Инвестициялардың негізгі үлесі кәсіпорынның, ұйымдардың және жеке мен қарыздық қаражаттары - 72,0% құрайды. Инвесторлар үшін тартымды бұл ауыл шаруашылығы саласы (67%), көлік пен жинақтау (29,7%), жылмайтын мүлікпен операциялар (1%), білім беру (0,9%), мемлекеттік басқару мен қорғаныс (0,8%), денсаулық сақтау мен тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсету (0,6%.) болып табылады.
Құрылыс жұмыстары. Құрылыс - монтаж жұмыстарының көлемі 1593 миллион теңгені, НКИ 76,5%. Тұрғын үй ғимаратының жалпы алаңы 822,0 шаршы метр пайдалануға енгізілген немесе 2024 жылдың маусымына 57,5% (2024 ж - 1430 ш.м.).
Сауда. Бөлшек сауданың көлемі 3 762,5 миллион теңге немесе 2024 жылдың маусымына 100,2% құрады.
Көтерме сауданың айналымы 961,5 миллион теңге құрады, НКИ - 100, 2%.
Қаржы. Аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 92,3% орындалған, жоспарда 2719,9 миллион теңге, 2 511,6 миллион теңге түсті. Шығыс бөлігінің орындалуы 88,2% немесе 2382,8 миллион теңгені құрады.
Өмір сүру деңгейі. Бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы аудан кәсіпорындарында 2025 жылдың қаңтары - наурызы бойынша 258 591 теңгені құрады немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 105,0%.