Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39 - 3 - бабы 6 - тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін. 2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін. 3. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 5 мамырдағы № 120 «Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешімі жойылсын. 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
23 ноября 2023