1-бөлім. Негізгі әлеуметтік экономикалық көрсеткіштер
2026 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдық округ халқының саны 1 317 адам, отбасы саны – 502, аула саны – 462.
Ауыл шаруашылығы:
Округ бойынша ІҚМ басы – 2500 бас, жылқы – 2628 бас, ұсақ мал – 3010 бас, шошқа – 3167 бас, құс – 2728 бас.
Ауылдық округтің жалпы аумағы – 102 ,1 мың га, оның ішінде: егістік – 42,3 мың. га, жайылымдық – 35,5 мың. га, елді мекендердің жерлері – 11,4 мың. га.
Кәсіпкерлік
Ауылдық округте сауда саласында 28 шағын кәсіпкерлік субъектісі.
Білім
Соснов ауылдық округінің аумағында 2 мектеп бар:
- Харьковское ауылындағы орта мектепте – 159 оқушы, мектепке дейінгі 13 бала.
- Каменскуральское ауылындағы орта мектепте – 77 оқушы, мини центр мен мектепке дейінгі 11 бала.
Харьковское ауылында "Ақбота" бала бақшасы жұмыс істейді, балалар саны – 35, тәрбиешілер саны – 4.
Денсаулық сақтау
Ауылдық округ тұрғындарына медициналық қызмет көрсету қамтамасыз етіледі:
- Харьковское ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт,
- Каменскуральское ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт. Барлық фельдшерлік-акушерлік пункттер медициналық қызметкерлермен қамтылған және медициналық жабдықтармен жабдықталған.
Мәдениет
Мәдениет мекемелерінің желісі екі кітапханамен және мәдениет үйімен ұсынылған.
Харьков ауылында кітап қоры бар ауылдық кітапхана жұмыс істейді – 13 648 дана, оқырмандар саны – 650 адам. Кітап беру – 14 950 кітап.
Каменскуральское ауылында кітап қоры бар ауылдық кітапхана жұмыс істейді – 2 861 дана, оқырмандар саны – 475 адам. Кітап беру – 10 350 кітап.
Харьков ауылындағы мәдениет үйінде: би, вокалдық және қолдан жасалған оригами үйірмелері өткізіледі. Келу саны – 50 адам.
2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларына сәйкес жүзеге асырылды.
Меңдіқара аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 172 «Меңдіқара ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімімен 2025-2027 жылдарға арналған ауылдың, ауылдық округтердің бюджеттеріне аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі бекітілді.
«Меңдіқара аудандық мәслихатының 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 236 «Меңдіқара ауданының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 177 «Меңдіқара ауданының ауыл, ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімімен Соснов ауылдық округінің бюджетіне өзгерістер енгізілді
Бөлім 2 «Бюджет түсімдері мен шығыстары Соснов ауылдық
округі»
Түсімдер
Соснов ауылдық округінің кірістері (трансферттер түсімін есепке алмағанда) 2025 жылға – 22 672,0 мың. теңге, 2026 жылға – 27 393,0 мың. теңге, 2027 жылға – 27 745,0 мың. теңге.
Аудандық бюджеттен ауыл бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі «Меңдіқара ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы»" 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 172 шешімімен бекітілген, 2025 жылға – 10 890,0 мың теңге, 2026 жылға – 9 799,0 мың теңге, 2027 жылға барлығы 9 823,0 мың теңге көлемінде. 2025 жылғы жоғары тұрған бюджеттерге бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер – 56 137,9 мың.теңге.
Кірістер
мың теңге
|
Атауы |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
|
Кірістер, оның ішінде: |
86 699,9 |
37 192,0 |
37 568,0 |
|
Салықтық түсімдер |
20 000,0 |
22 680,0 |
22 994,0 |
|
Салықтық емес түсімдер |
113,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
2 559,0 |
4 713,0 |
4 751,0 |
|
Трансферттер түсімдері, оның ішінде: |
67 027,9 |
9 799,0 |
9 823,0 |
|
Ағымдағы нысаналы трансферттер |
56 137,9 |
0,0 |
0,0 |
|
Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен субвенциялар |
10 890,0 |
9 799,0 |
9 823,0 |
|
Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары |
0,0 |
|
|
Салық төлемдерінің жалпы көлемінде негізгі үлес жеке табыс салығына 8 071,0 мың.теңге немесе 40,3 %, бірыңғай жер салығы 5 997,0 мың.теңге немесе 30,0 % сомасында келеді.
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер осы санат бойынша жер және материалдық емес активтерді сатудан 2 559,0 мың теңге немесе жалпы түсімнің 100% сомасында түсімдер жоспарланған.
Кірістер 2025 жыл
Кірістер 2026 жыл
Кірістер 2027 жыл
2026 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің кірістерінің (трансферттердің түсімін есепке алмағанда) болжамы 27 393,0 мың.теңге мөлшерінде анықталды.
2027 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің кірістерінің (трансферттердің түсімін есепке алмағанда) болжамы 27 745,0 мың.теңге мөлшерінде анықталды.
2025-2027 жылдарға арналған субвенция (аудандық бюджеттен аударылған бюджеттік қаражат) сәйкесінше 10 890,0 мың.теңге, 9 799,0 мың.теңге және 9 823,0 мың.теңгені құрайды.
2025 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттер 56 137,9 мың теңгені құрайды.
Шығындар
Соснов ауылдық округінің 2025-2027 жылдардарға арналған, 2025 жылға – 90 511,9 мың.теңге, 2026 жылға – 37 192,0 мың. теңге, 2027 жылға – 37 568,0 мың. теңге мөлшерінде анықталды.
мың теңге
|
Атауы |
2025 год |
2026 год |
2027 год |
|
Шығындар |
90 511,9 |
37 192,0 |
37 568,0 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
36 858,3 |
31 752,0 |
32 038,0 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
8 132,7 |
1 730,0 |
1 770,0 |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік |
1 768,4 |
2 170,0 |
2 180,0 |
|
Көлік және коммуникация |
43 751,7 |
1 540,0 |
1 580,0 |
|
Трансферты |
0,8 |
|
|
Шығындар 2025 жыл
Шығындар 2026 жыл
Шығындар 2027 жыл
Соснов ауылдық округі бюджетінің басым шығыстары 2025-2027 жылдарға арналған
Осы топ бойынша өзіне жүктелген функцияларды, міндеттерді барынша тиімді орындауға қол жеткізу үшін штат саны 5 бірлік Соснов ауылдық округі әкімі аппаратын ұстауға арналған шығындар көзделген.
мың теңге
|
Іс-шаралар атауы |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
|
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметтер. |
36 858,3 |
31 752,0 |
32 038,0 |
Мәдениет, спорт саласындағы шығыстар,
туризм және ақпараттық кеңістік
Осы функционалдық топта дене шынықтыру мен спортты дамыту, халық арасында бұқаралық ұлттық спорт түрлерін өткізу үшін спорт бойынша әдіскерді ұстауға арналған шығыстар көзделген.
мың теңге
|
Іс-шаралар атауы |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
|
Жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорт іс-шараларын өткізу |
1 768,4 |
2 170,0 |
2 180,0 |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында үш жылдық кезеңге 11 632,7 мың. теңге қарастырылды, оның ішінде 2025 жылы – 8 132,7 мың. теңге, 2026 жылы – 1 730,0 мың. теңге, 2027 жылы – 1 770,0 мың. теңге
мың теңге
|
Іс-шаралар атауы |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
|
Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру |
6 675,4 |
810,0 |
830,0 |
|
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету |
400,0 |
410,0 |
420,0 |
|
Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру |
1 057,3 |
510,0 |
520,0 |
АЕМ көшелерін жарықтандыру бағдарламасы бойынша 110 дана көше шамдарын ұстау және тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлеу бойынша іс-шаралар көзделген. Харьковское ауылдағы Жастар, Набережная, Придорожная, Элеваторная көшелерінде жаңа көше жарығын орнату жоспарлануда.
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету үшін қалдықтарды жинау және шығару шаралары қарастырылған.
Ауылды абаттандыру және көгалдандыру бағдарламасы бойынша саябақты көгалдандыру, стадион мен саябақты ағымдағы жөндеу, ауылдық округтің елді мекендерін абаттандыру көзделген, баннерлердіөндіру және ауыстыру.
Көлік және коммуникация
Көлік және коммуникация саласындағы шығыстар ұзындығы 33,7 км ауылдық округтің елді мекендеріндегі жолдардың көшелердің жұмыс істеуі мен күтіп-ұстау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға бағытталатын болады. Харьковское ауылындағы Набережная көшесіне (650 м) және Каменскуральское ауылындағы Новая көшесіне (300 м) орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Каменскуральское кентіндегі Жастар және Придорожная көшелері, Харьковское жолағы және Набережная және Ленина көшелері орташа жөндеу құжаттамасына ведомстволық сараптама жүргізілді.
мың теңге
|
Іс-шаралар атауы |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
|
Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, поселкелерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету |
43 751,7 |
1 540,0 |
1 580,0 |