Азаматтық бюджет
Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің
2025 - 2027 жылдарға арналған.
1-бөлім. Негізгі әлеуметтік экономикалық көрсеткіштер.
Қарақоға ауылдық округінің құрамына Ұзынағаш, Байғожа, Төленгіт, Құлшықай елді мекендері кіреді. Әкімшілік орталығы – Ұзынағаш а.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдық округ тұрғындарының саны 812 адамды құрайды, отбасы саны-192, аула саны-197.
Экономикалық белсенді халық саны – 682 адамды, жұмыс істейтіндер – 523 адамды, өзін – өзі жұмыспен қамтығандар – 40 адамды, зейнеткерлер – 84 адамды, студенттер-19 адамды, жұмыссыздар-17 адамды құрады.
Ауыл шаруашылығы:
Округ бойынша ІҚМ –547 бас, ұсақ мал – 1752 бас, жылқы - 1337бас, құс - 911 бас.
Ауылдық округтің жалпы аумағы - 45,1 мың га құрайды, оның ішінде: елді мекендер - 9 359 га, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 8325 га, жайылымдар - 8 266 мың га.
Ауылдық округте өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы саласында 3 ЖШС, 25 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Базалық кәсіпорындар: «Береке – Таң» ЖШС, «АгроКом - Лэнд» ЖШС, «Ахметов Ж.Ж.» Ш/Қ, «Ахметов А. Ж.» Ш/Қ болып табылады.
Кәсіпкерлік:
Ауылдық округте сауда саласында 2 шағын кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді.
Білім :
Ауылдық округте 2 мектеп жұмыс істейді, білім алатын балалардың жалпы саны 59 адамды құрайды:
- Ұзынағаш ауылындағы орта мектепте 55 оқушы: мектепалды даярлық сыныбында 4 бала және шағын орталықта - 16 бала. Қаратал орта мектебіндегі педагогтардың жалпы саны - 21 адам.
- Құлшықай ауылындағы бастауыш мектеп - 6 оқушы, мемлекеттік тілде оқытатын мектеп, оның ішінде мектепалды даярлық сыныбында 6 оқушы, шағын орталықта 0 бала. Жарсуат бастауыш мектебіндегі педагогтардың жалпы саны – 2 адам.
Байғожа, Төленгіт, Құлшықай ауылдарынан Қаратал жалпы білім беретін мектебіне 6 баланы мектепке тасымалдау жүзеге асырылады.
Денсаулық сақтау:
Ауылдық округ тұрғындарына медициналық қызмет көрсету қамтамасыз етіледі:
- Ұзынағаш ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт, Төленгіт, Құлшықай ауылдарындағы медициналық пункттер. Барлық медициналық пункттер мен фельдшерлік - акушерлік пункт медициналық қызметкерлермен жасақталған және қажетті медициналық жабдықтармен жарақталған.
Мәдениет:
Мәдениет мекемелерінің желісі 3 кітапханадан тұрады. Ұзынағаш ауылында 5000 дана кітап қоры бар ауылдық кітапхана жұмыс істейді, оқырмандар саны - 700 адам. Кітап берілімі - 16 100 кітапты құрайды. Төленгіт ауылында - 4 000 дана кітап қоры бар ауылдық кітапхана жұмыс істейді, оқырмандар саны - 100 адам. Кітап берілімі - 2 300 кітапты құрайды. Құлшықай ауылында 3 800 дана кітап қоры бар ауылдық кітапхана жұмыс істейді, оқырмандар саны - 120 адам. Кітап берілімі - 2 760 кітапты құрайды
Спорт:
Спорт инфрақұрылымы мектеп базасында тұрғындар арасында спорт секцияларын өткізуге еркін қол жетімді спорт мекемелерімен ұсынылған: футбол стадионы, спорт залы.
2024-2026 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларына сәйкес жүзеге асырылды.
Меңдіқара аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №172 "Меңдіқара ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімімен 2025-2027 жылдарға арналған ауылдың, ауылдық округтердің бюджеттеріне аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі белгіленді.
Ауылдық округ бюджеті Меңдіқара аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №177 "Меңдіқара ауданының ауылдар, ауылдық округтер бюджеттері туралы 2025-2027 жылдар".
2-бөлім. « Қарақоға ауылдық округінің бюджеттің түсімдері мен шығыстары»
Түсімдер
Қарақоға ауылдық округінің кірістері (трансферттер түсімдерін есепке алмағанда) 2025 жылға 6 095,0 мың теңгені, 2025 жылға 6158,0 мың теңгені, 2026 жылға 6219,0 мың теңгені құрайды.
Аудандық бюджеттен ауыл бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 172 "Меңдіқара ауданының 2025 - 2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімімен 2025 жылға 22 456,0 мың теңгені, 2026 жылға 25 875,0 мың теңгені, 2027 жылға 25 266,0 мың теңгені құрайды. 2025 жылға арналған жоғары тұрған бюджеттерден бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер – 5 053,0 мың теңге.
2025 жыл
2026 жыл
2027 жыл
мың теңге
|
Атауы |
2025 жыл (жоспар) |
2026 жыл (болжам) |
2027 жыл (болжам) |
|
Кірістер, оның ішінде: |
33 604,0 |
32 033,0 |
32 180,0 |
|
Салықтық түсімдер |
6 095,0 |
6 158,0 |
6 219,0 |
|
Салықтық емес түсімдер |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
0,0 |
0,0 |
695,0 |
|
Трансферттер түсімі, оның ішінде: |
27 509,0 |
25 875,0 |
25 266,0 |
|
Трансферттер |
5 053,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен субвенциялар |
22 456,0 |
25 875,0 |
25 266,0 |
2025 жылға салықтық түсімдер.
2025 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің кірістер болжамы (трансферттер түсімін есепке алмағанда) 6 095,0 мың теңге сомасында айқындалған.
Салық төлемдерінің жалпы түсімінің негізгі үлесі төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан алынатын жеке табыс салығы - 2 148,0 мың теңге, бұл 35,2% құрайды, жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық - 2 057,0 мың теңге, бұл 33,7%, 1 769,0 мың теңгені немесе 29% құрайтын бірыңғай жер салығына тиесілі.
2026 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің кірістер болжамы (трансферттер түсімін есепке алмағанда) 6 158,0 мың теңге сомасында айқындалған.
2027 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің кірістер болжамы (трансферттер түсімін есепке алмағанда) 6 219,0 мың теңге сомасында айқындалған
Шығыстар
Қарақоға ауылдық округінің 2025 - 2027 жылдарға арналған шығыстары 2025 жылға - 33 604 ,0 мың теңге, 2026 жылға - 32 033,0 мың теңге, 2027 жылға - 32 180,0 мың теңге сомасында айқындалды
2025 жылға арналған шығыстар
2026 жылға арналған шығыстар
2027 жылға арналған шығыстар
мың теңге
|
Атауы |
2024жыл (жоспар) |
2025жыл (болжам) |
2026жыл (болжам) |
|
Шығындар |
33 604,0 |
32 033,0 |
32 180,0 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
28 990,0 |
25 875,0 |
25 266,0 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
2 200,0 |
718,0 |
740,0 |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік |
1214,0 |
1 215,0 |
1 215,0 |
|
Көлік және коммуникация |
1200,0 |
1230,0 |
1260,0 |
Бюджеттің басым шығыстары
Қарақоға ауылдық округінің
2025 -2027 жылдарға арналған
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
Осы топ бойынша штат саны 4 бірлік Қарақоға ауылдық округі әкімі аппаратын ұстауға арналған шығындар көзделген.
мың теңге
|
Іс-шаралар атауы |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
|
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер |
33 604,0 |
32 033,0 |
32 180,0 |
|
БАРЛЫҒЫ |
33 604,0 |
32 033,0 |
32 180,0 |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында үш жылдық кезеңге 3, 658,0 мың теңге көзделген, оның ішінде 2025 жылы-2 200,0 мың теңге, 2026 жылы - 718,0 мың теңге, 2027 жылы - 740,0 мың теңге.
2024-2026 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығыстары
мың теңге
|
Іс-шаралар атауы |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
|
Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру |
300,0 |
308,0 |
315,0 |
|
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету |
1 650,0 |
155,0 |
160,0 |
|
Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру |
250,0 |
255,0 |
265,0 |
АЕМ көшелерін жарықтандыру бағдарламасы бойынша 10 дана көше шамдарын ұстау және тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлеу бойынша іс-шаралар көзделген.
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша рұқсат етілмеген полигондарды әкету көзделген.
Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бағдарламасы бойынша ауылдық округті абаттандыру, құдықтарды, қоршауларды, балалар және спорт алаңдарын әктеу, сырлау, ескерткіш пен ауылдық округ көшелерін тиісті түрге келтіру, сондай-ақ елді мекенде қоршау орнату жөніндегі іс-шаралар көзделген.
Мәдениет, спорт саласындағы шығыстар,
туризм және ақпараттық кеңістік
Халық арасында дене шынықтыру мен спортты, ұлттық және бұқаралық түрлерді дамыту үшін спорт әдіскерін ұстауға шығындар көзделген.
мың теңге
|
Іс-шаралар атауы |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
||
|
|
|||||
|
Жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу |
1 214,0 |
1 215,0 |
1 215,0 |
||
|
ЖИЫНЫ |
1 214,0 |
1 215,0 |
1 215,0 |
||
Көлік және коммуникация
Көлік және коммуникация саласындағы шығыстар жол белгілерін орнату жөніндегі іс - шараларды қаржыландыруға, сондай-ақ жалпы ұзындығы 19,8 км (Ұзынғаш ауылы - 12,8 км., Байғожа ауылы - 1,3 км., Құлшұқай ауылы-3,1 км., Төленгүт ауылы - 2,6 км) ауылдық округтің кентішілік жолдарының жұмыс істеуіне бағытталатын болады және мыналарды құрайды:
мың теңге
|
Іс-шаралар атауы |
2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл |
|
Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
1 200,0
|
1 230,0 |
1 260,0 |