«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 5) тармағына, Мәслихаттың 2018 жылғы 2 ақпандағы № 229 «Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» Қостанай облыстық мәслихаты шешімінің жобасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларының 2-Тарауы, 5-тармағына сәйкес әзірленді, Егер жергілікті атқарушы орган белгілеген жолаушыларды тасымалдау тарифі тарифтерді есептеу әдістемесіне сәйкес анықталған жолаушыларды тасымалдау тарифінен төмен болса, аталған маршрут әлеуметтік мәні бар тасымалдаулар санатына жатады.
Аталған шешім жобасын қабылдаудың мақсаты маршруттарды әлеуметтік маңызы бар санатқа тану болып табылады. Шешім жобасын қабылдау жолаушылар тасымалының рентабельділігін арттырады және тұрақты қатынастардың жабылуына жол бермейді.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14249122 орналастырылды.