«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшерін белгілеу туралы» қаулы жобасына баспасөз-релизі

«Мемлекеттік жалға берілетін үйдегі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы қаулы жобасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Бұйрығына сәйкес әзірленген.

Көрсетілген қаулы жобасының  қабылдау мақсаты Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшерін белгілеу.

Қаулы жобасы «Электрондық Үкімет» порталында ашық НҚА https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13724256 бөлімінде орналастырылды.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшерін белгілеу туралы» қаулы жобасына баспасөз-релизі
Дата публикации
08 декабря 2021