2026 жылдың қаңтары -ақпаны бойынша Меңдіқара ауданының әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы ақпарат

  • Өнеркәсіп. Аудан кәсіпорындарында өнеркәсіп өнімі 1 131,9 миллион теңге сомасында шығарылған. Нақты көлем индексі - 189,8%.
  • Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының өнімнің жалпы шығарылымы 1 359,7 миллион теңге немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіне 110,2% құрады.
  • Ет 451,2 тонна, сиыр сүті - 2047,7 тонна, тауық жұмыртқасы - 83,4 мың санында өндірілген.
  • Мал мен құстар саны 2026 жылдың 1 наурызына құрады: ІҚМ - 20 724 бас немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіне 101,3%, сонымен қатар сиырлар - 10 435 бас немесе 105,0%, жылқылар - 13 075 бас немесе 102,4%, қойлар мен ешкілер 23 224 бас немесе 100,3%, шошқалар - 3 915 бас немесе 101,9%, құстар - 65,9 мың бас немесе 103,8%.
  • Шағын және орта кәсіпкерлік. 2026 жылдың 1 наурызына ауданда шағын және орта бизнестің 1 257 субъектісі жұмыс істейді, оның ішінде (2025 жылдың 1 қазанына Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша) 3 327 адам жұмыс істейді. ШОБ субъектілерімен өнім шығарылымы 2025 жылдың қаңтары - қыркүйегі бойынша 30,369 миллиард теңгені құрады.
  • Негізгі капиталға салынған инвестициялар 16,0 миллион теңгені құрады немесе 2025 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 7,0%.

Инвестициялардың негізгі үлесі кәсіпорынның, ұйымдардың және тұрғындардың жеке және қарыздық қаражаттары - 100,0%.

Құрылыс жұмыстары. Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үй ғимаратының жалпы алаңы 53,0 шаршы метр пайдалануға енгізілген немесе 2025 жылдың қаңтары - ақпанына 21,8%.

Тұрғын үй құрылысына инвестициялар - 13,0 миллион теңгені құрады,   2025 жылдың ұқсас кезеңіне НКИ - 118,2%.

Сауда. Бөлшек сауданың көлемі 1 502,7 миллион теңге немесе                  2025 жылдың қаңтары - ақпанына 99,9%  құрады.

Көтерме сауданың айналымы 177,2 миллион теңге құрады, НКИ - 377,2%.

Өмір сүру деңгейі. Бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы аудан кәсіпорындарында 2025 жылдың қаңтары - қыркүйегі 290 037 теңгені құрады немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 109,2%.

Қаржы. Аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 103,1% орындалған,  жоспарда 584,4 миллион теңге, 602,7 миллион теңге түсті. Шығыс бөлігінің орындалуы 100,0% немесе 497,9 миллион теңгені құрады.

 

 

Дата публикации
18 марта 2026