«Меңдіқара ауданының Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
2025 жылғы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қызметі
туралы есебі
«Меңдіқара ауданының Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысына сәйкес тегін негізде мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді:
2025 жылы «Меңдіқара ауданының Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ – 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді (сауда-саттықты, (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік жер учаскелеріне құқықтарды алу).
«Меңдіқара ауданының Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратының ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету ережесі орналастырылған, олармен қызметті алушы таныса алады, сондай- ақ округ тұрғындарының өзіндік жұмысы үшін арналған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» бар.
«Меңдіқара ауданының Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Ұзынағаш ауылы, Б. Момышұлы көшесі, 7, индекс – 111317 мекен – жайында орналасқан. Байланыс телефоны 8 (71443) 34439, e-mail: akimat-karatal@mail.kz
Қызмет алушылардың көрсетілетін көрсету сапасымен қанағаттанушылық деңгейін арттыру мақсатында, 2026 жылы Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппаратымен БАҚ-та және Меңдіқара ауданының әкімі сайтында жарияланымдар жоспарланған.