Қостанай облыстық мәслихатының Қостанай облыстық сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты Қостанай облыстық сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.
Қостанай облыстық сайлау комиссиясы жеті мүшеден тұрады. Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиясына қатысты 2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді электрондық және қағаз форматта;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.
Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихаттың https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty?lang=ru сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс (http://law.gov.kz/client/#!/doc/4/rus).
Қостанай облыстық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Қостанай облыстық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген аумақтық сайлау комиссиялары мүшелеріне қойылатын бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесі арқылы сайлау туралы заңнаманы білуге тестілеуден өткені туралы сертификаттың болуы (https://dot.saylau.kz//dot/).
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Қостанай облыстық мәслихаты
Мәслихаттың орналасқан жері: Қостанай қаласы, әл-Фараби даңғылы, 66.
Сайлаубек Ерғазыұлы Ещанов – Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы.
Жауапты тұлға – Исетова Салтанат Мұхаметқызы 8(714)2 542-080, 575-604, электрондық пошта мекенжайы oblmaslihat@kostanayoblmaslihat.gov.kz, 575601@mail.ru.
Қостанай облыстық мәслихаты Қостанай облыстық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлайды:
|
№
|
Комиссия атауы
|
Комиссияның орналасқан жерінің мекенжайы |
комиссия мүшелерінің саны |
|||
|
Елдімекен |
Көше |
Үй |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
Қостанай облыстық сайлау комиссиясы
|
Қостанай қ. |
Әл-Фараби даңғ. |
60 |
7 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
_______________________________________