2023 жылғы 5 желтоқсанда Қостанай облысының Қоғамдық кеңесі Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен бірлесіп 2023 жылғы жұмыс қорытындыларын қарады.
Отырысқа өңірдің мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының бірінші орынбасары Е.Ж. Лұқпанов және Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл, құрылыс, индустриялдық-инновациялық даму, көлік және жол дамыту мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Н.Е. Әбдібеков баяндама жасады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі және сыртқы талдау нәтижелерін толық талқылағаннан кейін, мемлекеттік органдардың оларды жою жөніндегі жұмыстары мүдделі пікір алмасудан өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Д. Ұзынжас 2023 жылы облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне үлес қосқан еріктілерге алғыс хат табыс етті.
Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мемлекеттік органдарға жолданатын ұсынымдар қабылдады.