеуге 491,3 млн. теңге;

  - Мамандандырылған медициналық көліктің 20 бірлігін сатып алуға 300,0 млн. теңге;

  - Медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға 167,0 млн. теңге;

- Өкпе гипертензиясы және муковисцидоз диагнозы қойылған 10 баланы емдеу үшін орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік препараттарды сатып алуға 79,1 млн. теңге.

Дене шынықтыру және спорт саласының бюджеті шамамен 14 млрд. теңгені құрайды.

Бұл қаржыландыру балалар мен бұқаралық спортты одан әрі дамытуға бағытталатын болады, атап айтқанда:

- мемлекеттік спорттық тапсырысты жүзеге асыруға 1,1 млрд. теңге;

  - 296,8 млн. теңгені әртүрлі спорт түрлерін  дамытуға бағыттау жоспарлануда;

  - облыстың балалар спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 276,0 млн. теңге;

- Қарабалық ауданында «Тың-Целина-2024» облыстық спартакиадасын өткізуге 26,0 млн. теңге;

- спорт объектілеріне жөндеу жүргізуге 24,0 млн. теңге.

Мәдениет саласына 5,9 млрд. теңге бағытталады.

- Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жүзеге асыруға 1,4 млрд. теңге;

- Мәдениет объектілеріне 2 ағымдағы және бір күрделі жөндеу жүргізуге 382,6 млн. теңге;

- Облыс театрлары үшін жаңа репертуар құруға және қоюға 97,0 млн. теңге;

- Қарабалық ауданында «Тың-Целина-2024» облыстық спартакиадасын өткізуге 55,0 млн. теңге қаражат қарастырылған.

  Кредиттік тұрғын үй құрылысына және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге 20,2 млрд теңге қарастырылған.

  Қонай шағын ауданындағы 13 үйдің, сондай-ақ Рудный қаласындағы 2 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда.

  Салынып жатқан тұрғын үйлерге инженерлік коммуникацияларды жүргізуге және абаттандыруға шамамен 7,8 млрд теңге бөлінді.

  Облыстың елді мекендерін газдандыруды жалғастыруға 2,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Оларды Алтынсарин ауданының Большая Чураковка, Бейімбет Майлин ауданының Береговое және Жітіқара ауданының Забелов ауылдарында газ тарату желілерін салу бойынша жұмыстарды аяқтауға, сондай-ақ Әулиекөл ауданының Құсмұрын кентінде жұмыстарды бастауға бағыттау ұсынылады.

  8,2 млрд теңгеден астам қаражат  жылумен жабдықтауды дамытуға, оның ішінде Рудный қаласы мен Горняцк кентінің жылу желілерін қайта жаңғыртуға, сондай-ақ Қостанай қаласының жылу магистралі учаскелерін қайта жаңғырту бойынша жұмыстарды бастауға көзделген.

Тобыл қаласының Астана және Қостанай ауданы Мичуринское ауылының Бәйтерек шағын ауданын электрмен жабдықтауды жалғастыруға 2,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

  Ауылдық сумен жабдықтау нысандарын салуға және қайта жаңғыртуға шамамен 11,3 млрд теңге бөлінді.

  Қаражат Денисов ауданының Перелески, Қарабалық ауданының Станционное, Боскөл, Меңдіқара ауданының Степанов, Ұзынкөл ауданының Новопокров, Федоров ауданының Александрополь, Кравцов, Копычен ауылдарын сумен жабдықтау және басқа да жобаларды аяқтауға бағытталады, сондай-ақ Алтынсарин, Бейімбет Майлин, Денисов, Жангелдин, Қостанай, Меңдіқара, Сарыкөл, Федоров аудандарында 10 жаңа инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.

  Сонымен қатар 7 нысан бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланған.

  Қалалық сумен жабдықтауға және су бұруға шамамен 7,2 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатты Қостанай, Арқалық, Лисаков, Рудный және Жітіқара қалаларында сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта жаңғыртуға бағыттау жоспарлануда.

  «Ауыл - ел бесігі» жобасын іске асыру шеңберінде 58 ауылда 10,2 млрд теңге сомасына 71 жоба көзделген.

  Даму жобаларына Қарабалық ауданының Қарабалық кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу және «Орталық» стадионын қайта жаңғырту, Алтынсарин ауданының Большая Чураковка ауылындағы ауылдық мәдениет үйін, Ұзынкөл ауданының Троебратское ауылында және Қамысты ауданының Арқа ауылындағы демалыс орталығы мен үйін, Жангелдин ауданының Сужарған ауылында Қайдосов атындағы орта мектепке арналған спортзал мен асхананы салу бойынша жобаларды аяқтауға 4,0 млрд теңге көзделген.

  Сондай-ақ Амангелді ауданының Амантоғай ауылында жабық спорт залын, Амангелді аудандық ауруханасына арналған қазандықты, Денисов ауданының Фрунзенское ауылында газ отынымен жұмыс істейтін блокты-модульді қазандықты, Федоров ауданының Федоров ауылында көпфункционалды спорт алаңын, Жітіқара ауданының Пригородное ауылында ауылдық мәдениет үйіне арналған сыртқы инженерлік желілер мен блок-модульдік қазандық, Қарабалық ауданының Қарабалық ауылында жабық хоккей кортын салу жоспарланған.

  Сонымен қатар әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеуге және ауылдық елді мекендердің жолдарын орташа жөндеуге     6,2 млрд теңге қарастырылған. Қамысты ауданының Қарабатыр және Федоров ауданының Костряков ауылдарындағы мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.

  Сондай-ақ 4 мектепке және 3 фельдшерлік-акушерлік пунктке, сондай-ақ 1 мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған.

  41 ауылда кентішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда.

  Көлік инфрақұрылымы саласында 46,0 млрд теңге қарастырылған, бұл қаражатты келесілерге бағыттау жоспарлануда:

  - 34,0 млрд теңге облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеуге;

  - 10,2 млрд теңге елді мекендердің көшелерін орташа жөндеуге;

  - 970,0 млн теңге аудан орталықтарында жаяужолдар салу;

  - 200,0 млн теңге аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға;

  - 37,0 млн теңге жол белгілерін орнатуға.

  Ауыл шаруашылығы саласында 37,8 млрд теңге сомасында қаражат көзделген.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау үшін келесілерді бөлу жоспарланған:

- 10,1 млрд теңге инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге;

- 8,2 млрд теңге ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға;

- 7,5 млрд теңге асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға;

- 4,7 млрд теңге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдау үшін пестицидтердің, биоагенттер мен тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға;

- 3,5 млрд теңге тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға;

- 1,9 млрд теңге тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға;

- 1,2 млрд теңге басым дақылдар өндірісін субсидиялауға;

- 700,0 млн теңге мал шаруашылығы саласында оны терең өңдеу өнімдерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға қайта өңдеу кәсіпорындарының шығындарына.

Табиғат пайдалану саласын дамытуға 4,4 млрд теңгеден астам қаражат көзделген, бұл қаражатты келесілерге бағыттау жоспарлануда:

- 3,6 млрд теңге, ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыруға, оның ішінде: көшеттерді сатып алуға, жұмыстың жекелеген түрлері бойынша еңбекақы төлеуге, жанар-жағармай сатып алуға;

- 418,6 млн теңге Гагарин бөгетінен Қостанай қаласының орталық жағажайына дейін Тобыл өзенінің арнасын тазартуға;

- 301,9 млн теңге қосымша енгізілген штат бірліктеріне еңбекақы төлеуге;

- 50 млн теңге аквамәдениеттің (балық шаруашылығының), сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығының өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға;

- 7,1 млн теңге өрт сөндіру мұнарасын бөлшектеуге.

Облыстың Полиция департаментіне 2,7 млрд теңге бағыттау ұсынылады, оның ішінде:

1 051,7 млн теңге әкімшілік полиция қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына 25% мөлшерінде қосымша ақы төлеуге;

666,3 млн теңге тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлерге тұрғын үй жалдағаны үшін тұрғын үй төлемдеріне;

426,6 млн теңге 115 бірлік арнайы көлік құралдарын сатып алу бойынша лизингтік төлемдерді өтеуге;

150,8 млн теңге азаматтарды құжаттандыру және дактилоскопиялық тіркеу үшін жылжымалы тасымалды жабдықты сатып алуға;

146,0 млн теңге смартфондар базасында 973 видеорегистраторды жалға беру қызметтеріне;

111,0 млн теңге жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркеу үшін «Автоураган» мобильді кешендеріне;

74,3 млн теңге кезекші бөлімдердегі диспетчерлік қызметтерді басқарудың бағдарламалық кешендеріне.

Сондай-ақ Қостанай қаласындағы жедел басқару орталығының штат санын 18 бірлікке  ұлғайтуға 70,0 млн теңге бағыттау жоспарлануда.

871,1 млн теңгені облыстың төтенше жағдайлар департаменті мен оның ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыруға бағыттау ұсынылады, оның ішінде:

- 439,9 млн теңге арнайы көлік құралдарын сатып алуға;

- 313,4 млн теңге хабарлау жүйесінің техникалық құралдарына;

- 48,7 млн теңге өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін сатып алуға.

Сонымен қатар Әулиекөл, Қамысты, Федоров аудандары мен Қостанай қаласындағы өрт сөндіру бөлімдерінің 5 ғимаратында жылыту жүйесін күрделі жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 15,5 млн теңге және облыс аумағын айналып өтуге, жарылыс жұмыстары мен ғарыштық мониторинг жүргізуге 53,6 млн теңге бағыттау ұсынылады.

С.Ш. Манасбаев: 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеттің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жүзеге асырылғанын айтты.

Параметрлер орта мерзімді кезеңге арналған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы негізінде айқындалған.

2024 жылға арналған бюджетті әзірлеу кезінде «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңда айқындалған негізгі ұстанымдар ескерілді.

Бюджеттің басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталған. Облыстық бюджет шығыстарының жартысына жуығы ағымдағы шығындарды қаржыландыруға және әлеуметтік сала проблемаларын шешуге қарастырылған. Осылайша, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік саланың басқа да объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеуге қаражат бөлінеді. Жөндеуді қажет ететін әлеуметтік саланың барлық обьектілері 2024 жылы қамтылмайды. Осы мәселені шешу үшін бюджетте жобаларды кейінгі жылдары іске асыру үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қаражат көзделген. Бюджет жобасында облыс мектептерінде 416,7 млн. теңгеге 13 кіріктірілген қазандықты шығару көзделген, бұл ғимараттардың өрт қауіпсіздігі мәселесін шешеді, қолданыстағы қазандықтардың жабдықтарын жөндеуге қосымша қаражат бөлінеді, осылайша осы мақсаттарға 117,9 млн.теңге бөлінетінін айта кету керек.

Сондай-ақ, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жыл сайын қаражат бөлінетіні атап өтілді, 2024 жылға қауіпсіздік жүйелерін орнатуға және мамандандырылған күзетке 1 млрд.теңгеден астам қаражат бөлу жоспарлануда.

Денсаулық сақтау жүйесінде стационарлық және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар үшін медициналық техника сатып алуға                  2,6 млрд. теңге бөлу көзделген. Аудандық ауруханаларды, сондай-ақ перзентханаларды, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерін, медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттерді, дәрігерлік амбулаторияларды жарақтандыруға 1,4 млрд.теңге бөлінеді.

Ұсынылған бюджет жобасында жылумен жабдықтау мәселелерін шешуге қаражат бөлінді. Ауыл халқын сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда. 

Ағымдағы жылы облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды, ауылдық елді мекендердің көшелерін жөндеуге қаражат қарастырылған. 

Бұдан басқа, ауыл көшелерін одан әрі жарықтандыруға кезең-кезеңімен қаражат бөлу жоспарланған.

Ауылдық елді мекендерді дамытуға бағытталған «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру жалғасуда. Оны іске асыруға облыстық бюджеттен                          6,5 млрд.теңге және республикалық бюджеттен 3,7 млрд. теңге көзделген.

Табиғатты қорғау саласындағы проблемалық мәселелерді шешу үшін полицияны, төтенше жағдайлар департаментін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге бюджет жобасында қаржы қаражатын бөлу де көзделген.

Жалпы, ұсынылған бюджет жобасы теңдестірілген болып табылады және әлеуметтік бағытты сақтап қалды. Оған әлеуметтік саланы дамытуға, сондай-ақ облыс тұрғындарының сапа деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін коммуналдық инфрақұрылым жобаларына бағытталған шығыстар енгізілген.

С. Е.Ещанов: Дауыс беру рәсімін өткізді. Қолдады - 29 дауыс. Қарсы-0, қалыс қалды-0. (Бірауыздан).

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Мәслихаттың «Қостанай облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешімі бірауыздан қабылдансын (хаттамаға қоса беріледі). (Қолдады - 29 дауыс).

3.ТЫҢДАЛДЫ:

C.Е.Ещанов –     Қостанай облыстық мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.

СӨЗ СӨЙЛЕДІ:

C.Е.Ещанов: Бұл мәселе мәслихаттың тұрақты комиссиялар отырысында толық қаралғанын айтты. Дауыс беру рәсімін өткізді. Қолдады – 29 дауыс. Қарсы – 0, қалыс қалды – 0. (Бірауыздан).

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Қостанай облыстық мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» мәслихат шешімі бірауыздан қабылданды (хаттамаға қоса беріледі). (Қолдады – 29 дауыс). 

 

 

Қостанай облыстық

мәслихатының төрағасы                                                        С. Ещанов

Дата публикации
31 января 2024