Мәслихаттың 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 260 «Қостанай облысының 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мәслихаттың 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 260 «Қостанай облысының 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

         Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 260 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 176051 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: 

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қостанай облысының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 

1) кірістер – 501 355 425,3 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсімдер бойынша – 15 071 120,0 мың теңге; 

салықтық емес түсімдер бойынша – 7 510 983,2 мың теңге; 

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 27 602,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 478 745 720,1 мың теңге;   

2)   шығындар – 474 612 242,4 мың теңге; 

3)   таза бюджеттiк кредиттеу – 22 329 236,0 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттік кредиттер – 30 047 740,0 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу – 7 718 504,0 мың теңге;

4)   қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 30 341 134,0 мың теңге;

5)   бюджет тапшылығы (профициті) – - 25 927 187,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –              25 927 187,1 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 2 және 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2 және              3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.   

 

 

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қостанай облыстық

мәслихатының төрағасы                                                 С. Ещанов    

Дата публикации
08 сентября 2023