ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларының 7-тармағының 3-тармақшасына сәйкес «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен жария талқылау үшін 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпаратты орналастырады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын мемлекеттік органның интернет-ресурсында жария талқылау мерзімі орналастырылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кем болмауы тиіс екенін ескертеміз. Ескертулер және (немесе) ұсыныстар mendzan@mail.ru, электрондық мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз, өйткені Меңдіқара ауданы әкімінің сайты кері байланысты көздемейді.
2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат
|
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге) |
Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың нысаналы топтары |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және Меңдіқара ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтендіру және оңалту |
600 000 |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары. | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың өміріне қатысуға қоғамдық және мемлекеттік ресурстарды қосу. Олардың жоғалған әлеуметтік пайдалы байланыстарын қалпына келтіру. Өз тарапынан қылмыстың қайталануының алдын алу.Проблемаларды шешу үшін бостандыққа шыққаннан кейін сотталған адамға ұсынылуы қажет қызметтердің ауқымын анықтау |