08.09.2023 ж. кезектен тыс сессиясының хаттамасы

Қостанай облыстық мәслихаты

сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясының

ХАТТАМАСЫ

Қостанай қ., Тәуелсіздік, 85,              2023 жылғы 8 қыркүйек                                              

4-қабат, бұрынғы филармония                 сағат 11-00 

 

Сессияны Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы С.Е. Ещанов ашып, жүргізеді.

Отырыс хатшысы: Ж.С. Ақанова «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ бас маманы.

Барлық депутаттардың саны-31

Қатысқан депутаттар-24

  1. Аққужина Бибігүл Бүркітқызы
  2. Әлкенов Ерлан Дастанұлы
  3. Ахметова Динара Маратқызы
  4. Байзиров Нұрбол Әубәкірұлы
  5. Булгацевич Татьяна Борисовна
  6. Даниленко Олег Олегович
  7. Ерденов Әбыл Өмірбекұлы
  8. Есеева Ғайния Қалимжанқызы
  9. Ещанов Сайлаубек Ерғазыұлы
  10. Жанбыршина Қырмызы Сапарқызы
  11. Жақсағулова Аруна Рахметуллақызы
  12. Жутаев Махаббат Сағынбайұлы
  13. Қазбеков Қайрат Қазиханұлы
  14. Қарабаев Болат Жұмашұлы
  15. Қарбозов Манат Кәкімжанұлы
  16. Кәрібов Әділ Аликарайұлы
  17. Қуанышбаев Сейітбек Бекенұлы
  18. Манасбаев Серік Шотбайұлы
  19. Оспанов Қайрат Бахитжанұлы
  20. Семей Сырым Сайранбекұлы
  21. Серғазинова Александра Абдуллақызы
  22. Скородиевский Иван Иванович
  23. Сотников Евгений Владимирович
  24. Үмбетов Дәулет Мұқатайұлы

Қатыспаған депутаттар: А.В.Злой, К.А.Маишев, Д.Ж.Мирасов, Е.С.Нұрхожаев – іссапарда, М.Р.Нұрмаған, Д.Қ.Өтебаева – демалыста, Р.Н.Молдатаев - ауруханалық.

Сессия отырысына Қостанай облысының әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов қатысуда.

Күн тәртібі қоса беріледі.

  1. ТЫҢДАЛДЫ:

         С.Е. Ещанов - Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы, сессия жұмысының регламентін айқындау.

СӨЗ СӨЙЛЕДІ:

         С.Е. Ещанов – Сегізінші шақырылымның кезектен тыс сессиясы облыстық мәслихат депутаттарының бастамасымен шақырылғанын айтты.

32 депутаттың ішінен 24 қатысып отыр, сессия жұмысына қажетті кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы. Бұқаралық ақпарат құралдары шақырылды.

Әлеуметтік желілерде отырыстың онлайн-көрсетілімі жүргізіліп жатқанына барлық қатысушылардың назарын аударды! Көрсетілімге сілтеме мәслихаттың ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

Жұмыс регламентін анықтауды және сессияның күн тәртібін бекітуді ұсынды.

Келесі жұмыс регламентін ұсынды: күн тәртібіндегі мәселелер үшін – 10 минутқа дейін, қалған сөз сөйлеулер, анықтамалар, сұрақтар, өтініштер, хабарламалар үшін – 2 минутқа дейін.

Қолды көтеру арқылы ашық дауыс беру арқылы сессия шешімдерін қабылдауды ұсынды.

Сессияның күн тәртібінде екі мәселе бар екенін айтты:

Пилоттық өңірлердің тізбесін және аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауын өткізу күнін белгілеу туралы.

Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Мәди Өмірзақұлы Ихтиляповтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.

Бірінші мәселе бойынша дауыс беру процесін ұйымдастыру және оның қорытындысын шығару үшін қатысып отырған депутаттар арасынан кемінде 3 адамнан тақ санда есеп комиссиясын құруды ұсынды.

Екінші мәселе бойынша дауыстарды есептеуді мәслихат төрағасына дербес жүргізуді ұсынды.

Есеп комиссиясының құрамына: депутат Жаңбыршина Қырмызы Сапарқызы, комиссия төрағасы, Комиссия хатшысы мәслихат аппаратының қызметкері Шолпан Әміржанқызы Баратова, депутат Гайния Қалымжанқызы Есеева, комиссия мүшесі болып ұсынылды.

Сессия жұмысының және есеп комиссиясын сайлаудың ұсынылған регламентіне дауыс берді. - 24 дауыс. Қарсы-0, қалыс қалды-0. (Бірауыздан).

ШЕШТІ: Мәслихат сессиясының төрағасы ұсынған отырысты өткізу тәртібі мен дауыс беру тәртібі қабылдансын (жеке шешім қабылданбай, отырыстың хаттамасында тіркеледі). (24 дауыс).

Ещанов С. Е.: Сессияның күн тәртібінде 4 мәселе бар екенін еске салды. Сессияның күн тәртібіне дауыс берді. -24 дауыс. Қарсы-0, қалыс қалды-0. (Бірауыздан).

ШЕШТІ: «Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы» сессияның шешімі бірауыздан қабылданды (сессияның хаттамасына қоса беріледі). (24 дауыс үшін).

 

  1. ТЫҢДАЛДЫ:

С.Е. Ещанов -     Пилоттық өңірлердің тізбесін және аудан, облыстық маңызы бар қала әкімінің сайлауын өткізу күнін белгілеу туралы.

СӨЗ СӨЙЛЕДІ:

С.Е. Ещанов – «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес сайлауды тағайындау үшін мәслихаттың пилоттық өңірлер тізбесін және сайлау өткізілетін күнді белгілеу туралы шешімі негіз болып табылатынын айтты. Биыл алғаш рет пилоттық режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін тікелей сайлау өткізілетінін атап өткен жөн. Сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы мәслихат шешімімен белгіленген сайлау өткізілетін күнге дейін кемінде 50 (елу) күн бұрын тағайындайды. Осыған байланысты, сайлау күнін 2023 жылғы «5» қарашада белгілеуді ұсынамын. Бұл жексенбі, демалыс күні, бұл аймақтардың барлық тұрғындары үшін ыңғайлы болады.

Ол пилоттық аймақтарды талқылауға көшетінімізді айтты, депутаттардың ұсыныстары болса ұсыныстарын айтуды сұрады.

Аққужина Б.Б. – Қамысты, Әулиекөл, Науырзым, Қостанай аудандарын пилоттық өңірлерге ұсынбауды ұсынды, өйткені бұл аудандарда әкімдер жақында ғана тағайындалды. Олар жақында өз жұмыстарын бастады.

Қ. Б. Оспанов - Федоров және Қарабалық аудандарын ұсынды. Өйткені бұл аудандар аграрлық және қоғамның дамуы үшін зор әлеуетке ие.

Г. К. Есеева - Қ. Б. Оспановтың ұсынысын қолдады.

Қарабаев Б. Ж. - Ұзынкөл және Меңдіқара аудандарын ұсынды.

Д. Е. Әлкенов - Рудный қаласын ұсынды.

С. Б. Қуанышбаев - Д. Е. Әлкеновтың ұсынысын қолдады.

А. Қ. Серғазинова - Денисов ауданын ұсынды, өйткені аудан қазір әкімсіз.

Т. Б. Булгацевич - А. Қ. Сергазинованың ұсынысын қолдады.

С. Ш. Манасбаев - Алтынсарин ауданын ұсынды.

Е. В. Сотников– С. Ш. Манасбаевтың ұсынысын қолдады.

Қ. С. Жаңбыршина - Лисаков қаласын ұсынды.

С. Е. Ещанов - Депутаттар нәтижесінде «8» өңірді ұсынғанын айтты:

Ұзынкөл, Меңдіқара, Алтынсарин, Денисов, Қарабалық, Федоров аудандары, Лисаков қаласы және Рудный қаласы.

Шешім мәслихат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданатынын еске салды. Егер дауыс беру кезінде мәслихат депутаттарының дауыстары тең бөлінген жағдайда, мәслихат төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

Нәтижесінде тізімге депутаттардың жалпы санының көпшілігі дауыс беретін өңірлер енгізілетін болады.

Депутаттар ұсынған әрбір өңірге жеке дауыс беруді және дауыс беру соңында қорытындыларды айтуды ұсынды. Есеп комиссиясының төрағасына хаттамада дауыс беру қорытындыларын белгілеп, соңында жалпы қорытынды беру керектігін айтты.

(есеп комиссиясының төрағасы дауыс беру қорытындыларын сессия

          Нәтижесінде депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен ұсынған өңірлердің бесеуі:

Алтынсарин, Денисов, Қарабалық, Федоров аудандары және Рудный қаласы дауысқа қолдау көрсетілгенін айтты.

ШЕШТІ:

Мәслихаттың «Пилоттық өңірлердің тізбесін және аудан, облыстық маңызы бар қала әкімінің сайлауын өткізу күнін белгілеу туралы» шешімі (дауыс беру қорытындысы: Рудный қаласы 24 - жақтап (бірауыздан қабылданды); Алтынсарин ауданы 23 – жақтап, 1 – қалыс қалды (көпшілік дауыспен қабылданды); Денисов ауданы 23 –жақтап, 1 - қалыс қалды(қабылданды ); Қарабалық ауданы 23-жақтап, 1 дауыс- қалыс қалды (көпшілік дауыспен қабылданды); Федоров ауданы 22 –жақтап, 2 дауыс – Қалыс қалды (көпшілік дауыспен қабылданды)) (сессия хаттамасына қоса беріледі).

 

  1. ТЫҢДАЛДЫ:

С.Е. Ещанов - Қостанай облыстық мәслихатының депутаты М.Ө.Ихтиляповтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.

СӨЗ СӨЙЛЕДІ:

С.Е. Ещанов - Қостанай облыстық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 138 қаулысы негізінде сессияның қарауына облыстық мәслихат депутаты Мәди Өмірзақұлы Ихтиляповтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе енгізілгенін, депутат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттық міндеттерді орындаумен сыйыспайтын лауазымға тағайындауға байланысты екенін айтты.

Дауыс беру рәсімін өткізді. -24 дауыс. Қарсы-0, қалыс қалды-0. (Бірауыздан).

ШЕШТІ:

Мәслихаттың «Қостанай облыстық мәслихатының депутаты М.Ө.Ихтиляповтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» шешімі бірауыздан қабылданды (сессия хаттамасына қоса беріледі). (24 дауыс үшін).

 

 

Қостанай облыстық

мәслихатының төрағасы                                                    С. Ещанов

Дата публикации
22 сентября 2023