1) "Меңдіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ дене шынықтыру мен спортты дамытуды қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Орналасқан жері:111300,Қостанай облысы,Меңдіқара ауданы, Боровское ауылы, Королев көшесі 5, байланыс телефоны: 871443-2-40-17,электрондық пошта мекенжайы: sport_mendykara2024gr@mail.ru
2)Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес бөлім 1 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1 (бір) мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
1 (бір) мемлекеттік қызмет қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бөлім қызметшілері "мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген стандарттар мен регламенттерді (1 бекітілген стандарт пен регламент) басшылыққа алады.
3) ең көп сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
спорттық разрядтар беру: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы және біліктілік санаттарын беру: екінші санатты жоғары біліктілік деңгейіндегі жаттықтырушы, екінші санатты орта біліктілік деңгейіндегі жаттықтырушы, екінші санатты жоғары біліктілік деңгейіндегі әдіскер, екінші санатты орта біліктілік деңгейіндегі әдіскер, екінші санатты жоғары біліктілік деңгейіндегі нұсқаушы-спортшы, спорттық төреші – 0 қызмет көрсетілді.
2.Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру мақсатында Бөлімнің жауапты қызметшілері түрлі семинарларға ,дөңгелек үстелдерге, Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңестерге қатысады. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімі туралы білікті консультация алады.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Бөлім көрсететін барлық мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған.
4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1)Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат(қосымша).
2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
2)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері. 2025 жылдың кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу жағдайлары тіркелген жоқ.
4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
5.Бұдан әрі тиімділік перспективалары және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру – тиімділікті арттыру мақсатында жаттықтырушылармен, спортшылар мен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңестер жоспарланған.
2026 жылы жоспарлар:
-мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсету бойынша барлық шараларды қабылдау;
-бөлім ұсынатын мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімі туралы көрсетілетін қызметті алушыларды хабардар ету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізу;
-осы есепті жария талқылауды жүргізу.