2023 жылғы 3 қазанда ZOOM режимінде Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің және облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

2023 жылғы 3 қазанда ZOOM режимінде Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің және облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

 Күн тәртібіндегі негізгі мәселе: Қостанай облыстық мәслихатының «Мәслихаттың 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №260 «Қостанай облысының 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасын қарау.

Негізгі баяндамашы «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы Г.Ғ. Мұсағазина болды, ол өз баяндамасында мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қалыптасқан экономиканы қайта бөлу бюджетті нақтылаудың себебі болып табылатынын атап өтті.

Бұл қаражат мынадай бірінші кезектегі шығыстарға: облыстың 10 ауданының білім беру ұйымдарының коммуналдық қызметтеріне ақы төлеуге, «Жангелдин ауданының Торғай ауылында су мұнарасын салу» жобасын іске асыруға, «Жітіқара қаласының кәріз коллекторын реконструкциялау» жобасы бойынша ҚМЖ аяқтауға, бұрынғы балабақша ғимаратын аутизмі бар балаларға арналған орталық ретінде реконструкциялауды аяқтауға, Амангелді ауданының мәдениет үйінің от жағушылар мен жинастырушыларының жалақысына, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба және басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға бағытталды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қостанай облысының Қоғамдық кеңесінде жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстар жоқ.

Дата публикации
04 октября 2023