ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларының 7-тармағының 3-тармақшасына сәйкес «Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен жария талқылау үшін 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпаратты орналастырады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын мемлекеттік органның интернет-ресурсында жария талқылау мерзімі орналастырылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кем болмауы тиіс екенін ескертеміз. Ескертулер және (немесе) ұсыныстар mendiqaraovp@mail.kz электрондық мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз, өйткені Меңдіқара ауданы әкімінің сайты кері байланысты көздемейді.
2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат
|
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге) |
Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың нысаналы топтары |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
Діни сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ этносаралық және ұлтаралық келісім мен толеранттылықты нығайтуға бағытталған іс-шараларды өткізу |
950 000 |
Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асырудың 2021 – 2023 жылдарға арналған Кешенді жоспарын бекіту туралы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 953 қаулысы. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы № 70-IV Заңы. «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» |
Аудан тұрғындары |
Халықтың діни сауаттылығын қалыптастыру, қазақ халқының бірлігін нығайту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру |