Мәслихаттың 2023 жылғы 13 қазандағы № 68 «Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Михайлов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39 - 3 - бабы 6 – тармағына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі тақырып өзгермейді:
«Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Михайлов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»;
көрсетілген шешімнің 2 – қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.