«Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қызметі
туралы есебі
«Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысына сәйкес тегін негізде мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді:
2025 жылы «Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ көрсетілген – 73 мемлекеттік қызмет:
31 қызметтер көрсету (сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік жер учаскелеріне құқықтарды алу).
42 қызметер (атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (отбасына) тиесілігін растайтын анықтама беру).
«Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимараты ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету ережесі орналастырылған, олармен қызметті алушы таныса алады, сондай- ақ округ тұрғындарының өзіндік жұмысы үшін арналған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» бар.
«Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ индекс – 111316, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Харьковское ауылы, Центральная көшесі - 28, мекен бойынша орналасқан. Байланыс телефоны 8(71443)32-0-33, электрондық пошта: sosnaakimat@mail.kz
Қызмет алушылардың көрсетілетін көрсету сапасымен қанағаттанушылық деңгейін арттыру мақсатында, 2024 жылы Соснов ауылдық округі әкімінің аппаратымен БАҚ-та және Меңдіқара ауданының әкімі сайтында жарияланымдар жоспарланған.