Қостанай облыстық мәслихаты
сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясының
ХАТТАМАСЫ
Қостанай қ., сағат 15-00 2023 жылғы 1 қыркүйек
Сессияны Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы С.Е. Ещанов ашып, жүргізеді.
Отырыс хатшысы: Ж.С. Ақанова «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ бас маманы.
Барлық депутаттар саны-32
Қатысқан депутаттар-27
Қатыспаған депутаттар: М.К. Карбозов, Д. Ж. Мирасов, М. Р. Нұрмаған, Д. К. Өтебаева – іссапарда, М.С. Жутаев – аурухана.
Күн тәртібі қоса беріледі.
С.Е. Ещанов - Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы, сессия жұмысының регламентін айқындау.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
С.Е. Ещанов: Ол сегізінші шақырылымның кезектен тыс сессиясы облыстық мәслихат депутаттарының бастамасымен шақырылғанын айтты. Сессия қашықтық режимде өткізілуде.
32 депутаттың ішінен сессияға 27 қатысуда, сессия жұмысына қажетті кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.
Әлеуметтік желілерде отырыстың онлайн-көрсетілімі жүргізіліп жатқанына барлық қатысушылардың назарына салды! Көрсетілімге сілтеме мәслихаттың ресми интернет-ресурсында орналастырылған және бұқаралық ақпарат құралдарына жолданған.
Сессия жұмысының регламентін айқындауды және сессияның күн тәртібін бекітуді ұсынды.
Келесі жұмыс регламентін ұсынды: күн тәртібіндегі мәселелер үшін – 5 минутқа дейін, қалған баяндамалар, анықтамалар, сұрақтар, өтініштер, хабарламалар үшін – 2 минутқа дейін. Сессия шешімдерін ашық дауыс беру арқылы қабылдауды, дауыс беруді ұйымдастыруды және дауыстарды санауды ұсынды, сессияда төрағалық етуші мәслихат төрағасына өткізуді ұсынды.
Дауыс беру қашықтықтан жүргізілетінін айтты, сондықтан дауыстар санын тіркеудің ыңғайлылығы үшін ол келесі ретпен дауыс беруді ұсынды: кім дауысты мәселені қабылдауға қарсы немесе қалыс қалды алдымен өз шешімін айтады. Егер қарсы және қалыс қалғандар болмаса, онда мәселе Бірауыздан қабылданды деп саналады.
Сессия жұмысына ұсынылған регламенті үшін дауыс берді. -27 дауыс. Қарсы-0, қалыс қалды-0. (Бірауыздан).
ШЕШТІ: мәслихат сессиясының төрағасы ұсынған отырысты өткізу тәртібі мен дауыс беру тәртібі қабылдансын (жеке шешім қабылданбай, отырыстың хаттамасында тіркеледі). (27 дауыс үшін).
Ещанов С. Е.: сессияның күн тәртібінде 4 мәселе бар екенін хабарлады. Сессияның күн тәртібіне дауыс берді. -27 дауыс. Қарсы-0, қалыс қалды-0. (Бірауыздан).
ШЕШТІ: «Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы» сессияның шешімі бірауыздан қабылданды (сессияның хаттамасына қоса беріледі). (27 дауыс үшін).
С.Е. Ещанов - «Қостанай қаласында жол және қоғамдық қауіпсіздіктің зияткерлік жүйесімен тіркелген деректерді ұсыну жөніндегі қызметтер» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
А.С. Қашиев - Баяндама мәтіні қоса беріледі.
Ещанов С. Е.: Дауыс беру рәсімін өткізді. -27 дауыс. Қарсы-0, қалыс қалды-0. (Бірауыздан).
ШЕШТІ: Мәслихаттың «Қостанай қаласында жол және қоғамдық қауіпсіздіктің зияткерлік жүйесімен тіркелген деректерді ұсыну жөніндегі қызметтер» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы» шешімі бірауыздан қабылдансын (хаттамаға қоса беріледі). (27 дауыс үшін).
С.Е. Ещанов - Мәслихаттың 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 539 «Қостанай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
С.Е. Ещанов - Бұл мәселе мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында толық қаралғанын айтты. Дауыс беру рәсімін өткізді. 27 дауыс. Қарсы-0, қалыс қалды-0. (Бірауыздан).
ШЕШТІ: Мәслихаттың «Мәслихаттың 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 539 «Қостанай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі бірауыздан қабылдансын (хаттамаға қоса беріледі). (27 дауыс үшін).
С.Е. Ещанов - Мәслихаттың 2022 жылғы 14 қазандағы № 224 «Облыстық жер комиссиясы құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
С.Е. Ещанов – Бұл мәселе мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында толық қаралғанын айтты. Дауыс беру рәсімін өткізді. 27 дауыс. Қарсы-0, қалыс қалды-0. (Бірауыздан).
ШЕШТІ: Мәслихаттың «Мәслихаттың 2022 жылғы 14 қазандағы № 224 «Облыстық жер комиссиясы құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі бірауыздан қабылдансын (хаттамаға қоса беріледі). (27 дауыс үшін).
С.Е. Ещанов - Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдарды оңалту және қоғамға кіріктіру мәселелері жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
С.Е. Ещанов – Бұл мәселе мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында толық қаралғанын айтты. Дауыс беру рәсімін өткізді. 27 дауыс. Қарсы-0, қалыс қалды-0. (Бірауыздан).
ШЕШТІ: Мәслихаттың «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдарды оңалту және қоғамға кіріктіру мәселелері жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешімі бірауыздан қабылдансын (хаттамаға қоса беріледі). (27 дауыс үшін).
Қостанай облыстық
мәслихатының төрағасы С. Ещанов