11.12.2023 ж кезектен тыс сессиясының хаттамасы

Қостанай облыстық мәслихаты

кезектен тыс сессиясы отырысының

хаттамасы

(сегізінші шақырылым)

 

Қостанай қ., ZOOM                                                         2023 жылғы 11 желтоқсан 

                                                                                 

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының төрағасы – Қостанай облыстық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асыратын М.С. Жутаев.

Отырыс хатшысы: Ақанова Ж.С., «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ бас маманы.

 

Барлық депутаттар – 32

Қатысып отырған депутаттар   -  26

  1. Аққожина Бибігүл Бүркітқызы
  2. Ахметова Динара Маратқызы
  3. Байзиров Нұрбол Әубакірұлы
  4. Булгацевич Татьяна Борисовна
  5. Даниленко Олег Олегович
  6. Ерденов Абыл Өмірбекұлы
  7. Есеева Ғайния Қалимжанқызы
  8. Жаксағұлова Аруна Рахметуллаевна
  9. Жаңбыршина Қырмызы Сапарқызы
  10. Жутаев Махаббат Сағынбайұлы
  11. Злой Анатолий Васильевич
  12. Қазбеков Қайрат Қазиханұлы
  13. Карибов Әділ Әлиқараұлы
  14. Қуанышбаев Сейітбек Бекенұлы
  15. Маишев Қайрат Әлембайұлы
  16. Манасбаев Серік Шотбайұлы
  17. Молдатаев Рүстем Наурызұлы
  18. Нұрхожаев Ербол Сапарбайұлы
  19. Нұрмаған Манарбек Рахымұлы
  20. Розумович Валерий Иванович
  21. Сергазинова Александра Кабдуллаевна
  22. Семейбаев Сырым Сайранбекұлы
  23. Скородиевский Иван Иванович
  24. Сотников Евгений Владимирович
  25. Үмбетов Дәулет Мұқатайұлы
  26. Өтебаева Динара Қайырбекқызы

Қатыспаған депутаттар: Әлкенов Е.Д., Булгацевич Т.Б., Мирасов Д.Ж., Оспанов Қ.Б. – іссапарда, Ещанов С.Е., - еңбек демалысында, Карбозов М.К. – жүйенің нашар байланысы.

Сессия отырысына облыстық департаменттердің, басқармалардың, мекемелердің басшылары шақырылды және қатысуда (тізім хаттамаға қоса беріледі).

Сессия күн тәртібі қоса беріледі.

 

  1. ТЫҢДАДЫ:

Жутаев М.С. – Қостанай облыстық мәслихаты кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы, сессия жұмысының регламентін айқындау.

СӨЗ СӨЙЛЕДІ:

Жутаев М.С.: сегізінші шақырылымның кезектен тыс сессиясы облыстық мәслихат депутаттарының бастамасымен шақырылғанын айтты. Сессия қашық режимде өткізілуде.

32 депутаттың 26-сы сессияға қатысып отыр, сессия жұмысына қажетті кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.

          Әлеуметтік желілерде отырыстың онлайн-көрсетілімі жүргізіліп жатқанына барлық қатысушылардың назарын аударды. Көрсетілімге сілтеме мәслихаттың ресми интернет-ресурсында орналастырылған және бұқаралық ақпарат құралдарына жолданған.

Сессия жұмысының регламентін анықтауды және сессияның күн тәртібін бекітуді ұсынды.

Келесі жұмыс регламентін ұсынды: күн тәртібіндегі мәселелер үшін – 5 минутқа дейін, қалған сөз сөйлеу, анықтамалар, сұрақтар, өтініштер, хабарламалар үшін – 2 минутқа дейін. Сессия шешімдерін ашық дауыс беру арқылы қабылдауды, дауыс беруді ұйымдастыруды және дауыстарды санауды төрағаның өкілеттігін уақытша жүзеге асыратын төрағалық етушіге сессияда өткізуді ұсынды.

Дауыс беру қашықтық режимінде жүргізілетінін айтты, сондықтан дауыстар санын тіркеудің ыңғайлылығы үшін ол келесі ретпен дауыс беруді ұсынды: кім айтылған мәселені қабылдауға қарсы немесе қалыс қалды алдымен өз шешімін айтады. Егер қарсы және қалыс қалғандар болмаса, онда мәселе бірауыздан қабылданды деп саналады.

Сессия жұмысының ұсынылған регламенті үшін дауыс берді.  Қолдады – 26 дауыс. Қарсы – 0, қалыс қалды – 0. (Бірауыздан).

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Мәслихат сессиясының төрағасы ұсынған отырысты өткізу тәртібі мен дауыс беру тәртібі қабылдансын (жеке шешім қабылданбай, отырыстың хаттамасында тіркеледі). (қолдады – 26 дауыс).

Жутаев С.Ш.: Сессияның күн тәртібінде 12 мәселе бар екенін хабарлады. Сессияның күн тәртібіне дауыс берді. Қолдады – 26 дауыс. Қарсы – 0, қалыс қалды – 0. (Бірауыздан).

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Қостанай облыстық мәслихаты кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы» сессия шешімі бірауыздан қабылданды (сессия хаттмасына қоса беріледі). (Қолдады – 26 дауыс).

 

  1. ТЫҢДАДЫ:

Жутаев М.С. - Мәслихаттың 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 260 «Қостанай облысының 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

СӨЗ СӨЙЛЕДІ:

Попова О.А.: Қостанай облыстық мәслихатының 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау туралы шешімінің жобасын облыс әкімдігі бекітуге енгізіп отырғанын айтты.

Облыстық бюджетке өзгерістер енгізу депутаттардың бастамасы бойынша Бюджет кодексімен тоқсанына бір реттен артық емес рұқсат етілген шегі бойынша жүзеге асырылып отыр.

Келесі шығыстарға 953,3 млн. теңге бағыттауды ұсынды:

- 27,8 млн. теңге – Қамысты ауданы білім бөлімінің Қарабатыр орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуді жалғастыруға;

- 316,0 млн. теңге – 80 денсаулық сақтау маманы үшін көтерме төлемдерді жүзеге асыруға, оның ішінде ауылдық жерлерде – 24 адам, қалалық жерлерде – 56 адам;

- 500,0 млн.теңге – денсаулық сақтау ұйымдарының дәрі-дәрмектері мен коммуналдық қызметтері бойынша кредиторлық берешекті өтеу үшін;

- 9,5 млн. теңге – ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға;

- 100,0 млн. теңге – Жітіқара ауданы Чайковское ауылының сумен жабдықтау желілерін салу бойынша жалғасып жатқан жобаны қаржыландыруға.

         Серғазинова А.К.: 953,3 млн. теңге сомасы қайдан алынды?

         Попова О.А.: Бюджет қаражатын үнемдеу деп жауап берді.

         Жаңбыршина К.С.: 27,8 млн. теңге – Қарабатыр орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуді жалғастыруға бөлінген түпкілікті сома ма, әлде тағы ақша бөлінетін болады ма?

         Умаров А.Н.: Биыл Қарабатыр ОМ жөндеуге 40,7 млн. теңге бөлініп, 100% игерілді. Негізгі бөлігі жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін келесі жылға 370 млн. теңге жоспарланған. Өтеуге қосымша 27,8 млн. теңге бөлінді. Мердігер жоспары озық орындап, жұмыс істеп жатыр.

         Жаңбыршина К.С.: Чайковское ауылының сумен жабдықтау желілерін салу бойынша жалғасып жатқан жобаны қаржыландыруға бөлінетін 100,0 млн. теңге, бұл түпкілікті сома ма?

         Попова О.А.: Бұл соманы өтеу деп жауап берді.

      Жутаев М.С.: Дауыс беру рәсімін өткізді. Қолдады – 26 дауыс. Қарсы – 0, қалыс қалды – 0. (Бірауыздан).

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Мәслихаттың 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 260 «Қостанай облысының 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихат шешімі бірауыздан қабылдансын (хаттамаға қоса беріледі). (Қолдады – 26 дауыс).

 

3.ТЫҢДАДЫ:

Жутаев М.С. –  Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы.

СӨЗ СӨЙЛЕДІ:

Попова О.А.: Ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін кемінде жиырма бес пайызға көтерілген лауазымдық жалақылар мен тарифтік мөлшерлемелер денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандарға белгіленетінін айтты.

Аталған өзгерістер Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 2023 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілуіне және қолданылуына байланысты халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мамандарды қосу бөлігінде енгізіледі.

ТІЗБЕГЕ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАРДЫ КЕЛІСУ.

Әкімшінің тиісті саланың аталған мамандары лауазымдарының тізбесін нақтылау қажеттігі туралы ұсыныстары негізінде экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы «Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 71 «Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысының әзірлеушісі болып табылады.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының аумағында әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі күшіне енді.

Кодекске сәйкес жаңа ұйымдар – Еңбек ұтқырлығы орталықтары, Мансаптық орталықтар (бұрын халықты жұмыспен қамту орталықтары) құрылды, оларды қаржыландыру және лауазымдық жалақының жиырма бес пайызын төлеу аудандық бюджеттен қаржыландырылды.

2023 жылғы 1 шілдеде Мансаптық орталықтарды қаржыландыру және лауазымдық жалақының жиырма бес пайызын төлеу облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізілуге тиіс.

Жутаев М.С.: Дауыс беру рәсімін өткізді. Қолдады – 26 дауыс, қарсы – 0, қалыс қалды – 0 (Бірауыздан).

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» мәслихат шешімі бірауыздан қабылданды (хаттамаға қоса беріледі). (Қолдады -  26, 0 – қалыс қалды) (Бірауыздан).

 

4.ТЫҢДАДЫ:

Жутаев М.С. – Ауылдық округті құру туралы.

СӨЗ СӨЙЛЕДІ:

Исмағамбетова А.А.: «ҚР Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» ҚР Заңы 12-бабының 2-тармақшасына сәйкес аудандық өкілді және атқарушы органдар бірлескен шешіммен облыстық өкілді және атқарушы органдарға елді мекендерді кенттер немесе ауылдар санатына жатқызу туралы; кенттер мен ауылдарды құру немесе қайта құру, олардың бағыныстылығын өзгерту, оларды есепке алу және тіркеу.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 2-бабының 2-тармағына сәйкес ауылдық округ жалпы халқы кемінде 500 адамнан тұратын екі және одан да көп ауылдық елді мекендерден тұрады.

Степное ауылында 2023 жылғы 1 қазанда 503 адам тұрады.

Соңғы үш жыл ішінде Аққарға ауылында халықтың азаюы байқалды. 2021 жылғы 1 сәуірде тұрғындар саны 260 адам, 2022 жылғы 1 сәуірде – 103 адам және 2023 жылғы 1 қазанда – 50 адам.

2011 жылдан бастап ауылда жұмыс болмауына байланысты тұрғындар көшіп кете бастады. Негізінен ауылдан мектеп жасындағы балалары бар еңбекке қабілетті халық қоныс аударды. Тиісінше, мектеп оқушыларының саны азайды, бұл мектептің жабылуына әсер етті. Мектеп 2020 жылы жабылды. Бүгінгі таңда ауылда мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар жоқ. Газдың, көлік қатынасының, жұмыс істеп тұрған әлеуметтік және мәдени объектілердің (мектептің, медициналық пункттің, мәдениет үйінің, спорт ғимараттарының болмауы) болмауына байланысты жағдайды жақсарту және одан әрі дамыту перспективалары жоқ.

Мұнда да бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігі туралы айту орынды, халық саны аз болған жағдайда ауыл әкімінің аппаратын ұстау тиімсіз.

Аққарға ауылы – Жітіқара ауданының ең шалғай ауылы, аудан орталығынан 120 км қашықтықта орналасқан. Ең жақын елдімекен, Степное ауылы – 40 км, Мүктікөл а/о Волгоградское ауылына дейінгі қашықтық – 50 км (тікелей автожол жоқ). Аққарға ауылы Ресей Федерациясымен шекарада, Тобыл өзенінің бойында, Орынбор облысы, Светлин ауданы, Восточное ауылынан 3 км қашықтықта орналасқан. Ауылда 2015 жылы ашылған жеңілдетілген шекара арқылы өткізу пункті бар, 2020 жылдан бастап пункт жұмыс істемейді.

Осыған байланысты, жоғарыда айтылғандарға сәйкес келтіру үшін құрамында Жітіқара ауданы Степное және Аққарға ауылдары енетін Степное а/о құру қажет деп санаймыз. Энергиямен жабдықтау, байланыс, сумен жабдықтау, жолдарды тазарту бұрынғы режимде жұмыс істейтін болады.

Жаңбыршина К.С.: Қандай да бір анықтамаларды ұсыну үшін маман бірлігін бөлу қаралғанын сұрады?

Исмағамбетова А.А.: қаралып жатыр деп жауап берді.

Серғазинова А.К.: Әкімдікте жұмыс істеген барлық әкімдік мамандары қайда?

Исмағамбетова А.А.:  Мемлекеттік қызметші емес, шарт бойынша әдіскер жұмыс атқарады жауап берді.

Жутаев М.С.: Дауыс беру рәсімін өткізді. Қолдады – 24 дауыс. Қарсы – 0, қалыс қалды – 2. (көпшілік дауыспен қабылданды).

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Ауылдық округті құру туралы» мәслихат шешімі көпшілік дауыспен қабылданды (хаттамаға қоса беріледі). (Қолдады – 24, қалыс қалды – 2) (көпшілік дауыспен қабылданды).

 

5.ТЫҢДАДЫ:

Жутаев М.С. - Қостанай облыстық мәслихаты кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.

СӨЗ СӨЙЛЕДІ:

Жутаев М.С.: Бұл мәселе мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында толық қаралғанын айтты. Дауыс беру рәсімін өткізді. Қолдады – 26 дауыс. Қарсы – 0, қалыс қалды – 0. (Бірауыздан).

РЕШИЛИ: «Қостанай облыстық мәслихаты кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» мәслихат шешімі бірауыздан қабылданды  (хаттамаға қоса беріледі). (Қолдады – 26).

 

6.ТЫҢДАДЫ:

Жутаев М.С. - Қостанай облыстық мәслихатының 2022 жылғы                       17 қазандағы № 232 «Қостанай облысында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

СӨЗ СӨЙЛЕДІ:

Жутаев М.С.:  Бұл мәселе мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында толық қаралғанын айтты. Дауыс беру рәсімін өткізді. Қолдады – 26 дауыс. Қарсы – 0, қалыс қалды – 0. (Бірауыздан).

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Қостанай облыстық мәслихатының 2022 жылғы                       17 қазандағы № 232 «Қостанай облысында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәслихат шешімі бірауыздан қабылданды (хаттамаға қоса беріледі). (Қолдады – 26).

7.ТЫҢДАДЫ:

Жутаев М.С. -    Мәслихаттың 2021 жылғы 28 сәуірдегі №43 «Қостанай облысы әкімдігі жанындағы өңірлік экспорттаушылар кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

СӨЗ СӨЙЛЕДІ:

Жутаев М.С.: Бұл мәселе мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында толық қаралғанын айтты. Дауыс беру рәсімін өткізді. Қолдады – 26 дауыс. Қарсы – 0, қалыс қалды – 0. (Бірауыздан).

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Мәслихаттың 2021 жылғы 28 сәуірдегі №43 «Қостанай облысы әкімдігі жанындағы өңірлік экспорттаушылар кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихат шешімі бірауыздан қабылданды (хаттамаға қоса беріледі). (Қолдады – 26). 

 

8.ТЫҢДАЛДЫ:

Жутаев М.С. – Мәслихаттың 2019 жылғы 24 қаңтардағы №365 «Қостанай облысы әкімдігі жанындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

СӨЗ СӨЙЛЕДІ:

Жутаев М.С.:  Бұл мәселе мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында толық қаралғанын айтты. Дауыс беру рәсімін өткізді. Қолдады – 26 дауыс. Қарсы – 0, қалыс қалды – 0. (Бірауыздан).

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Мәслихаттың 2019 жылғы 24 қаңтардағы №365 «Қостанай облысы әкімдігі жанындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәслихат шешімі бірауыздан қабылданды (хаттамаға қоса беріледі). (Қолдады – 26). 

 

9.ТЫҢДАДЫ:

Жутаев М.С. - Мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 104 «Қостанай облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара                     іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

СӨЗ СӨЙЛЕДІ:

Жутаев М.С.:  Бұл мәселе мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында толық қаралғанын айтты. Дауыс беру рәсімін өткізді. Қолдады – 26 дауыс. Қарсы – 0, қалыс қалды – 0. (Бірауыздан).

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 104 «Қостанай облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара                     іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихат шешімі бірауыздан қабылданды (хаттамаға қоса беріледі). (Қолдады – 26). 

10.ТЫҢДАДЫ:

Жутаев М.С. - Мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 475 «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

СӨЗ СӨЙЛЕДІ:

Жутаев М.С.: Бұл мәселеге өзгерістер мәслихат хатшысы лауазымының мәслихат төрағасы болып қайта аталуына байланысты енгізіліп жатқанын айтты. Бұл мәселе мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында толық қаралды. Дауыс беру рәсімін өткізді. Қолдады – 26 дауыс. Қарсы – 0, қалыс қалды – 0. (Бірауыздан).

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы                  № 475 «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихат шешімі бірауыздан қабылданды (хаттамаға қоса беріледі). (Қолдады – 26). 

 

11.ТЫҢДАДЫ:

Жутаев М.С. – Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 7 тамыздағы № 224 «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

СӨЗ СӨЙЛЕДІ:

Жутаев М.С.: Бұл мәселеге де өзгерістер мәслихат хатшысы лауазымының мәслихат төрағасы болып қайта аталуына байланысты енгізіліп жатқанын айтты. Бұл мәселе мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында толық қаралды. Дауыс беру рәсімін өткізді. Қолдады – 26 дауыс. Қарсы – 0, қалыс қалды – 0. (Бірауыздан).

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 7 тамыздағы № 224 «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәслихат шешімі бірауыздан қабылданды (хаттамаға қоса беріледі). (Қолдады – 26).

 

12.ТЫҢДАДЫ:

Жутаев М.С. – «Еңбек» депутаттық тобын құру туралы» мәслихаттың 2023 жылғы 21 сәуірдегі №20 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

СӨЗ СӨЙЛЕДІ:

Жутаев М.С.: Бұл мәселе мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында қаралғанын айтты. Депутаттық өкілеттігін Мәди Өмірзақұлы Ихтиляповтан алып тастауға байланысты ол депутаттық топтың құрамынан шығарылды. Дауыс беру рәсімін өткізді. Қолдады – 26 дауыс. Қарсы – 0, қалыс қалды – 0. (Бірауыздан).

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Еңбек» депутаттық тобын құру туралы» мәслихаттың 2023 жылғы 21 сәуірдегі №20 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» бірауыздан қабылданды (хаттамаға қоса беріледі). (Қолдады – 26).

 

 

13.ТЫҢДАДЫ:

Жутаев М.С. - Қостанай облыстық мәслихатының Құрмет грамоталарымен марапаттау туралы.

СӨЗ СӨЙЛЕДІ:

Жутаев М.С.: Дауыс беру рәсімін өткізді. Қолдады – 26 дауыс. Қарсы – 0, қалыс қалды – 0. (Бірауыздан).

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Қостанай облыстық мәслихатының Құрмет грамоталарымен марапаттау туралы» мәслихат шешімі бірауыздан қабылданды (хаттамаға қоса беріледі). (Қолдады – 26).

 

 

Қостанай облыстық мәслихаты

төрағасының өкілеттігін уақытша

жүзеге асырушы                                                                            М. Жутаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
31 января 2024