Ол үшін:
1. Egov.kz порталына кіріңіз;
2. Іздеу жолы арқылы «Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» қызметін табыңыз;
3.Қызметті онлайн сұратыңыз;
4. Аты-жөніңіз, тегіңіз жайлы ақпаратты толықтай жазып шығыңыз;
5. Аты-жөніңіздегі өзгерістер жайлы жазбалар тіркелген АХАТ бөлімі және дайын құжатты алатын ХҚО мекенжайы туралы деректерді порталға енгізіңіз;
6. Екінші қадамда қызмет үшін мемлекеттік БАЖ салығын төлеңіз;
7. Үшінші қадамда төлем мәртебесі жайлы ақпаратты «жаңарту» арқылы порталға шығарыңыз;
8. Төртінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;
9. Қызметтің нәтижесін жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан көре аласыз.
Қызмет құны 1 айлық есептік көрсеткіш.
Қызмет АКТ жазбалары сұрауының орындалуына қарай 30 күнтізбелік күнге дейін созылуы мүмкін.