v
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысы
ХАТТАМАСЫ № 1
Харьков ауылы 2025 жылғы 13 қаңтар
әкімдік сағат 10-00
Ашады: Сабыр Балабатырұлы Советов – Соснов ауылдық округінің әкімі, ол ашық дауыс беру арқылы жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасын сайлауды ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы лауазымына Анатолий Николаевич Шабановтың кандидатурасын сайлауды ұсынды.
Дауыс саны барлығы 7, оның ішінде «қарсы емес» – 7, «қарсы» – 0, «қалыс қалды» – 0, жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы А. Н. Шабанов бірауыздан сайланды.
Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы: А. Н. Шабанов (зейнеткер) – ашық дауыс беру арқылы жергілікті қоғамдастық жиналысының хатшысын сайлауды ұсынды.
Жергілікті қоғамдастық жиналысының хатшысы лауазымына Оксана Владимировна Шрейдердің кандидатурасын сайлауды ұсынды.
Дауыс саны барлығы 7, оның ішінде «қарсы емес» – 7, «қарсы» – 0, «қалыс қалды» – 0, жергілікті қоғамдастық жиналысының хатшысы О. В. Шрейдер бірауыздан сайланды. (Соснов ж. м. мұғалімі).
Жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері:
Грабчук Лидия Дмитриевна–зейнеткер
Лозновой Сергей Анатольевич – «Уакпаев М. К.» ШҚ агрономы
Кұрманғалиева Гүлзира Кикбайқызы – жеке кәсіпкер
Палаус Валентина Владимировна – өзін-өзі жұмыспен қамтыған
Ташкенова Гүлмира Ғабитқызы – жеке кәсіпкер
Федоренко Оксана Владимировна – «Родник kst»ЖШС директоры
Қатысқандар: С. Б. Советов – Соснов ауылдық округінің әкімі,ауылдық округ әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері, ауылдық округ тұрғындары, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары қатысты.
Жергілікті бірлестік жиналысының төрағасы: Шабанов А. Н. (зейнеткер) «2025-2027 жылдарға арналған Соснов ауылдық округі бюджетінің туралы» күн тәртібін бекітуді ұсынады. Дауыс саны барлығы 7 дауысберді. Қолдағандар - 7, «қарсыболғандар» - 0, «қалысқалғандар» - 0. Бірауыздан қабылданды.
КҮН ТӘРТІБІ
(Шабанов А. Н., Советов С.Б.)
СӨЙЛЕДІ: Советов Сабыр Балабатырұлы – Соснов ауылдық округінің әкімі, қатысушыларды Соснов ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын қарау және бекіту қажеттігін хабардар етті.
Соснов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың 2025-2027 жылдарға арналған даму бағдарламасының жобасы туралы ақпаратты тыңдап, жергілікті қоғамдастықтың бекітуіне ұсынылған ШЕШІМ қабылданды:
1..Соснов ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы ескертулерсіз және ұсыныстарсыз келісілсін.
Шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданды. Дауыс саны барлығы 7, оның ішінде "Қолдағандар" - 7, "қарсы болғандар" - 0, "қалыс қалғандар" - 0.
Бірауыздан қабылданды.
Комиссия төрағасы ___________ Шабанов А. Н.
Қоғамдық кеңестің хатшысы ___________ Шрейдер О.В.